Home » Білім және тарих » Кретариалды бағалаудың білім сапасына әсері

Кретариалды бағалаудың білім сапасына әсері

Оқу процесінде әсіресе бағалау жүйесіне қатысты күрделі мәселелер жиі ұшырасады. Ата-аналар, оқушылар тарапынан қойылған бағаларға келіспейтінін білдіріп, теріс көзқарастарының қалыптасуы бағалауда нақты талаптардың аздығынан болса керек. Жаңаша білім беру үдерісімен бірге оқушылар білімін бағалаудың да талаптары жаңаруда. Кретериалды бағалау жүйесінің оқушылардың білім сапасының өзгеруіне өзіндік әсері бары байқалады. Кретерийлер ол оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын нақты өлшемдер болып табылады. Ал, кретериалды бағалау оқушыларға алдын-ала таныс олардың білім мазмұны мен мақсаттарына сай, оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған нақты өшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға, бағалауға арналған үдеріс болып табылады.

Кретериалды бағалаудың практикалық маңыздылығы:

* оқушының жеке жұмысы нақты бағаланады;

* оқушының жұмысы алдын-ала берілген кретерийлар бойынша бағаланады, оқушылар арасында бәсекелестік артады;

* бағалау кретерийлері нақты оқу мақсаттарын айқындайтындықтан оқушылар білімі нақты өткен тақырыптар төңірегінде бағаланады;

* оқушылар білімін бағалаудың анық алгоритімі болғандықтан өз білімдерінің деңгейін біле отырып ата-аналарына да ескерте алады;

* Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен оқуға деген мотивациялары өзгереді, білім олқылықтарын жоюға тырысады;

* оқушы, ата-ана тарапынан баға қоюдағы сын-пікірі жойылады.

Кретериалды бағалаудың төмендегідей кемшіліктері болуы мүмкін:

— кретериалды бағалауды енгізу процесінің баяулығы; — ата- аналар тарапынан түсініспеушілік; — бұл жүйе туралы мұғалімдердің теориялық-практикалық білімдерінің жеткіліксіздігі; — мектеп әкімшілігі тарапынан кретериалды бағалау жүйесін енгізуге қолдау мен бақылаудың болмауы немесе аздығы; Кретериалды бағалаудың мақсаты: — оқушылардың оқу ынтасын жетілдіру арқылу оқу сапасын арттыру — бағалау жүйесін әлемдік стандартқа сәйкестендіру; Кретериалды бағалаудың міндеттері: — Оқу процесінің барлық кезеңдерінде оқушылардың дайындық деңгейін анықтау; — Оқу бағдарламасының тиімділігін анықтау; — оқушылардың оқу бағдарламасын меңгеруін анықтау; — оқушылардың оқу үлгерімдерін жақсартуға бағыттау; — оқу процесінде оқу материалдарын меңгеруде оқушы, ата-ана,мұғалімдер арасында өзара кері байланысты қамтамасыз ету; * оқушы әр атқарған іс-әрекетіне сәйкес бағалау мәнін түсіну; Кретериалды бағалаудың атқаратын функциялары: * оқыту * бақылау * дамыту * тәрбиелеу * диагностика жасау * мотивация жасау

Бағалау кретеийларын мұғалім нақты жоспар бойынша өтілетін тақырып төңірегінде оқушылар қандай іс-әрекет жасайтындығын анықтап алуы тиіс. Кретерилер неғұрлым анық болған сайын бағалау соғұрлым обьективті болмақ. Кретерий жасау барысында қойылатын талаптарға оқушылардың өздерінің де ойларын қосуға болады. Бағалауда оқушыларды ауызша бағалау, өзара-бағалау, т.б. түрлерін қолдануға болады. Оқушылардың өзара бағалауында олардың арасындағы шынайылық пен сыйластық қатынастары артады. Бағалауда мұғалімнің ролі ерекше. Мұғалім бағыт беруші ретінде оқушыға бағыт, қолдау көрсете отырып кері байланыс

орнатады.Оқушылардың білімін қадағалап, олардың білім деңгейлеріне диагностика мен мониторинг жасайды.

Кретериалды бағалаудың ата-ана, мұғалім, оқушы үшін де пайдасы көп. Кретериалды бағалау арқылы өзара байланыс жасай отырып, оқу сапасының жақсаруына өзіндік ролі артады. Кретериалды бағалау оқушының өзіндік білім алуына жетелейді, тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2014 ж.

2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Бірінші (ілгерілі) деңгей. 2014 ж 3. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

4.У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование

в современной школе» — Алматы; 2009 г.

Астана қаласы №59 мектеп-лицейінің
тарих пәні мұғалімі
Шнанов Ө.Р.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.