Home » Айтарым бар » Мамандығым мақтанышым!

Мамандығым мақтанышым!

Ұстаз – мәртебелі мамандық!

Баланы жан тәнімен сүйе біліп, жүрегінен орын алған адам ғана ұстаз бола алады. Ұстаз болу жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру ғана емес, өмір бойы үлкен ізденісті талап етеді. Өзің шын мәніндегі оқушы болғанда ғана, ұстаздыққа қол жеткізе аласың деп ойлаймын.

Мен өз мамандығымды жақсы көргендіктен оның мәртебесі мені ойландырмай қоймайды. Ұстаз мәртебесін асқақтатып, қоғам алдына шарықтата алсақ, алға қойған міндеттеріміздің жүзеге асқаны.

Менің түсінігімде, біріншіден ұстаз міндеті өз пәнін шәкірттеріне терең меңгерту. Әр баланың өзіндік ғажайып әлемі бар. Әрбір ғажайып әлемнің қыры мен сырын ашу, ұстаздың ұстаздық борышы.

Әбу Насыр Әл — Фарабидің «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген қанатты сөзін үнемі жадымда сақтаймын. Себебі; тәрбие бар жерде білім бар, білім бар жерде ғылым бар, ғылым дамыған жерде жарқын болашақ бар.

Біз өмір сүріп жатқан XXI ғасыр білім жүйесіндегі инновациялық жаңғырту процестерінің  қарқынды жүріп жатқан кезі. Әлемде болып жатқан жаһандану жағдайы бала тәрбиесін зерттейтін педагогика ғылымына да түбегейлі өзгерістер әкелуде. Жаңа заманның жас жеткіншектері жаһандану үрдісіне етене кірісіп кеткендей. Бұл жайындағы ақпараттар да телегей теңіздей көп. Ал бүгінгі ұстаз олардың білім сапасы мен тәрбиесіне етене көңіл бөлу керек.

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» деген бар. Көп тіл білу, көптеген жаңа бағыттрға жол ашу. Мен өзге тілді өз ұлтыма, яғни, қазақ тілінен өзбек сыныптарына дәріс беремін. Қазақстанда тұрып жатқандықтан қазақ  тілін білу мен үшін қиындық туғызған емес. Себебі, тәжірибемде күнделікті қолданудамын. Қазақ тілін  үйрету арқылы, қазақ халқының тілін, дінін, болмыс бітімін, ұлттық құндылықтарын меңгердім. Екі ұлттың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін оқушы қауымына жеткізу арқылы тәжірибемді жетілдіріп отырамын.

Ағартушылық жолдағы басты мақсатым, Жаңа идеялар мен жаңа бағыттарға жол ашу. Бұл мен үшін үлкен мәртебе! Заманның ағымы да талабы да солай. Бір сөзбен айтқанда, жаңашылдықты жаңғырту! Қараны ағрту! Қараңғыға жарық сыйлау!

Мен мамандығыммен мақтанамын, өйткені мамандығым менің мақтанышым!

 

 

                                                                                                   Юлдашева Дилфуза
Түркістан облысы, Сайрам ауданы
№100 ЖОМ

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.