Өтеген Меруерт Асқарқызы
№ 76 «Әдемі» балабақшасының
тәрбиешісі
Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»
Бөлімі: Өзін – өзі тану
Тақырыбы: «Мейірімділік – асыл қасиет»
Мақсаты:
- Мейірімділік қасиеті жайлы түсінік беру;
- Балалардың қоршаған ортасына деген сүйіспеншілігін дамыту;
- Балалардың жүрегіндегі өмірге, ата — анасына ең жақын адамдарына жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, махаббат, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу;
Көрнекіліктері: Жүрек ойыншығы, жіп, қағаздан жүрекшелер, слайд, суреттер, ағаш
Сөздік жұмыс: үлкен, алтын жүректі, мейірімді.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Қайырлы күн балалар! Балалар, шеңбер бойымен бір — бірімізге жұмсақ жүректі беру арқылы тілек айтуларыңды сұраймын. Жүрегіміз қуанышқа толды. Сабағымызды бастайық. | Қайырлы күн! — бақытты бол! — денсаулығың мықты болсын! — Аспаның ашық болсын! — армандарың орындалсын! — ата-анаңнын мақтанышы бол! т.б. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Балалар «алтын жүректі», «үлкен жүректі» деген сөздер қандай мағынада айтылады? — Алтын жүректі», «үлкен жүректі» адамдар деп кімдерді айтамыз? — Айналадағы адамдардың жақсылығын, мейірін сезіп, байқап бағалайсыңдар ма? — Қалай бағалайсыңдар? — Адамдар бір-біріне, туған- туыстарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады. — Енді балалар сендердің алдарыңда суреттер тұр. Сол суретте қандай жақсылықтар, мейірімділіктер көрсетілген? — Суретке сендер топпен қарап, бир бала сол суретти сипаттап, әңгімелеп беру керек. (суреттер 4 топтың алдында тұрады) — Ал енді тақтаға қарайық! Тақтада не көріп отырсыңдар? — Енді сендердің алдарыңда ақ парақтар тұр, ол ортасынан екіге бөлінген. Сендер екі бөлікке бір жағына жақсы іс-әрекетті салында, ал екінші жартысына жағымсыз іс-әрекет салып, салыстырамыз. Ойын «Мейірімділік жібі» — Енді біз «Мейірімділік жібі» деген ойынымызды ойнаймыз. Шарты: Сендер дөңгелене жайғасып отырыңдар. Мен мына қолымдағы жіп орамын қасымда отырғанға беремін, жәй бермеймін, Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін айтып беремін. Ал сендер болса, дәл осылай келесі балаға бересіңдер. (Балалар бір-бірлеріне жіпті беріп, тілектер айтады. Ақырғы бала жіп орамын тәрбиешіге беріп,өз тілегін айтады) -Балалар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік. Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз. Біз әрқашанда біргеміз. Жақсы істер жасауға дайынбыз. Ал балалар, менің сендерге дайындаған «Үш достың ерлігі» деген кішігірім бейне баяным бар, соны қарап, сабағымызды бекітейік. — Бейне баянды көріп, сендер қандай сезімде болдыңдар? — Ал сендер осы балаларға ұқсағыларың келеді ма? Не себепті? | Алтын жүректі деп, түсінігі мол, мейірімді адамдарды айтамыз. Үлкен жүректі деп, барлық адамдарға жақсылық жасайтын адамдарды айтамыз.
-ия, бағалаймыз, біз де ата – анамызға немесе досымызға мейірімділікпен жауап береміз. Біз жан-жануарларға көмектесміз,
— Балалар жауап береді.
— Күлімдеген- күн мейірімді! — Кіршіксіз ақ қар мейірімді — Таза мөлдір су – мейірімді! — Бәрімізіді көтеріп тұрған жер мейірімді! — Аяулы анам мейірімді! — Қадірлі әкем мейірімді! — Әлпештеген әжем мейірімді! — Еркелеткен атам мейірімді! — Жылы жүзді ұстазым мейірімді! — Тату-тәтті достарым мейірімді! — Егіні мол жер мейірімді! — Қамқор апам мен ағам мейірімді!
Балалар бейне баянды қарайды.
— Ия, себебі біз де солар секілді жақсы болғымыз келеді. |
Рефлексивті түзетушілік | Ал енді балалар, мына жүрекшелерді ағашқа іле отырып, бүгін оқу іс-әрекетінен қандай әсер алғандарыңды айтыңдаршы? Енді оқу іс-әрекетімізді «Бақытты балалық» әнімен аяқтаймыз. | Балалар ағашқа жүрекшелерді әсерлерін айта отырып іледі. |
Күтілетін нәтижелер:
Нені білу керек: мейірімділік қасиетін біледі
Қандай түсініктерді игерді: қоршаған ортасына деген сүйспеншілікті игерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: бала бойында шыншылдық, жанашырлық дағдыларын игерді