Home » Жаңалықтар » Мақалалардың авторларымен халықаралық онлайн – форумда кездесу

Мақалалардың авторларымен халықаралық онлайн – форумда кездесу

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» филиал шығаратын мерзімді басылым авторларымен халықаралық онлайн – форум өткізді.

Форумның модераторы директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Сұлтанғазина Гүлбану Жәлелқызы форумға қатысушылармен кездесу барысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тек жаңа стандарт, жаңа бағдарлама, жаңа оқулықтарды ғана емес, ең бастысы шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтарды талап ететінін айтты. Заманауи педагогтың шығармашылық қызметінің маңызды көрсеткіші мақала жазу болып табылады, сондықтан филиал баспа қызметіне көп көңіл бөледі.

Форумда педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Челябі мемлекеттік мәдениет институты педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі Литвак Р.А., Атырау деңгейлік орталығының тренері Ажигулова М.С., Қостанай құрылыс колледжі директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Терновая О.В., Қостанай қ. № 15 орта мектептің педагог-зерттеушісі Қойтбаева З.А. т.б. сөз сөйледі.

Форум соңында модератор филиал директоры Слесарь Марионелла Васильевнаның филиалдың баспа қызметіне қатысушыларына сертификаттар тапсыру мен грамоталармен марапаттау туралы бұйрығын жария етті.

«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚФ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ»

қоғаммен байланыс және баспа қызметі бөлімінің пресс қызметі

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.