Ойын – баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады. Балалар ойын арқылы:
- өзінің жеке өмірлік жоспарын құруға үйренеді;
- іс-әрекеттерді және оларға қол жеткізудің құралдарын анықтайды, жасайды;
- конструктивті қарым-қатынас және басқа адамдармен өзара әрекет ету мектебінен өтеді.Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер.
- Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:
- Халық ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер. - Ойын – баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады. Мектепке дейінгі кезең соңында балада өзінің мінез-құлқын басқару қабілеті, ережелер мен талаптарға бағыну қабілеті туындайды. Көптеген зерттеушілер ойын мен оқу іс-әрекетінің генетикалық сабақтастылығына сүйене отырып, ойыннан бірте-бірте мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға өтудің маңыздылығын көрсетеді. Ғалымдардың зерттеуі ойын іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі бар балалар үшін оқу іс-әрекетінің дамуының төмен деңгейі тән екендігін дәлелдеді.
- Денсаулық
- Еңбек пен мамандық
- Өнер
- Имандылық пен адамгершілік
- Патриоттық
- Эстетикалық
- Табиғатқа деген сүйіспеншілік
- Ауыз әдебиетінің түрлері:
- Ертегілер
- Жұмбақтар
- Жаңылтпаштар
- Айтыс өнері
- Мақал-мәтелдер
- Тыйым сөздерХалықтық шығармалардың ішінде ертегілердің балаларға тигізетін әсері ұшан теңіз. Халықтық ертегілер — халық өмірін бейнелейтін фантастикалық негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
- Ертегінің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана — сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына, ерте қалыптасуына көмектеседі. Ертегі оқиғасы басталатын жерден-ақ қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың ойын бірден қызықтырып, еліктіріп әкетеді. Халық ертегілерінің ішінде балалар арасына кең тарағаны — хайуанаттар жайындағы ертегілер. Ондай ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы, қарым-қатынастар жасаудағы айла тәсілдері балаларға ой салады. Бұл ертегілер баланың санасын оятып, мақсат-мұрасына жетуге үйретеді. Бұл жөнінде Мұхтар Әуезов: « Ертегілер жас баланың ой –санасын оятып, қиялының шарықтап өсуіне әсер етеді.»,-деп көрсеткен. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің бәрін алып қарасақ та, баланың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі, қызықты болып айтылады. Ертегілерде балаларға ой салатын екі сипат бар. Олар:
- Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңі. Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. М.Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды. Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
- Ертегі бәрі кейіпкерлерінің мінез өзгешеліктерін, сырт көріністерін, күн көрінісін байқайды. Есту, тыңдау арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады.
- Екіншіден хайуанаттар жайындағы ертегілер арқылы оны мысал ете отырып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, олардың мінез-құлқын салыстыра отырып, байқайды. Ондай ертегілердің қатарына «Түлкі мен қоян», «Түлкі мен бөдене», «Күшік пен мысық», «Түлкі мен тауық», т.б жатады.
Ертегі кейіпкерлері арқылы балалар қиын қыстау кезінде асып-сасуға, не нәрсені болса да, ақылға салып шешуге үйренеді. Ертегі баланы парасаттылық пен тапқырлыққа баулиды. Мұнда балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылады. Ертегі оқиғасындағы әр алуан кейіпкерлердің іс-әрекеттері, ол кейіпкерлердің тапқырлық іскерлік, айлакерлік іс-әрекеттері: аңқаулық мінездер балалардың таң-тамаша қалдырып, сүйсіндіреді. Ертегілердің осындай ерекшеліктері балалардың талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениетін, байланыстырып сөйлеуін дамытып, өз ойын жүйелі жеткізе білуге үйретеді.
Тәжірибелік тапсырма:
- Электрондық киіз үй арқылы «Құмырсқаның тапқырлығы» ертегісін тыңдату.
- Ертегі желісі бойынша топпен жасалатын тапсырмаларды ұсыну.2-топқа Ертегі желісі бойынша ертегінің сөздерін жатқа айтып отырып, кейіпкерлерінің мінезін бейнелеңіз. 4- топқа Ертегі желісі бойынша ертегіні акварель бояуымен суреттеп беріңіз.Тәжірибелік тапсырма:
- «Ойнап сөйлесен де, ойлап сөйле» ойыны
- Мақал-мәтелдер балаларға терең ой салып, көркем, образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады. Мақал-мәтел, нақыл сөздер — халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез-құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздер. Бұлар баланың тілін дамыту арқылы ақылды, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады.
- 3 топқа Ертегі желісі бойынша ертегіні құм терапиясы түрінде көрсетіңіз.
- 1-топқа Ертегі желісі бойынша ертегіні қуыршақ театры түрінде қойылымдаңыз.
- Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді)
- Қар жана ма? (Қалауың тапса, қар жанады)
- Кімнің құлағы елу? (Ел құлағы елу)
- Ер неше рет өледі? (Ер бір рет өледі)
- Ердің қанаты бар ма? (Ер қанаты – ат)
- Сөз көмірге, алтынға айнала ма? (Көп сөз –көмір, аз сөз – алтын)
- Адамның қай дене мүшесі батыр, қай дене мүшесі қорқақ? (Көз — қорқақ, қол- батыр)
Халық балалар мен жастардың адамгершілік тәрбиесін қалыптастыруда ауыз әдебиетінің елеулі туындысының бірі – жұмбаққа көп мән берген. Жұмбақ қарасөз түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі, бейнелі суретпен айтылады.
Жұмбақ адамның логикалық ойын дамытып, ой-өрісін, білім қорын кеңейтіп, адамгершілік-эстетикалық талғамын қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен бірге қоршаған өмірдегі заттар мен құбылыстарды таныту құралы қызметін атқарады. Ол баланы жастайынан қиялдай білуге, қоршаған ортаны бақылап, тапқырлыққа баулуды көздейді. Баланы ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді. Баланың ұшқыр ойын іс-әрекетке баулып, ой санасының қызмет етуіне серпін береді. Академик М.Әуезов жұмбақтың ерекше орынын көрсете келіп: «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен санау машық болған. Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ. Жұмбақты бүлдіршіндерді тілге шешен болу мақсатымен жаттатамыз. Ата-ананың жас балаға беретін тәрбиесінде де, баланың ойын тапқырлыққа баулу үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар», — дейді. Жұмбақты шешуде бала ойланады, көп нәрсені есіне түсіреді, заттарлың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздестіреді, байқауға тырысады.
Жаңылтпаш — халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін дамытатын жанр. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, жаңылмай дұрыс та еркін сөйлеуіне: сөйтіп, ана тілін игеруіне қызмет етеді. Бір қызығы халықтық жаңылтпаштар қаншалықты айтуға күрделі, тілге күрмелеулі, шатыстырғыш шытырман ұйқасты болып келседе, мазмұнында бір мән, халықтың тұрмыс-салтына үйлесімді ой жатады. Тез айтудың қиындығы да сол жаңылтпаш сөздерін анық айтып, ішкі мәнін аша білуде. Халық ауыз әдебиетінің бір саласы — жаңылтпаш.
Ал, тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға жаңылтпаштар өте тиімді, серуен кездерінде бірнеше қайталап айтсақ табысы мол. Балалардың көпшілігі мектепке келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке дыбыстарды айта алмайды. Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Жаңылтпаш баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен қатар, оларды айналасындағы неше алуан көріністермен, өмірмен таныстырады. Балаларды жалықтырмау үшін жаңылтпаштың сөздері қызықты, күлдіргі және ұйқасты болып келеді. Балалардың жаттап айтуына оңай да жеңіл тиеді. Жаңылтпаш баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен бірге дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады.
Тәжірибелік тапсырма: Мына жаңылтпашты қайталаңыздар.
Шуақтаған ботамды
Суға апарып шудаладым.
Шудалаған шудасын
Суға салдым.Суға малдым,
Судан алдым.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласы — ойын өлеңдері. «Ақ серек, көк серек», «Қуыр-қуыр қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке» ойындары баланың тілінің дамуына, сөйлемді байланыстыра сөйлеуге үйретеді.
Міне, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және сұраққа толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте зор.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958,
2. Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972
Әлім Гүлмира Әлімқызы,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Атырау облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институтының кафедра аға оқытушысы