Home » Ашық сабақтар » Мейірім – ізгілік бастауы

Мейірім – ізгілік бастауы

Жүргізуші: Мен  сөзімді қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым де» деген даналық сөзін бүгінгі кешіміздің эпиграфы ретінде бастағалы  тұрмын.

«Мейірім – ізгілік бастауы» атты мерекелік кешіміздің негізгі мақсаты: қазақтың жақсы қасиеттерінің бір асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға кең пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүрекпен бөлісу. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту.

Қайырлы күн, қадірлі қауым! Армысыздар, жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары! Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ! Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер, қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан жылулық сезімін күтетін адамдарға қолдау көрсетуге арналған «Мейірім – ізгілік бастауы» атты қайырымдылық концертіне қош келдіңіздер!

Жүргізуші:  Шыдамдыны мына өмір ұнатады,
Бірде қуантып, бірде жылатады,
Сүріндіріп кейде сені құлатады.
Жылатып тұрып жұбатады.
Дұшпандарға кейде сені сынатады,
Қатал тағдыр бірақ та шыдатады,
Мына өмір бірақ та қымбат әлі.
 «Нұрбалапан» бөбекжай-балабақшасы меңгерушісі М.Кадимоваға, білім беру бөлімінің бас маманы Әділ Елемесұлына, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі Дилара Жеңісқызына  сөз тізгінін береміз.

 

Жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен,
Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем,
Жамандарды іздемен, өзі-ақ табар,
Жақсыларды табуың қиын екен…
Айгөркем мен Мәдинаның орындауында «Жақсы көрем» әні

Майысып бұраңдаған денелері,
Алаулап жайнаған көздері.
Буын жоқ, бұратылған шыбық дерсің,
Алдарыңызда балабақшамыздың жарқыраған күндері.
«Күн шуақ» биі

Жүргізуші: Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр – серігі. Ал бейтаныс адамға жылы шырай білдіру, көңілін көтеру, кемшілігін кешіріп, демеу болу – жомарттық.

Өтеді ғой… Өтеді барлығы да,
Күн арқалап кетеді таңды мына,
Менің жаным ашиды барлығына,
Таң нұрына, адамның тағдырына.

Ән. «Нұрбалапан»бөбекжай-балабақшасының күміс көмей әншісі Хамзина Арай «Қайда жангүлім» өлеңімен ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты,
Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты.
Бірі айтады: бақыт деген — барлық байлық емес пе?
Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе?
Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой»,
Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой.
Бірі айтады: «Бақыт деген — жүйрік мініп той тойлау»,
Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау.

Бірі айтады: «Бақыт деген — адал жар мен перзент қой!»,
Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой.
Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым,
Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым.
Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да,
Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда.
Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты.

Би «Шұғыла» би ансамблі

Бейнеролик

Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты! деп ақын ағамыз айтқандай, бір-бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын! Аялы алақанымызды, қолұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту – осы отырған барлық азаматтың борышы.
Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын!

Демеушілік еткен жаны жайсаң жандар: Хайырбаевтар отбасынан Бақатова Айгүл, Альбековтар отбасынан Хамзина Арай, Сармалайевтар отбасынан Сармалаева Анар.

Бүлдіршіндерге сыйлық.

Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтай келе, сіздерге алтын уақыттарыңызды бөліп, тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз. «Мейірім – ізгілік бастауы» атты қорытынды кешімізді жабық деп жариялаймын.

 

 

Нұрболат Ерболатұлы Елдузеров,
БҚО, Қазталов ауданы,
«Нұрбалапан» бөбекжайының инклюзивті білім беру
кабинетінің әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.