Home » Білім және өнер » Мектепке дейінгі балалардың қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалардың қазақ тілін оқытудың ерекшеліктері

Бала тілінің дұрыс өркендеуінің бірінші шарты – балаға сөзді бұзып сөйлемеу керек.
(М.Жұмабаев)

Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды. Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден-бір жолы-өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүймелдеуші болып, әрдайым жанынан достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады.

Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру — балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда.

Ең басты мақсаты: жаңа техналогиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау қабілеттері мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру. Ең тиімді әдістерінің бірі «Ойлап табу теориясының шешімінің міндеттері» әдістемесі. сөйлеу керек, ойын толық айтуы тиіс. Қысқаша осы әдіске тоқталып кетейін.

ОТТШМ –балалардың логикалық және абстракты ойлау қабілетін, қиялын дамытып қана қоймайды, оларды зейін қоюға үйретеді.

Балалармен жұмыс жасаудағы осы технологияның негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Мектепке дейінгі балалармен оқу – тәрбиелік іс- әрекетті дұрыс ұйымдастыру қажет, қазақ тілі сабағында ОТТШМ технологиясы бойынша әр түрлі әдіс – тәсілдерді қолданамыз.

ОТТШМ – ұраны – «Ойдағының бәрін айтуға болады», сондықтан балалар өздері ойлап тауып, өз ойларын жасқанбай айтып, жеткізуге тырысады.

ОТТШМ технологиясы бойынша «Ой шабуылы» әдісінің тиімді әдістердің бірі болып табылады. Яғни, ол балаларға өз пікірлерін айтуға, оны дәлелдеуге, балаларды басқа біреуді тыңдай білуге, басқа адамға баға беруге үйретеді.

Балаларға әр түрлі тақырыптар береміз.

Мысалы: “Ой шабылуы”.

«Егерде … , не болады?»

« … жаңбыр тоқтамай жауады».

Балалар еркін ойлап, осы сұрақтарға жауап береді. «Ой шабуылының» жемісі психологиялық және талдау белсенділігіне байланысты болады. Егерде бала сұрақ қойса, оған тез жауап бермейміз. Керісінше, оның ол туралы не ойлап тұрғанын сұраймыз. Оған талқылауға немесе баланың жетекші сұраққа жауапты өзінің тапқанын сұраймыз. Егер бала сұрақ қоймаса, онда қарама – қайшы әдісті қолданамыз. Жауап табу мақсатында, баланы жағдаятқа қоямыз. Бұл ауызша ойын.

Мысалы, «Жақсы–жаман». Мысалы, «жаңбыр – жақсы немесе — жаман» Мақсаты: Қандай да болсын объектінің, жағдаяттың жақсы, жаман жақтарын табу, ненің зиян, ненің кедергі екендігін, ненің қажет екендігін білу.

Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер , кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деген сенімдемін. Қазіргі заман талабы – жаңа ақпараттық және оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы атамыз Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек», — деген. Шынымен де, тек ғана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Қазақ тілі пәнін оқытуда да ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.

Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ. Ойын дегеніміз не? Ойындар, жаттығулар баланың логикалық ойлау қабілетін дамытып, бақылауға, зейін қоюға, білуге құмарлығын арттырады.

Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Қорыта айтқанда, ойын — балалардың негізгі іс — әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Тіл жеке адаманың шаруасы емес. Мемлекеттің де басты байлығы дүниесі емес. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәртебесі- елдің мерейі. Оның мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Осыны ұмытпауымыз керек.

 

 

Серік Жансая Серікқызы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.