Менің әжемде өзінің жүрегіне жақын заттар салынған қобдишасы бар. Оның ішінде алтын, әшекей бұйымдар емес, майданнан келген хаттар.
Хаттардың бірінде:
-«Сәлеметсіз бе, менің отбасым? Мен сізді және өз үйімді тастап, майданға кеткеніме бар жоғы 8 ай өтті. Гитлер біздің барлық бақытты, өмірімізді сындырды. Біз әлі ұзақ кездеспейміз, бірақ жеңіс біздікі болатынына сенімдімін. Қалайсыз? Асығыс жазып отырмын. Әлгінде қолымды жарақаттап алғанмын. Қазір фашистерді батысқа қарай қууды жалғастырып жатырмыз»-деген екен.
Сарғайып кеткен қағазды қолымда ұстап тұрып, кейбір жерлерде сия көрінбей қалғанын байқадым. Бұл менің әжемнің ағасының майданнан жазған хаттары.
Мен екі мыңыншы жылы туылдым. Әжемді жақсы көремін және құрметтеймін, қадірлеймін. Әжемнен ағасы туралы көп сұраймын.
Соғыс туралы кинофильмдерден, кітаптардан және ата-әжелерімнің әңгімелерінен білемін. Әжемде тек естелікке қалғаны оншақты хат. Соғыс кезіндегі бұл хаттар, тек солдаттар мен отбасын қосатын «жіптер».
Мен бұл хаттарды оқып отырып жылап жібердім. Ұлының, ағасының, тіпті апа-қарындастарының хаттарын асыға күтетін адамдар қаншама, балалар ше?
Бұл эссені жазып отырғанымда, осындай миллиондаған адамды өлтірген, отбасының бақытын бұзған, балаларды жетім қалдырған соғыс енді қайталанбасын. Ата-әжелеріміздің басынан өткен қайғыны, біздің басымызға түсірмесін деп тіледім.
Шынында да, қалған хаттарды мұқият қарап шықтым. Бұл хаттарды сақтап қойған әжеме үлкен рахмет. Себебі, бұл естелік, әжемнің майданда жүріп жазған ағасының хаттарынан қалған мәңгі өшпес мұра болып қала бермек.
Қуанғалиева Зарема
Жаңаөзен мектеп-лицейінің
11 «А»-сынып оқушысы