Home » Мақалалар » Мектепке апарар жол «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресі

Мектепке апарар жол «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресі

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау, оларға қол ұшын беру. Осы арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды, ісі оңалып, жұмысы алға жылжып ілгерілейді. Ал қайырымдылық көрсетілген әрбір жанның бойына ертеңгі күнге, айналасына,қоғамға деген сенім туындап ,жүрегіне жалын, жанына жігер ұялайды. Өйткені біз- өмір алма-кезек яғни бергенің мен алғаның өзара алмасып отыратын кезек дүние екенін түсінетін заманның өкілдеріміз. «Алғаныңнан бергенің көп болсын» деген сөз бар екен халық даналығында. Осы ұстаным негізде ұжымымызда яғни Алматы қаласы Жетісу аудандық  №102 мектепте 01.08 — 30.09.2018ж  аралығында «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» атты ұранымен мектепте  Республикалық  «Мектепке жол» қайырымдылық  акциясы өткізілуде.

Акция  мақсаты — күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім-балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және Қазақстан Республикасының  заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына  әлеуметтік көмек  пен  қолдау көрсету.

«Қазақстан 2050» Стратегиясында белгіленген балалардың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі жаңа әлеуметтік саясатты іске асыру. Басты міндетіміз — мектебіміздегі қамқорлық қажет ететін балаларға жанашыр қамқоршы болып, аялы алақанымызды тосып, жүрек жылуын ұсыну. Осы бір сауабы мол іске әрбір адамның өз еркімен көмек беріп, азаматтық парыз жасауына мүмкіндік туғызуды көздейді. Аталмыш акцияны ұйымдастыруға мектебіміздің ұжымы белсене қатысып, бір кісідей ат салысты. Жақсылық жасау қолдан келіп тұрса, басқаларға қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!                 «Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без» деген халық даналығын ұстана отырып, «жанашырлыққа — жан  риза» дегендей қайырымдылықпен адамгершілік туын биік ұстап, жоғары кісілікті ту етіп, жылы  лебізімен  қолдан келген жәрдемін, достық пейілдері мен қамқорлығын аямаған мектебіміздің ұстаздарына және осы акцияны ұйымдастыруға ұйытқы болып, басымен қасында жүрген мектеп басшысы Кержикеева Данагул Рысбайқызына, ұстаздарымыз: Альжанова  П.Д, Ауэльбекова Г.У, Қали А.С, Шүкеева Ә.Ы, Нұрадинова М.Ф.  және басқа да мектеп мұғалімдерімен қызметкерлеріне айтар алғысымыз зор. Осындай қайырымдылық акциялар алдағы уақытта да өз кезегімен жалғасын таба береді деп сенеміз.

Исабекова А.И.

Алматы қаласы

Жетісу ауданы

№102 мектептің әлеуметтік педагогі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.