Home » Мақалалар » Бақытын еңбектен тапқан жан

Бақытын еңбектен тапқан жан

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында курстан өтіп және «Мектеп кітапханасы-білім беру және мәдени-ақпараттық орталық» вебинарына қатысқаны үшін «Қостанай каласы әкімдігінің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ мектеп кітапханасының меңгерушісі Уаисова Бақыткүл Арыстанқызы сертификат алды.

Мектеп кітапханасының максаты оқушыларға кітапханада бар аныктама әдебиеттерін таныстыру, окушылардың ақпараттык мәдениетін көтеру. Окушылардын уакытты үнемдеп өздеріне кажетті материалдарды тез тауып оқу үшін тақырыптык папкалар жасалған. Бастауыш сынып окушыларына библиографиялык ұсыныстық тізім дайындалған. Кітапханада библиографиялық анықтамаларды есепке aлy журналы жүргізіледі.

Мектеп кітапханасының алдына қойған міндеті – окушыларды оқу мәдениетіне, кітапкұмарлыққа, білімпаздыкқа тәрбиелеу. Окушыларды кітап окуға баулып, көркем шығарманың кереметтігін сезініп, дүниетанымын кеңейту мақсатында қазақ ақын-жазушыларының атаулы күндеріне арнап түрлі көрмелер ұйымдастырылды. Атап айтсак, Мәриям Хәкімжанованың 110 жылдығына арналған апталық өту барысында «Бар қазаққа ана едің…» атты кітап көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде жазушының шығармалары мен естеліктер, және отбасылық фотобейнелер көрсетілді.

Сонымен қатар мектеп кітапханасында М.Хәкімжановаға арналған тұрақты кітап көрмесі жұмыс істейді.

Жоғарыда айтып кеткендей, кітапханада Қазақстан жазушыларының туған күндеріне арналған ақпарат беріліп тұрады. Оқу жылында Н.Ановтын 75 жылдығы, З.Шүкіровтың, К.Садықовтың 85 жылдықтары, Дулат Бабатайұлына арналған «Бір ел – бір кітап» ақциясы 9 сынып оқушыларымен өткізілді.

Кітапхана қызметінің маңызды бағыты бұл көрме арқылы кітапхана қорын байыту.

Сонымен бірге тұрақты түрде жұмыс істейтін кітап көрмелері бар: жол жүру ережесі, патриотизм тәрбиесіне байланысты «Ең қымбат қазына — тіл», «Менің елім — Қазақстан». Атаулы күндерге арналған жылжымалы кітап көрмелері ұйымдастырылған – рухани келісім күніне арналған «Елдің қуаты – халықтың бірлігінде», тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – халық мұрасы» т.б.

Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу максатында мектепте өткізілген Қазақстан Тәуелсіздігінің мерекесіне орай «Тәуелсіздік белестері» атты кітап көрмесі жасалған. 7 сынып оқушылары қалалық кітапхана ұйымдастырған «Тербет елді – Тәуелсіздік ұраны» атты әдеби кешке қатысты. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты іс-шараға фотосурет және кітап көрмесі жасалынып, Президенттің өмірі мен кызметі жайында еңбектермен таныстырыды. «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау мақсатында мектепте кең көлемде кітап көрмесі жұмыс жасайды. 1-11 сынып оқушыларына арналған көрме жыл бойы толтықтырылып, оқушыларға шолулар өткізіліп тұрады.

Бақыткүл Арыстанқызы өз жұмысында кәсіби басылымдардан ақпаратты алып («Мектептегі кітапхана» газеті, «Қазақстан мектебі», бұйрықтар, хаттар, кітапхана қоры туралы нұсқаулар, Интернет-кітапханалар және кітапхана қызметі тұралы сайттар), сонымен бірге ең жақсы кітапханашылардың тәжірибесімен бөлісіп, семинарларға, іс-шараларға қатысып отырады.

Мектеп кітапханасы жыл бойы мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне көпшілік іс-шараларды, сынып сағаттарды өткізуге көмектесті. Әдебиеттін, сценарийдін, өлендердін таңдап алуы өткізілді; кітап көрмелері көрсетілді. Кітапхана кітап оқуды насихаттады. Жүйелі түрде кітап оқуға шақыруға тырысты, мерзімді басылымға қызығушылықты дарытты, оқырмандармен жұмыс жүргізілді.

 

Раисова А.Е.

«Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы

Қостанай облысы бойынша

ПҚ БАИ кітапханашысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.