Home » Балабақша » Ләззат Бегалиева. Елбасы жолдауына қолдау балабақшадан басталады

Ләззат Бегалиева. Елбасы жолдауына қолдау балабақшадан басталады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты ұлттық сананы айқындайтын және қоғамдық сананы өзгерту жолдарының жалпы бағыттарын белгілейтін дүниетанымдық-идеологиялық бағдарламалық мақаласында жаңа тарихи кезеңге тән қатерлер мен тәуекелдерге жан-жақты баға беріп, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің терең көзқарасын білдіріп, экономикалық реформаларды жариялаған болатын.
   «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты  бағдарламалық мақаланы насихаттау бағыты бойынша жұмыстар бүгінгі күні қарқынды жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ, 2018 жылдың 20 ақпан күні Қызылорда облыстық білім басқармасының және Қызылорда қаласы қалалық білім бөлімінің жоспарына сай, Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен «Ұлттық жаңғыру–ұлттық сананың кемелденуі» тақырыбында Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласын талдау, қолдау, насихаттау мақсатында Қызылорда қаласы білім бөлімінің «Сыр бөбегі» балабақшасы КМҚК-ны базасында ата-аналар арасында облыстық дөңгелек үстел өткізді. Ісшараға қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Дүйсенбаев Бақытжан Жұмабайұлы, әдістемелік кабинетінің маманы Аекенова Гульжазира Шырынханқызы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Құдайбергенов Қазыбай Құдайбергенұлы, «Халықаралық қазак тілі қоғамы» Қызылорда филиалының директоры, республикалық «Тіл сақшысы» газетінің редакторы Аңсатов Садуақас, М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінің оқытушысы Ержанова Айнаш Оспанқызы, «Білім айнасы» газетінің тілшісі Қуаныш Әлібек Мұханұлы, «Сыр бойы» газетінің тілшісі Жұмадинова Айдана Нұртайқызы және «Ақмешіт апталығы» газетінің өкілдері шақыртылып, қатыстырылды. 83 қызметкер, оның ішінде 39 педагог маман жұмыс жасайтын балабақша ұжымы балабақшаға келген қонақтарды қарсы алу үшін ата-аналардан құралған ата-аналар ансамблін ұйымдастырды. Ансамбл «Кеңес», «Қосалқы» және т.б күйлері арқылы қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлап, қабылдап алды.
Балабақша топтарындағы Рухани жаңғыру бағдарламасына байланысты көрнекіліктері, балабақшаның ІІ қабатының дәлізіндегі балабақша тәрбиеленушілерінің, педагогтарының және ата-аналардың «Туған жерім тұғырым!» тақырыбындағы шығармашылық көрмесін дөңгелек үстелге қатысушылар тамашалады. Қашанда жаңашылдыққа жаны құмар балабақша меңгерушісі М.Кунхожаева бұл жолы да белсенділік танытып, балабақша ғимаратының сыртына, ішіне,  фойеге стенд, ғимараттың қабырғаларына «Рухани жаңғыру» тақырыбында көрнекіліктер іліп, Тәулсіздігіміздің қандай ауыр жолмен келгенін, халқымыздың қандай ауыр да азапты жолдардан өткенін еске түсіру мақсатында, балабақша педагогтары ата-бабаларымыз аңсап кеткен тәуелсіздікке қол жеткізіп, бейбіт заманға жеткен сәттері бейнеленген «Туған жер – тұнған тарих!» тақырыбындағы көлеңке театрының қойылымын көпшілік назарына ұсынды. Көлеңке театырынан соң М.Шахановтың «Төрт Ана» өлеңін балабақша ата–анасы М.Серікбаева оқып, дөңгелек столға қатысушылардың патриоттық сезімдерін оятты.
Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Дүйсенбаев Бақытжан Жұмабайұлы дөңгелек үстелді салтанатты түрде ашып, дөңгелек үстелге жиналғандарға ел ертеңі үшін атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі. Облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Дихамбаева Гүлнар Батырбекқызы сөз сөйлеп, жаңғыру бағытында атқарылып жатқан істерге тоқталды. «Сыр бөбегі» балабақшасының бүлдіршіндері ортаға шығып Серік Сейітманның «Рухани жаңғыру» атты өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, қатысушыларды үлкен рухани  әсерге қалдырды. «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің профессоры, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Құдайбергенов Қазыбай Құдайбергенұлы және «Халықаралық қазак тілі қоғамы» Қызылорда филиалының директоры, Республикалық «Тіл сақшысы» газетінің редакторы Аңсатов Садуақас Әбдіжамиұлы қатысушыларға «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Елбасы Н.Назарбаевтың жолдауын таныстырып, дөңгелек үстел басында Елбасының жолдауы аясында әңгіме кеңінен өрбіді.
Іс–шара барысында «Білімнің салтанат құруы», «Балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу жолдары», «Туған жер–туған ел» тақырыбында баяндамалар оқылып, балабақша психологі А.Найзабекова «Ой толғау» пікір – талас жүргізіп, «Рухани жаңғыру» туралы қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Дана халқым «Күш – білімде, білім — кітапта» деп бекер айтпаған балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, мақсатында «Балама кітап сыйлаймын…»-акциясы жүргізіліп, балабақша бүлдіршіндеріне 30 дана кітап сыйланды. Бүлдіршіндер сыйланған кітаптарға мәз болысып, алғыстарын үш тілде білдірді. Шара соңында балалар «Мәңгілік ел» әнін үш тілде хормен орындады. Шараны ата-аналардан құрылған трио «Саржайлау» әнімен қорытындылады.
Облыстық оқу орталығы директорының орынбасары Гүлнар Батырбекқызы дөңгелек үстел жұмысын өте жоғары деңгейде кәсіби шеберлікпен дайындаған «Сыр бөбегі» балабақшасының ұжымына алғысын білдіріп, алдағы уақытта үлкен шығармашылық табыстар, биік белестерден көріне берулеріне тілек білдіре отырып, жұмыс көрсеткен педагогтарға Облыстық оқу орталығының сертификаттарын табыстады. Жалпы осы оқу жылы барысында ата-аналар жиналысы өткізіліп, Елбасының мақаласымен ата-аналар таныстырылған.

Ләззат Бегалиева,
«
Сыр бөбегі» балабақшасының орыс тілі мұғалімі

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.