Home » Оқу-әдістемелік материалдар » МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНЕ КӨПТІЛДІЛІК БІЛІМДІ ЕНГІЗУ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНЕ КӨПТІЛДІЛІК БІЛІМДІ ЕНГІЗУ

 

«Тілдің үштұғырлығы – әлемді танудың тамаша мүмкіндігі және сонымен қоса қоғамды біріктіреді»

                              Н.А. Назарбаев, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы

Үкімет «Тілдердің үш тұғырлығы мәдени жобасын іске асыруын жеделдеуі тиіс деп алдымызға үлкен жоспар қойды».

Елбасымыздың «Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім бірлесе қабылдауға тиіспіз, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады» деп атап көрсеткен бағыты негізінде мектепке дейінгі ұйымда үш тілді қатар оқыту мәселесі туындады.

Мектеп жасына дейінгі кезең тілдерді үйренуге ең қолайлы кезең, өйткені осы жастағы балалардың зейін аударуы икемді, есте сақтауы мен логикалық ойлау қабілеті жоғары болады, сондықтан үш тілде оқытуды мектепке дейінгі ерте жастан бастау қажеттілігі туындады және тілдерді ары қарай үйренуде сөздердің лексикалық қорын құруға мүмкіндік береді.

«Тілдердің үштұғырлығының» өзектілігі практикалық маңыздылығымен де ерекше. Мектеп жасына дейінгі балалар алған білімдерін мектепте оқыған кезде де қолдана алады. Мектепке алғашқы барған кезде балалар үшін ең бастысы – екінші тілді әрі қарай үйренуге деген қызығушылықтарының қалыптасуы, белгілі білім көлемінің жинақталуы тиіс, бұл балаларға бастауыш мектепте тілдердің үштұғырлығы бағдарламасын жеңіл меңгеруге мүмкіндік береді. Дәл осы ерте жастан шет тілінде қарым-қатынас жасауға деген қызығушылық көріне бастайды, ал мектеп жасына дейінгі кезеңнен жинақталған тілдік база артынша кейбір оқушыларда шет тілін меңгеру барысында туындайтын қорқынышты жоюға көмектеседі. Осылайша, шет тілін мектепте барынша жоғары деңгейде үйренуге деген негіз қалыптасады.

Ұйымдастырылған оқу қызметі үрдісіне тілдің үштұғырлығын енгізудің негізгі мақсаты қазақ тіліне басымдық бере отырып, орыс және ағылшын тілдерін кіріктіре оқыту негізінде тәрбиеленушілердің коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Білім беруді жаңғырту үрдісін мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастаған қажет, өйткені бұл кезеңде тұлғаның қалыптасу негізі қаланады. Қазақстандағы көптілді білім беру моделі, үш тілді – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгерту, әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап, ел дамуының игілігі үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін толық ашуға бағытталған.

Тілдерді меңгеру үшін ең қолайлы кезең ретінде 4-5 жас аралық екендігін мамандар атап көрсетуде. Психологтар (Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.А. Леонтьев, Б. Уайт, Дж. Брунер, В. Пенфильд, Р.Робертс, Т. Элиот) бала төрт жасынан бастап ересек адамға қарағанда шет тілдерін оңай меңгере алатынын пайымдайды.

Мектепке дейінгі білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты мазмұны аясында балаларды тілдік дайындау «Коммуникация», «Денсаулық», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» салалары бойынша жүргізіледі. Сол салалардың мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын енгізуге мүмкіндік беретіндерінің бірі — «Коммуникация» саласы. Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарын іске асыру барысында тілдердің үштұғырлығын оқыту бойынша арнайы бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендер әзірлену үстінде, мектепке дейінгі білім берудің отандық және шетел педагогтарының алдыңғы қатарлы іс-тәжірибелеріне негізделген оқытудың инновациялық технологиялары енгізіліп жатыр.

Жүргізілетін жұмыс балалардың негізгі іс-әрекет түрлерінде (ұйымдастырылған оқу қызметі, жеке шығармашылық іс-әрекеті, ойын, заттық іс-әрекет, қарапайым еңбек іс-әрекеті, күн тәртібінде) тәрбиешілер мен ағылшын тілі оқытушысының ұйымдастыруымен балалардың тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытудың негізгі технологиясы — сөздік әдісі, ойын әдісі, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мультимедиялық оқыту құралдары сияқты оқыту әдістемелерінің үйлесімді байланысына негізделген. Оқыту барысында жүргізілетін жұмыстардың формалары мен түрлерінің бірлігі сақталады, осы ретте, көрнекілік және бейнелілік әдісі басым болмақ, себебі бала сөзді дара лексикалық бірліктердің жиынтығы ретінде емес, біртұтас ұғым, бейне ретінде қабылдайды.

Тілдердің үштұғырлығы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мен танымын кеңейтудің әдістемелік негіздері. Олар:

Ойын әдістемесі балаларды да, педагогтарды да қызықтырады. Ол қарапайымдылығымен тиімді. Оқытушы тілді үйрету және жетілдіру бойынша оқу-қызметін ойын түрінде жүргізеді. Осы ойын әдістемесін қолдану  біздің бөбекжайда «Мектеп жасына дейінгі балаларға ойын арқылы ағылшын тілін үйрету» жобасы арқылы үйретіледі.

Глен Доманның әдістемесі сәбилерге арналған. Бұл әдістемеде баланың көру арқылы есте сақтауы қатыстырылған, атаулары жазылған суреттер есте сақталады және оқуға үйрету үдерісін одан әрі жеңілдетуге көмектеседі, карточкаларын қолдан жасауға болады.

Аралас әдістеме – бұл жерде таңдауы бойынша түрлі әдістемелерді құрастыруға болады. Мысалы, ойындар ойнау, тақпақтар мен әндер жаттау, жобаларды әзірлеу және т.б. Әдістеменің құндылығы – әртүрлілігінде. Түрлі іс-әрекетті ұсына отырып, баланы қызықтыру жеңілірек.

Біздің бөбекжайда балаларды ағылшын тіліне ерте жастан үйрету вариативтік компонент «Mr language» оқу бағдарламасы аясында жүргізіледі.Үйрету іс-әрекетін ұйымдастырудың жетекші түрі – топпен жұмыс істеу болып табылады. Топтардың толымдылығы – 8-12 адамнан артық болмау керек. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтері 4-5 жастағы балаларға — аптасына 1 рет, ұзақтығы 20-25 минуттан, ал 5-6 жастағы балаларға — аптасына 2 рет, ұзақтығы 25-30 минуттан жүргізіледі. Тілдің үштұғырлығын дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу іс-қызметтері барысында алынған білім барлық режимдік кезеңдердің үдерісінде күнделікті: сәлемдесу, киіндіріп шешіндіру, тамақ ішу, ұйқыға дайындық, ойындар мен серуендер барысында бекітіледі.

Ұйымдастырылған оқу қызметтері бойынша қойылатын негізгі талаптар: жалпы уақыттың 5–10 минуты үш тілде жүргізілетін жалпы дамытушы лексикалық түрлерге (сергіту кезеңдері, санамақтар, дидактикалық ойындар, тілдік және фонетикалық дайындықтарға, тақпақтар мен ұйқастырмаларға) бөлінеді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінде балалармен келесі жұмыс түрлері қолданылады:

Айтылудағы жұмыс:  «Жанды тіл» ертегісі; Ойыншықпен жұмыс: ойыншықпен диалог. Суретпен жұмыс: суреттерді суреттеу;  «Не жоғалды?» ойыны «Суретті тап». Өлеңдерді жаттау және мәнерлеп оқу:  өлеңдер байқауы; дауыс ырғағын өзгерте сөйлеу, көңіл-күйдің өзгерісіне қарай мәнерлеп сөйлеу (жағымды, мұңлы, ашулы және т.б.). әндерді жаттау. Қысқа әңгімелерді және көріністерді сахналау. Қимыл-қозғалыс ойындары. Жайбарақат ойындар.  Шығармашылық ойындар.

   Көп тілді меңгеру — заманның басты талабы. Сондықтан да, бәсекеге қабілетті елу елдің алдыңғы қатарына шығу бірнеше тілде еркін сөйлей білетін салауатты жастар мен мамандарды қажет етеді. Білімді көп тілді меңгерген ұрпақ тәрбиелеу біздің педагогтардың басты міндеті.

Қазіргі педагог қоғамдағы тез өзгеріп тұратын педагогикалық ғылыми өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жеке шығармашылық кәсіби түрде тәрбиеленуші балалармен  тез ортақ тіл таба алатын, педагогикалық үрдісте жүйелі бағыттармен жұмыс істей алатын болу керек. Бүгінгі таңдағы педагогтардан талап етіліп отырған үрдіс-жаңа оқыту технологиялары негізінде инновациялық іс-әрекет атқару.       Осыған байланысты біздің бөбекжайдың әдістемелік мәселесі — жаңа ақпараттық, педагогикалық технологияларды пайдалану негізінде оқу-тәрбиесі  жұмысында осы бағыттың қолданылуын сапалы білім беру бойынша жұмыстар жүргізуді бөбекжайдың стратегиялық даму бағыты бойынша жалғастырып келеді. Яғни, бөбежайдағы жылдық міндеттердің бірі-жаңа инновациялық технологияларды қолдану арқылы балалардың тіл тұғырлығын дамытуын жалғастыру. Күтілетін нәтижесінде көпұлтты тұлға қалыптасады, балалардың  коммуникативті –тілдік құзыреттілік дағдылары дамиды. Оны айқындауда ең алдымен  ата-аналар қауымымен «Балабақшада балаларға үш тілде сөйлеуге үйрету жайында сіздің көзқарасыңыз ?» сауалнама жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде ата-аналар қауымы үш тілді үйрету  жұмысы осы балабақша табалдырығында бастау алғанын құптап, жұмысты жетілдіруге шығармашылық табыс тіледі. Сондай-ақ, бала дамуының құзіреттілігіне үнемі бақылау, яғни бала білімінің құзіреттілігіне диагностика жасау сияқты бірқатар жұмыстар жүргізіліп отырады.

Бұл әдістің негізі мақсаты  мектеп жасына дейінгі балаларға негізгі тақырыптар барысынды лексикалық білім беру. Коммуникативті әдісті пайдалана отырып балаларды жеңіл тіркестерді айта білуге дағдылау. Спецификалық дыбыстармен жұмыс.

Бұл мақсатқа жету үшін мына тапсырмаларды жүзеге асыру керек.

* Балалардың сөйлеу (диалогтық, монологтық), есту қабілеттерін дамыту;

* оқытудың әр түрлі формалары (топпен жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс) қолданылуы керек;

*Көзбен көріп есте сақтау қабілеттерін дамыту барысында әр түрлі көрнекілік құралдарын қолдану;

*Есту қабілеттерін дамыту үшін үнтаспа құралдарын пайдалану;

*Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті балаларға арналған фольклорлықты дамыту барысында ағылшынша өлеңдер, тақпақтар, санамақтар, ертегілер, жұмбақтар пайдалану керек;

*Балалардың ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыра отырып, отбасына, қошаған ортаға, Отанға, сұлулыққа, тазалыққа, табиғатқа т.б. деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Мектеп жасына дейінгі балалалрдың негізгі іс-әрекеті – ойын болып табылады. Ойын – балалардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепке дейінгі балалар іс-әрекет үстінде ойынды көп қажет етеді. Оқу іс-әрекет мазмұнда суреттер, ойыншықтар қолданған дұрыс. Ойын балалардың іс-әрекет деген қызығушылықтарын арттырады. Сол себептен әр іс-әрекет ойын пайдалану – басты мақсат.

Оқу қызмет ортасында  балалар сергітуге арналған жаттығуды қажет етеді. Себебі, бұл жастағы балалар тез шаршайды. Сергіту сәтіне өлең, сергіту жаттығуларын пайдалану керек.

Бөбекжайда балалар мына тақырыптар бойынша жұмыс істейді:

«Танысу», «Отбасы», «Сандар», «Түстер», «Үй және жабайы жанурлары», «Дене мүшелері», «Мамандық», «Жеміс-жидектер», «Көкөністер», «Киім».

«Танысу» тақырыбы мына құрылымдардан тұрады:

 

Good morning!

Good morning,

Good morning,

Good morning to you.

Good morning, dear teacher

I’m glad to see you.

 

What is your name?                           My name is… .

Where are you from?                         I am from … .

How old are you?                                I am … .

«Отбасы» тақырыбы мына сөздерден тұрады: a family, a mother, a father, a sister, a brother, a grandmother, a grandfather, I love my family, I have got, my family.

«Сандар» тақырыбында балалар 10-ға дейін (one, two, three, four, five, six, seven, eight, nine, ten) санай білуі керек.

«Түстер» төмендегі лексикалардан құралады: What colour? yellow, white, red, blue,   green, pink, brown, black.

Зат есім:  pencil.

«Үй жануарлары» тақырыбына мына сөздер жатады: a cow, a horse, a sheep, a pig.

«Жабайы  жануарлары»: a fox, a wolf, a lion, a tiger, a bear, a rabbit.

«Дене мүшелері»: head, ears, eyes, nose, mouth, face, hand, leg, body, shoulders, toes .

Сөз  тіркестер: Touch your … , Put you right hand on … , Put you left hand on

«Мамандық» тақырыбына байланысты сөздер:  a doctor, a teacher, a cosmonaut, a militiaman,  a pilot, a driver, an artist.

Жаңа тіркестер: What is he? What is she? I’m … .  I want to be … .

 

«Жеміс-жидектер»:  An apple, a banana, a pear, a grape, a plum, a peach, a cherry, an orange

 

Зат есім: a basket, a tree.

Етісітік:  to gather

«Көкөністер»:  a carrot, a potato, a tomato, a cucumber, a cabbage, a water-melon, a beetroot, a melon.

«Киім»: a T-shirt, a coat,  socks, gloves , hat do you wear?  jeans, boots, a hat, a skirt, a sweater.

Сөз тіркес: What do you wear?  I wear.

Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін оқыту, тәрбиелеу-бесіктен, баланың нәрестелік шағынан басталып, ұдайы үздіксіз даму барысында ғана қалыптасады.

Қазіргі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологиялары қолданылуда. Жас ұрпаққа келешек ел тізгіні мен халық үмітінің мемлекет дамуының тізгінін ұстап көшбасшыларға білім беру барысында ұдайы бір ғана технологиямен дәріс жүргізу, сол арқылы оларды білім нәрімен сусындату мүмкін емес. Өйткені бұл жаңа заманның жаңашыл ұрпақтарын тәрбиелеу мен оларға білім берудегі  қоғамның ең басты міндеті болып саналады. Сондай-ақ бұл мәселе педагогтың әрқашан да үздіксіз еңбек етуі мен ізденуін талап етеді.

Қазіргі кезде білім беру саласында ұжымдық оқыту, дамыта оқыту, саралап оқыту, жекелей оқыту, топтық, қатысымдық, интерактивті әдіс ,жеделдете, жобалап, сатылай кешенді таңдау, технологияның түрлері кеңінен таралуда.

Біз, білім беру азаматтың ортақ мүддесіне арналған дәуірде өмір сүрудеміз. Бір жерде жаңалық ашылса, басқа жерде оны тез үйреніп үлгеруде. Біздің міндетіміз барлық жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. Ал дамудың негізі-балабақшадан басталуы тиіс.

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
  3. «Ағылшын тілінде сөйлеуді үйренейік» атты оқу бағдарламасы-2009ж
  4. Пікір білдірушілер: Д.С. Боптаева. А. Рымбаева. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының базасында әзірленген «Мектепке дейінгі ұйымдарда көптілділікке тәрбиелеу мен оқыту тәжірибесі». Әдістемелік ұсыным — Астана 2013, 58 бет.
  5. Пікір білдірушілер: Ә.Е. Жұмабаева – п.ғ.д.А.Ж. Салиева –п.ғ.к. «Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту» әдістемелік құралы . Астана 2013, 61 бет.

Сатибалдина Лаура Ергалиевна
КМҚК №13 «Ертөстік» бөбекжайының әдіскері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.