Home » Мақалалар » Мамандығым – болашағым ертеңгі

Мамандығым – болашағым ертеңгі

 «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне

икемділік қажет, бұл жай күнелту,

тамақ асыраудың  ғана жолы емес,

өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе

Ж.Аймауытов

Жалпы мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Сол мамандықтарды таңдау мектеп қабырғасынан басталады.

Мамандықтар дайындаудағы басты мақсатымыз – студенттердің мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта колледжімізде, оқу орнында мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру. Өзі оқып жатқан мамандығының дұрыс таңдалғанын сезіндіріп, маңыздылығын айқындау.

Алға тарт деп, жас жүрек бұлқынады,

Балалықпен қоштасар күн туады.

Он жылдықтан шыққандар оқу іздеп,

Бір оқуға түсуге ұмтылады.

Не демекпіз шөліркеп дала жатса,

Не болмақшы теңіз бен құм араласса?

Жұмыс іздеп, уақытша келгендермен,

Кешіп жатыр өз күнін балабақша.

Бала бағу, оны ешкім жаратпады,

Заң маманы болуды қалап бәрі.

Мамандығым бойынша жұмыс тапсам,

Орындалған талабымның сынақтары!-дегендей, cтуденттердің мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту, өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта колледжімізде, оқу орнында мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу.

Студенттердің дүниетанымын, ізденімпаздық, жауапкершілік, ойлау, танымдық қабілетін дамыта отырып, өз алдына мақсат қоюға, мақсаттың орындалуына қадам жасай білуге қалыптастыру.

«Мамандық» сөзінің өзі латын тілінен аударғанда: «жұрт алдында сөйлеу, жариялау», дегенді білдіреді екен. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйенуі керек.

Сол айтқандай қазіргі таңда өзіміздің еңбек етіп, студенттерге білім мен мамандықтың қыры мен сырын үйретіп келген «Каспий өңірі «Болашақ» колледжінде де бірнеше мамандықтарға студенттер білім алып келеді.

Мамандықтың ордасы,

Каспий өңірі «Болашақ».

Бұл колледжден табасың,

Тәрбиеші, сәулетшіні, заңгерді де болашақ.

Ғимаратты да саламыз,

Теңіз электромонтажшысы да боламыз.

Су көлікті мініп ап,

Кеме жөндеуші, слесарь да боламыз.

Есеп пенен аудиттің,

Меңгереміз қыр сырын.

Экологиямыздың жағдайын,

Жақсартудан, қапы қалып қоймайын.

Дене менен спортты,

Алға коямыз әрқашан.

Мұнай менен газды да,

Қара алтын деп, бағалап.

Еліміздің байлығын,

Жеріміздің байлығын,

Игеретін, маман боламыз қашанда.

Техник бағдарламашы,

Маманы да боламыз.

Шәкіртке білім беретін,

Ұстаз да, біз боламыз.

Мен таңдаған мамандық,

Болады заман талабы.

Ертеңгі ұрпақ сенетін,

Елімізге қызмет ететін,

Біз боламыз – өз ісінің маманы!

Еңбек нарығындағы негізгі басты міндет маман дайындау болса, біздің колледждің басты мақсаты сұранысқа ие мамандар дайындап, өлкеміздің негізгі басты мамандықтар тапшылығын арттыру.

Агатаева Тазагул Утеулиевна

 «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.