Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанда 2016-2019 жылдары білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау туралы Жарлыққа қол қойғанын, еліміз үшін маңызды бағдарламада алдағы төрт жыл ішінде даму бағыты мен тиісті өзгерістері айқын көрсетілгенін, өзгерістер білім саласының барлық сатыларын – мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейінгі аралықты толық қамтитынын алға тартты. Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы ең негізгі қадам – білім беру жүйесін жаңғырту екендігіне жете тоқталып, инновациялық бағдарламалардың мемлекеттік дәрежеде тиянақты түрде кеңінен ойластырылып, жүзеге асырылуы елімізді интеллектісі жоғары, рухани бай ұлтқа айналдырудың алғышарты екендігін баса айтып өтті.
Бәсекеге қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының аясында инновациялық технологияларға сүйене отырып, баланың бойында шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік жасау болып отыр. Мұндай күрделі міндеттерді шешуде мектепке дейінгі мекемелердің алатын орны ерекше. Бүлдіршіндердің білім берудің кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз — балабақшадан қаланатындығы баршамызға мәлім.
Мектепке дейінгі мекемелердің педагог қызметкерлерін білім мазмұнын жаңартуға сәйкес бағыттаудың өзекті мәселелері:
— мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері желілік қашықтықтан білім беру технологияларын (ары қарай ҚББТ) жүзеге асыру;
— Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологиялар негізінде шығармашылықты дамыту мәселелері.
1) Балабақшада өткізілген оқу-тәрбие жұмыстарының сапалы жүргізілуін, педагогтердің кәсіби біліктіліктерін шыңдау, олардың қаншалықты ізденушілікпен, шығармашылықпен жаңа технологияларды қолдану деңгейлерін анықтау, қажет болғанда әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мониторинг айнасы» айдарында бақылау жұмысы жүргізіледі.
Білім беру қызметінің нәтижелілігін бірнеше көрсеткіштермен сипаттауға болады. Солардың бірі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері желілік қашықтықтан білім беру технологияларын (ары қарай ҚББТ) жүзеге асыру қажеттілігі талап етілуде. ҚББТ артықшылығы — жайлы уақытта, жайлы жерде оқу мүмкіндігі, техникалық қызмет, оқытушы, тьютор тарапынан қосымша қолдау және компьютерде жұмыс істеу дағдысын жетілдіру. Қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыру үшін, техникалық қамтамасыз етілуі, яғни интернет жүйесіне үздіксіз қосылып отыруықажет.
Биыл педагогика кадрларының біліктілігін арттыру жүйесіндеаралас оқу тәртібіндегі («Blended learning») курс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Аралас оқу («Blended learning») – дәстүрлі күндізгі оқу нысанында және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін оқыту технологиясы. Аралас оқыту немесе Blended Learning — тыңдаушының өздігінен, онлайн және тьютормен бірге дәстүрлі білім алуы. Аралас оқыту дәстүрлі әдістер мен қашықтықтан оқыту технологияларын кіріктіруді қарастырады. Мұнда білім берудің әртүрлі формаларын үйлестіру арқылы және интерактивті оқыту ортасын құру тенденциясын іске асырады. Аралас және мобильді оқытуды үйлестіру арқылы тыңдаушылардың интерактивті оқу шарттарын қанағаттандыратын орта құруға болады.
Бүгінгі таңда адамзат әртүрлі сферада жаңа ақпараттық технология құралдарын қолданып, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізуде. Отандық және шетелдік оқу процесіндегі компьютерлендіру туралы кез-келген басылымда, кез-келген пәнді оқытудың маңызды жақтарын қарастырған. Қазіргі қоғамда көріп отырғанымыздай ақпараттық технологияның дамуы, білім берудегі интеграциялық процесстің дамуы, ақпараттандырылған қоғамда қол жеткізілген нәтижесінің бірі болып білім беруде қашықтан (дистанциялық) оқыту формасының ортаға шығуы және дүниежүзіне жайылуын ортаға алып келіп отыр.
Сондықтан, қазіргі ақпараттандыру қоғамында мобильді оқытуды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Себебі, жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Бұл мақсатқа жетуде өз бетінше жұмыстардың алар орны ерекше.
2) Шығармашылықты дамыту мәселелері бойынша технология мен ақпаратты тиімді қолдана білу үшін педагог ойлаудың жаңа түрін қарастырып басқа стилгеөзгеруі керек.
Біздер, тренерлер білім сатысы оқуларында шеберлік сағаттары, тренингтер, пікірталас сияқты жұмыстың түрлерін жүргіземіз. Мысалы, шеберлік сағаттарында берілген мәтін немесе бейне жазбаларға мұқият логикалық сараптау арқылы әрқайсы болжамды жасау сияқты тапсырмаларда сыни тұрғыдан ойлауды дамытатындай жетелеу сұрақтарын орынды қолдануды өзін-өзі реттейтін жеке тұлға ретінде қалай дамитынын және баланы ынталандырудың қаншалықты маңызды екенін бірлесе түсінуді баса назарға алған жөн.Шығармашылықты дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындау жеке тұлғаның зияткерлік қабілетінің ашылуына өз септігін тигізетінін көрсетеді.Сонымен қатар курс соңында жоба жұмыстарын қорғау тапсырылады, сол кезде мұғалім өз жұмысын теориямен сәйкестендіріп, келешектегі жұмысының жоспарын жасақтайды.Сондықтан, педагогтердің шығармашылықты дамытудағы жұмыстары жоғары деңгейде көрінуі қажет. «Ойнай алмаған бала ойлана алмайды, ойыннан озбаған бала, өмірде де алда болмайды» деген сөз бар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің оқу-тәрбие жұмысының басты бағыты сол шығармашылықтың нәтижесі. Шығармашылық сөзінің төркініне назар аударсақ, «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған, жоқ нәрсені ойлап, жетістікке қол жеткізу деген сөз.
Осындай формада жүргізілген жұмыстар арқылы балалар өздерінің әр түрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыра алады, конкурстарға, көркемөнер көрмелеріне белсене араласады, бұл балабақша ішіндегі балалардың арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді. Шығармашылық жұмыстардың білім беру және тәрбиелеудегі мәні жоғары. Олардың алуан түрлілігі педагогтерден шығармашылық шеберлікті талап етеді.
Оқыту технологияларының қайсысын болмасын пайдалану жеңіл іс емес, ол педагогтен білімділікті, іскерлікті, еңбекқорлықты, шығармашылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.
Жастарды қызықтыра тәрбиелеп басқару білім алушының білімге, ғылымға деген құлшынысын күшейтеді, өркендеуіне өте қажет шығармашылық қасиеттерін ашады. Білімнің сапалы болуы тікелей педагогке, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты.
Ақпараттық мәдениетке бейімдеу – ол тек ғана компьютерлік сауаттылық емес, сонымен қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін меңгеруі болып табылады.Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз.
Ақбілек Қошқарбайқызы ЖҰМАБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)
пәндерді оқытудың инновациялық
технологиялары мен әдістері
кафедрасының аға оқытушы, тренері