Home » Балабақша » МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ

МАХАББАТ ПЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ

Жылдағы дәстүр бойынша, біздің бөбекжайда «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» — атты 10 күндік өтті.

Іс-шараның мақсаты – балалардың  адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру.

2010-2011 оқу жылынан бері «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру деңгейлерінде еңгізілді.

Алғашқы рет, мелекеттік деңгейді – осы жобаның авторы С.А. Назарбаева ұсынған болатын.

Міне, осы орайда оң күндіктің ашылу рәсімі Республиканың барлық білім беру ұйымдарында өтті деп ойлаймын. Бұл күнде біздің бөбекжайда да ашылу рәсімімен көрме ұйымдастырылды. Ашылу салтанатын бөбекжай әдіскері ашты. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Г.И. Рахымбекова көрме барысын II-ші кіші сәби топтары, ортаңғы топ және ересектер топ аралығында жүргізді. Балалар арасында шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды.

«Табиғатқа қамқорлық» тақырыбында тәрбиешілер өздерінің тәрбиеленушілерімен бірге сурет салу бағытында жүргізсе, II-ші топ аралығында «Мейрімді жүрек» атты тақырыпта тәрбиеші: Ә.Е. Оспанова балалармен қызыға қатысты. «Ас – адамның арқауы» атты  акция ұйымдастырылды барлық ата-аналар белсене  қатысып, қолдан келген өнерлерін, тәтті тағамдарын ұсына білді. Бұл акцияны ұйымдастырушы тәрбиешілерді атап өтсек: Ә.И. Аушакимова, Б.С. Омарбекова,  Ж.Т. Асанова, А.Б.Бектұрғанова және акцияны жүргізуші Г.Н.Сахметова мен М.Т.Құлжабаевалар өте көңілді, тартымды жүргізе білді. Ата-ана қатысуымен спорттық іс-шара «Ана мен бала» атты эстафеталық  жарыс жүргізілді. Дене шынықтыру пәні мұғалімі: М.Т.Құлжабаева қызықты көңілді жанкүйерлерімен бірге өткізе білді. Қатысушы ата-аналарға марапаттау қағаздары берілді. Өзін-өзі тану пәні мұалімі:  Г.И.Рахымбекова ересектер тобы арасында «Мейрімді жүрек» атты ашық сабақ өткізді.

Дөңегелек үстел басында осы топтағы балалар арасында «Дос болайық бәріміз» тақырыбында жүрек жарды өлең шумақтары мен пікір таласа сұрақ-жауап арқылы жүргізілді. Апталықтың соңғы қортынды күнінде тәрбиеші –ұстаздар арасында «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты тақырыпта психолог: Н.И.Кикбаева мен орыс тілі мұғалімі: Ж.Ш.Керімбековалар махаббаттың рухани құндылық ретіндегі ұғымын кеңейту, қатысушылардың өздерін махаббат көзі ретінде қабылдауын қалыптастыра білді. Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыта «Сезім», «Таным» екі топқа бөліне отырып, бір-бірін терең танып, сезіне білді. Ақ плакат бетіне тақырыпқа сай өз сезімдерін білдіре суреттер салды, психологиялық жаттығу, би терапиясы жаттығулары жасалып соңында Шәмші Қалдаяқовтың «Алғашқы махаббат» әнімен аяқталды.

КМҚК №14 «Балдырған» бөбекжайының әдіскері
Кисибаева Светлана Құндызбаевна
Жезқазған қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.