Home » Ашық сабақтар » Мағауия Абайұлы Құнанбаев Медғат Қасым поэмасы

Мағауия Абайұлы Құнанбаев Медғат Қасым поэмасы

Токмаханбетова Айжан Өзібекқызы,
№132 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі

 

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: негізгі мәселені, жаңа білімнің түйінді дәндерін бөліп ала білу,
білімді шығармашылық жолмен тәжірибеде пайдалана білу
қабілеттерін жетілдіру;
Дамытушылық: оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін дамыту
(психологиялық ынтасы, қызығушылығы, қабілеті және
іскерлігі)
Тәрбиелік: адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Абай, Мағауия портреттері, Қазақстан картасы, Шыңғыстау тауының суреті, тест сұрақтары
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: ой шақыру стратегиясы, поэмадағы кейіпкерлерді талдау, түсіндіру, пікірталас, сұрақ- жауап әдісі
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
сәлемдесу;
түгендеу;
назарларын сабаққа аудару.
Бүгінгі күнді дәптерлеріне жазу, сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазу.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырманы оқушылардың сұрақ- жауаптары арқылы қорытындылаймын.
-Мағауия Абайұлы кім?
-Ол қайда дүниеге келген?
-Ол қайда дүниеге келген?
— Мағауия қандай адам болған?
-Қандай шығармаларын білеміз?
ІІІ Жаңа сабақ
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы:
Мағауия Абайұлы Құнанбаев. Медғат Қасым поэмасы
Сабақтың мақсатымен таныстырамын.

5-слайд:
Жаңа сөздермен танысу:
Зәңгі-негр
Құл-раб
Ғашықтық-влюбленность
Қарақшы-разбойник
Мот-расточитель
Мұғалімнің поэма туралы түсінік беру сөзі:
Мағауияның поэмаларының ең көлемдісі, көркемі- Медғат Қасым поэмасы. Оның қазақ жазба әдебиеті тарихында алатын орны ерекше. Өйткені оның оқиғасы қазаққа бейтаныс жұрттың өмірінен алынған, романтикалық шығарма.
-Романтикалық шығарма дегенді қалай түсінесіңдер?
-Романтикалық шығарма дегеніміз — асқақ арман, қиялға негізделген шығарма.
Оқиға Африкада, Ніл өзенінің бойында өрбиді. Көз алдымызға Африканы елестетейік. Африка дегенде ойымызға не келеді? ( Ніл өзені) Дұрыс айтасыңдар, Ніл өзені дүние жүзіндегі ең ұзын өзен. Ол қандай мемлекеттердің аумағынан өтеді? ( Мысыр, Судан, Эфиопия) . Сонымен оқиға Мысыр елінде болған. Мұрат деген байдың көп құлдарының бірі-нәсілі зәңгі Қасым болады. Қасым қожасының асырап алған қызы – Мәрияға ғашық болады. Өзінің ғашықтығын қызға білдіргенде, ол Қасымның намысына тиетін сөздер айтады. Бұл жайды естіген Мәрияның көңілдесі Медғат (Медғат деген Мұрат байдың баласы) Қасымды азаптап қинайды. Содан Қасым Мәрияны өлтіріп, қашып кетеді. Осы тұстан әңгіме желісі үзіліп, бірнеше жылдан кейінгі оқиға баяндалады.
Оқулықта берілген поэманың мазмұнынан үзінділер арқылы оқи отырып талдаймыз.
6-слайд:
Медғат әкесінің байлығын орынсыз шашады. Шығынға батқан Мұрат бай Занзибарға көшеді. Жолда оларға зәңгі-қарақшылар шабуыл жасайды. Олардың басшысы осы өңірдің зәре-құтын алған Сары бастық деген екен. Ұрыста Мұрат бай өліп, Медғатты тұтқынға алады. Қарақшылардың бастығы Қасым болып шығады.
— Бұл үзіндіден не түсіндік?
— Оқиға қалай жалғасты?
Осы жерден поэманың жаңа оқиғасы басталады.
7-слайд:
Сәлім деген аңшы жігіт сол түні өзінің Халит деген досымен сырласып отырады. Сәлім өз әңгімесінде ғашықтықтан елден безгенін айтады. Ол Мұрат байдың Ғазиза деген аса сұлу қызына ғашық болыпты. Қыз да мұны ұнатыпты. Бірақ бай Сәлімді кемсініп, қызын бермепті. Сүйген қызына қосыла алмаған жігіт бәрін тастап, осылай алысқа кетіп, аңшылық етіп жүріпті.
-Жаңа оқиға кім туралы?
-Бұл кейіпкерлердің алдыңғы оқиғамен қандай байланысы бар?

Мұғалімнің сөзі: Қарақшылар шабуыл жасағанда Ғазиза да сонда болған екен. Тұтқындағы Ғазизамен сөйлескен Қасым Сәлім екеуінің бір-біріне ғашық екенін біледі. Ол Ғазизаға көмектесуге уәде береді. Поэманың соңында Қасым Ғазизаны Сәлімге табыстайды да, сөйтіп өзінің кегін қайтаруымен аяқталады. Ал қазір поэмада Мұрат бай, Қасым, Медғат образдары қалай суреттеледі, соны талдап көрейік.
8 -слайд:
Қызығын Африканың жаңа тапқан.
Қақ жарып, бір ықылымды Ніл дария аққан.
Бұрынырақ ізденіп, талаптанып,
Мұрат деген бай кепті Мысыр жақтан.

Құлы көп, егіні көп бұл үлкен бай,
Еңбек қылып, мал тапқан жан аямай.
Құлды малша таяқпен жұмсаушы еді,
Адам деп обалына қарамай.

Мұрат бай кім?
Ол қандай адам?
9-слайд:
Дейтұғын бір құлы бар Қасым атты,
Қара сұрлау пішіні зәңгі затты.
Отты қара көзі бар, ұзын бойлы,
Тәкаппар, тәуекелші, бек қайратты.

— Қасым деген кім?
-Қасым қалай суреттелген?

Ал, енді Сары бастық ретінде қалай суреттеледі соны үзіндіден оқиық.
10-слайд:
Қайдан шыққан, еш жанға сырын айтпас,
Өлемін деп, қорғанып, бойын тартпас,
Жауға қарап ақырып,қол сермесе,
Жолдастары ұрынар оттан қайтпас.
Әсіресе байларға рақым етпес,
Ағаш толы зәңгінің бәрі ниеттес.
Сорлы болған жандарға тағы әдеті,
Бір жақсылық қылады естен кетпес.

-Осы үзіндіден оның бойынан қандай қасиеттерді байқаймыз?
11-слайд:
Бар еді Медғат деген жалғыз ұлы,
Мот қылып бұзып еді малдың молы.
Қаталы әкесінен бетер еді.
Тітіреп тұрушы еді барша құлы.

-Медғат кімнің ұлы?
-Оның мінезі қандай?
12-слайд
-Бұл кімнің бейнесі?
Бейнесұрақта кім туралы айтылғанын тауып айту.
IV Дәптермен жұмыс
13-cлайд
Поэма кейіпкері
Қандай?

Оқушылар жауаптарын оқиды. Мағауия поэмасында кейіпкерлерді қалай бейнелейді? ( Суреттеу арқылы, мысалы: қара көзі бар, ұзын бойлы, әкесінен бетер қатал т.с.с.)

Мұғалім сөзі: Әр әдеби шығарманың композициясы болады. Ал композиция неден құралады? ( оқиғаның басталуы, дамуы, шиеленісуі, шарықтау шегі, шешімі)
V Тақтамен жұмыс
14-cлайд
КОМПОЗИЦИЯ
Оқиғаның басталуы
-Осы композиция құрылымына қарап, поэма мазмұнын талқылап көрейік.
-Оқиға неден басталады? ( Мұрат байдың Мысырдан Ніл өзенінің жағасына көшіп келуі)
-Оқиға қалай дамыды? ( Мұрат байдың құлы Қасымның асыранды қызы Мәрияға ғашық болуы)
-Оқиға қалай шиеленісті? ( Мәрияның көңілдесі Медғаттың Қасымды азаптауы, Қасымның Мәрияны өлтіріп қашуы)
-Шарықтау шегін қай жерден байқаймыз? ( Қасымның Сары бастық кейпінде кегін алуы)
-Поэманың шешімі? ( Қасымның ғашықтарды бір-біріне қосып, Мұрат бай мен Медғаттан кегін алуы)
VI Қорытындылау
15-слайд
Бұл қандай поэма?
Негізгі проблемасы?
Ақынның жаңашылдығы неде?
VII Үйге тапсырма:
16-слайд
Композиция құрылымын сақтай отырып, поэманың мазмұнын әңгіме түрінде жазып келу.

VIII Бағалау:
Қатысу белсенділігіне қарай бағалаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.