Home » Жаңалықтар » «Математика патшалығына саяхат» атты бастауыш пән апталығы

«Математика патшалығына саяхат» атты бастауыш пән апталығы

№56 қазақ орта мектебінде 22 қаңтармен-26 қаңтар аралығында бастауыш бірлестігінің «Математика патшылығына саяхат» тақырыбында апталығы болып өтті.

Апталықтың мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттін арттыру.

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты.
Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар Хайам, Әл-Фараби жолын қуса
Елімнің болашағы гүлденеді.

Апталық жоспарымен бастауыш сыныптарының бірлестік жетекшісі: Низанбаева Роза 22 қаңтар күні апталықтың жоспарымен таныстырып, оның мақсат міндетін түсіндіріп өтті. Дүйсенбі күні 4-сыныптар арасында «Кім тапқыр» сайысы өткізіді. 4б-сынып жетекшісі Бөлекова Рабиғаның ұйымдастыруымен өткізілді. Мұғалім сайыстың тақырыбымен және мақсатымен таныстырды. 4а,б-сыныбынан екі топ қатысты. 1. «Жүйріктер» 2. «Ұшқыр» Әділқазылар алқасын сайлап алды. 1 туры бойынша Сұраққа жауап сайысқа 10 ұпайдан қойылды. 4 цифр арқылы 5 таңбалы сан жазу. 2.Бір нүктесі бар сызықты қалай атаймыз? Ең кіші үш таңбалы сан? Деген сияқты сұрақтарға жауап берді. Тез есептен үйрен Мақал-мәтелдің құрамындағы санды табыңдар? Балалар белсене қатысты. Сайыс қызықты және тартымды өтті. Соңында «Жүйріктер» тобы 4а-сыныбы- 95 ұпай, «Ұшқырлар» тобы 4б-сыныбы -90ұпай жинап нәтижесінде 4а-сыныбы жеңіске жетті. Ерекше көзге түскен оқушылар Дамир Алина, Қалберген Н, Шымболат, Зұлхарнай Қ. Асанбек Аяулым

23.01.2018 жылы «Білімді мыңды жығар» сайыс сабағын 1а-сынып жетекшісі Ниязбекованың ұйымдастыруымен 1а,б- сыныптары арасында өтті. Зәбира сайысты бастама бұрын екі сыныптан тапсырма беру арқылы балаларда іріктеп алды. Екі сыныптың үздіктері суырылып ортаға шықты. Мұғалім сайыстың мақсатымен және барысымен таныстырып өтті. Әділ қазылар алқасын сайлады. Бастауыш бірлестік жетекшісі:   Низанбаева Р. Мектептің тәлімгері: Әлібекова Г. Бастауыш сынып мұғалімі: Рашитова Э

Сайыс барысы 1-бөлім Бәйге 2-бөлім Ғажайып пәндер 3-бөлім Мықты болсаң тауып көр. «Қыран», «Тұлпар» тобы болады. Топ басшылары мен және топ мүшелерімен таныстырды. І. «Бәйгеде» сайысында әр топқа төрт сұрақтан қойды сол сұрақтарға оқушылар жауап берді.

ІІ. «Ғажайып пәндер» сайысында 1 тапсырмасы топтық жұмыс болды. 2 тапсырмасында жұппен жұмыс жасады. Математикалық амалдарды орындады. 3 тапсырмасы жеке тапсырма болды. Осы тапсырмада балалар шатасып жаттты. Тапсырма барысында «Қыран» тобынан Әбілпатта Гүлсезім «Тұлпар» тобынан Ысқақ Айжан ерекше көзге көрінді.

ІІІ. «Мықты болсаң шешіп көр» жұмбақ жасыруда балар қаза тілін жақсы айтты. Ерекше ағылшын тілін біліп отырған оқушы Ысқақ Айжан Балтабай Бақдәулет, Айнаралар белсене қатысып, нәтижесінде «Қыран» 19 ұпай «Тұлпар» тобы 14 ұпай жинап «Қыран» тобы жеңімпаз атанды.

24.01.2018жылы 3-сыныптар арасында «Сөз мәйегі-мақал» тақырыбында сайысты 3б-сынып жетекшісі Айтлеуова Ақмаралдың ұйымдастыруы өткізілді. «Сөз мәйегі-мақал» жарысының мақсаты: Оқушыларды «Сөз мәйегі-мақал» дегендей, ата- бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы адамгершілікке, ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету. Халқымыздың сөз өнері мақал-мәтелдердің мағанасын ұғып, ойда сақтап көп білуге үйрету, бабалардан қалған ұлағатты ғибрат арқылы сөздерін балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге үйрету. Барысымен және апталықтың үшінші күні үшінші сыныпқа сәйкес келіп отырғандығы тегін еместігін сондықтанда сайысты нәтижелі және биылғы жылдың ерекшелігі «Рухани жаңғыруға» өз үлесімізді қосатындығы жайлы айтып түсіндірді. Математикалық санға байланысты мақалдың мұғалім бастапқы жолын Ақмарал өзі айтты келесі жолын мақалшылар жалғастырды.1. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

  1. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар осылай қызықты әрі екі сыныптыңда балалары белсене қатысты. Оқушылар өздері шығып білетін мақалдарын қойды оны келесі сынып балалары жалғады. Сыныптың оқушылары мақал-мәтелдерді өте жақсы біледі екен. Соңында екі сыныптан белсен қатысқан оқушылар мектепішілік марапаттқа ұсынылды. 3а-сыныбынан М.Әшірбай, Д.Сейілбек, А.Махамбет, А.Бөлеген, Б.Утеулиев, Жұмаділла. 3б-сыныбынан К.Нәлібай, А.Самадин, Н.Жамалдин, Ұ.Бидаш, С.Әбдіғани, М.Ұзақбай.

25.01.2018жылы 2а,б-сынып оқушылары арасында «Ғажайып математика әлемі» сайыс сабағын 2а-сынып жетекшісі Тасжанова Нәзираның ұйымдастыруы мен өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту. Іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа және білім аулуға бәсекеелестікке баулу. Сайысқа «Алғырлар», «Дарындылар» тобы болып қатысты. 1 тапсырма берілді ол тапсырмалады оқушылар ұйымшылдықпен және ұқыптылыққпен орындап шықты. Бұл сыныптың ерекшелігі жаратылыстылыстану -математика бағытындығы ғылымның саласында сынып жетекшілері мән бергендіктері көрініп тұр. Сабақ соңында еркеше көзге түскен оқушылар аталып ауызша мадақтаулар айтылды және мектепішілік мадақтауға ұсынылды. 2а-сыныбынан Скендір Жансая, Әбіламит Шоқан, Әуелбек Нұрасыл, Ыбырай Жаннұр. 2б-сыныбынан Әмірбекова Мерей, Мырзабай Спандияр, Тілеубай Бекболат, Жомартұлы Бақдәулет.

26.01.2018 жылы Мектепалды даярлық сыныптарында «Заттарды топтап, бөліп алу» ойыны өткізілді. Рашитова Эльмираның ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты: Балаларды топтап бөліп алу туралы білімдерін анықтау. Сурет бойынша жұмыс жасау арқылы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Жарыс үш бөлімнен тұрды. Біріншісі артық затты тап, екіншісі менің көршімді тап, үшіншісі жасырынған санды тап. Топтарға бөліп, сандардың тура және кері санатып, жыл мезгілдерін айтты. Соңында қорытындылап, топтарға Алғыс хатпен марапатталды.

27.01.2018ж бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Низанбаева Роза мектептегі іс-шараға белсен қатысқан оқушыларды марапаттап және апталықтың мақсатының орындалғанын нәтижесінде балалардың білімге деген құштарлықтарын атап өтті. Сынып жетекшілеріне және іс-шараны өткізген пән мұғалімдеріне алғыс білдірді.

Низанбаева Роза,
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
№56 қазақ орта мектебі, бастауыш пән бірлестік жетекшісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.