Home » Поэзия » Марат САЙДАЛИН. Егемендігімізге жиырма бес жыл

Марат САЙДАЛИН. Егемендігімізге жиырма бес жыл

 

 

Жиырма бес шумақ арнайын мен еліме,

Бірінші айтарым бейбітшілік төрімізде.

Екінші айтарым бірлігіміз бар жарасқан,

Біз елміз «Мәңілік –ЕЛ идеясымен» алға басқан.

 

Үшінші айтарым Көшбасшымыз бар Нұрағамдай,

Көшті бастап келеді қажырлықпен кейін қалмай.

Төртінші айтарым төбемізде көк байрағымыз,

Халықтар Ассамблеясы бар құндылығымыз.

 

Бесінші айтарым құтылдық атом қаруынан,

Таймадық,тайсалмадық алған жолдан.

Алтыншы айтарым ғарышты біз игердік,

Батырларымыз болашаққа үлгі дерлік.

 

Жетінші айтарым алысқа көз тастадық,

2030-ды шамамен тез атқардық.

Сегізінші айтарым жеткенімізді місе тұтпай,

2050-ге тіке тағы жол бастадық.

 

 

 

 

Тоғызыншы айтарым шекарамызды шегендедік,

Ешқандай елге ұпайды жібермедік.

Оныншы айтарым танылып барша әлемге,

Астанамыз бар көркейген әйгілі жер әлемде.

 

Он бірінші айтарым жерімізде тоғысқан  халық,

Ұлы далада жарасымды өмір сүруде танылып.

Он екініші айтарым Тәуілсіздігіміз өзі оңынан келіп,

Жаңаша болды Отанымызда бәрі ерекше өзгеріп.

 

Он үшінші айтарым Азияның барысымыз,

Осы жылдары бар берекелі табысымыз.

Он төртінші айтарым экономиканы нық көтердік,

Өздік саясатымызды ептілікпен ілгерлеттік.

 

Он бесінші айтарым инвесторларды тарта білдік,

Осымен көтерілді біздің жақсы тірлік.

Он алтыншы айтарым әлемнің діни өкілдері,

Астанамызда талқыға салды діндерді Әлемдегі.

 

Он жетінші айтарым бірлікпен өрге бастық,

Жан жағымызға бейбітшілікпен шуақ шаштық.

Он сегізінші айтарым тереземіз теңелді бар елдермен.

Біз қазақпыз қайсарлықпен бар қиындыққа төтеп берген.

 

Он тоғызыншы айтарым жетістігіміз теңеледі жүз жылдыққа,

Бір болдық Елбасымен бірге жылдардағы қиындықта.

Жиырмасыншы  айтарым  көп ұлтты ел болсақта,

Татулықпен үлгі болдық сабырлықпен барша жұртқа.

 

 

 

 

 

Жиырма бірінші айтарым құрлыстар бой көтеруде,

Бұрынғы ғимараттар жаңартылып жөнделуде.

Жиырма екінші айтарым дүниежүзілік жиылыстар,

Самиттен бастау алып елімізде сан мәрте өткізілуде.

 

Жиырма үшінші айтарым ғылым, білімде даму үстінде,

Жол басталды болашақ үшін үш тілділікке.

Жиырма төртінші айтарым «болашақ» бағдарламасы,

Жастардың білімді болу болашағына жол салды.

 

Жиырма бесінші айтарым елге ел қосылса кұт дегендей,

Бауырларымыз оралуда Отанына еш өкінбей.

Төл тоймызға арналғандай астық биыл бітік шықты,

Шарауаларымыз жақсартады тіршілікті.

 

Тәуелсізбіз тәубә дейік біз бүгінде ширек ғасыр,

Қазақстаным ТМД арасында гүлденіп келе жатыр.

Баршаға айтарым Қазақстандық  бауырларым,

Енді біздің аспанымызда қара бұлт торламсын.

 

 

Елімізде биыл болады Дүниежүзілік көрме,

Соны өткізейік бірігіп өзімізді танытып басқа елдерге,

Жақсы өткізіп көрмеде еліміздің асқақтатып мәртебесін,

Отанымызда жоспарланған жасыл экономика өркендесін

 

 

 

Егемендігімізге биыл болады жиырма бес жыл,

Ұлылардың ұрпақтарымыз, дараларымыз бар тағы дүлдүл.

Алдымызға үміт қойып жарты ғасырда тағы бір толғансам.

Бүгінгі жазғаным табылар ұрпақтарыма мұрағаттан

 

 

Жаза берсем жүректен мен тоқтай алмаймын,

Бір болайық арқашан Тәуелсіздік жолында біз Ағайын.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры одан әрі биік болып,

Осы жолдармен Егемендікке деген толғанысымды аяқтайын.

 

 

Марат САЙДАЛИН,

«Өрлеу» БАҰО АҚФ «Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ»

 

 

.

 

 

 

 

 

.

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.