Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
ойлану – ең ізгі жол;
Еліктеу – ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.
Бенедикт Спиноз
«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» — деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, балабақшада баланың таным процесін ізгілендіру мақсатында көптеген оқу-тәрбие үрдістері, жан-жақты ұйымдастырылып өткізіледі.
Егемен еліміздің ертеңіне өз үлесімізді қосқымыз келсе, бала – болашағымыз десек, сол балаға жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек.
Қай ғасырда болсын ұлт өнерін өркендетуші сапалы, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдында әрбір тәрбиеші ұстаздың басты міндеті болып саналады.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты мектепке дейінгі тәрбие мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Балабақшада жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты: оқыту мен тәрбиелеуде инновациялық ойын технологиясының элементтерін пайдалана отырып, жан-жақты, білімді, құзыретті тұлға тәрбиелеу.[1]
Мектепке дейінгі баланың тілін дамыту әрқашанда өзекті мәселе болып табылады. Қазіргі таңда баланың тілін дамыту процесін түзетудің көптеген әдістері бар. Баланың тілін дамыту барысында жағымды эмоцияналды қалпын ұйымдастырып, өзінің тілін белсенді дамытуға деген қызығушылығын тудыру керек. Ең тиімді және қызықты да, қолжетімді баланың іс-әрекеті бұл – ойын.
Тіл дамытудағы ойынның негізгі мақсаты:
- Тілді дұрыс меңгерту;
- Ауыз екі сөйлей білуі;
- Көркем сөз үлгілерін үйрену және игерілген білімдерін қолдана білу;
Тіл дамытудағы ойынның негізгі міндеттері:
- Әр сөзді тұрақты түрде есте сақтау;
- Балаларға таныс заттарға байланысты сөздерді үйрету;
- Сөздік қорын молайту;
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру арқылы дұрыс сөйлеуге үйрету.
Осындай мақсат міндеттерден кейін біз қандай нәтижені күтеміз:
- Балаларға қазақ тілінде сөйлеп, мектеп табалдырығын аттағанда білетін сөздерін емін-еркін айта алатын деңгейге жетеді.
- Қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс оқылып, дұрыс айтылу дағдысы қалыптасады.
- Ойын кезінде баланың ұйымдастырылған іс-әрекетке (сабаққа деген) деген қызығушылығы артады. [2]
Ойын мен Луллия шеңберінің екі жақты байланысы бар:
1. Бала ойын барысында белсенділік танытады және тілі дамиды;
- Ойын барысында ойынның өзі тілінің дамуы барысында күрделене түседі.
Мектепке дейінгі баланың ой-қиялын, шығармашылық қиялын дамыту өте маңызды деп саналады. Шығармашылық қиялы дамыған бала мектепте де жақсы оқып үлгілі оқушы болады. “Луллия шеңберлері” деген әдісті мен өз жұмысымда белсенді қолданып жүремін, осы әдісті пайдалануды жақын таныстырайын. Осы ойынды 13-ғасырда француз монахі Раймунд Луллия ойлап шығарған. Әр түрлі диаметрдің ауқымдар ортақ өзекке тізбектелген, өзектің үстіңгі бөлігінде нұсқауы бекітіледі. Ауқымдар қозғалады, барлық ауқымдар бірдей секторларға бөлінеді. Ауқымды айналдырсақ, нұсқаудың астында керекті секторларға тоқталады. Луллия осы секторларға – суреттерді, сөздерді, нақыл сөздерді жазады, көрінген адам сұрақ қойып, өз сұрағына жауап алатын. Жауабын түсіну үшін ой-қиялдарын пайдаланып ұғады. Балабақшаларда Луллия шеңберлері – қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, математика, сенсорика, көркем әдебиет, іс-әрекетерінде пайдалануға болады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға ойынды ұсынғанда 4 шеңберден аспау керек және 4-тен 8-ге дейін секторлары болу керек; 4 жастағы балаларға ойын 2 шеңберден болу керек, және әр шеңберде 4 ғана сектор болу керек; 5 жастағы балаларға әр түрлі диаметрдегі 2-3 шеңберден алынады және әр шеңберде 4-6 секторлар болу керек; 6-7 жастағы балаларға 4 шеңбер алуға болады және әр шеңберде 8 сектор болуы мүмкін. [3]
Луллия шеңберін қолданудағы мақсатым:
- Жалпыға бірдей білім стандартын ала отырып, әр баланы объективті түрде дайындау, нақты білім беру.
- Терең ойлау, өздігінен ізденіп, оқып-білу іс–әрекеттерін меңгерту.
- Жан-жақты дамыған, білімді жеке тұлға қалыптастыру.
Міндеттерім:
- Луллия шеңберін сабақтың түріне сай таңдап алу.
- Балалардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне көңіл бөлу.
- Топтағы бала санына қарай ойын түрін ұйымдастыру.
- Өтілген материалды ұдайы қайталап, тереңдетіп отыру.
- Сабаққа қатысу белсенділігін арттыруды қадағалау.
Луллия шеңберін қолданудың тиімділігі:
- Балалардың сабаққа деген қызығушылығы артады.
- Логикалық ойлауы және өз бетінше, топтық жұмыс істеу белсенділігі артады.
- Мақсатқа жетуге талпынады.
- Өз күшін, білімін байқауға, бақылап, бағалауға ынталанады. Білім беруде Луллия шеңберінің көмегі зор.
Ойын екі бөліктен тұрады:
- Белгілі бір сұраққа жауап табудан;
- Қиялын дамытуға арналған жаттығудан.
Ойын жүргізу барысы:
- Барлық шеңберде сурет орналастырылады. Мысалы:
1) Ағаштың түрі;
2) Оның орналасқан жері (бақ, орман, дала т. б);
3) Жемісі, тұқымы (алма, жаңғақ т.б)
Мақсаты қойылады. Балаларға сәйкестігін табу қажет.
Шеңберді айналдырып түскен комбинация бойынша әңгіме құрастырып, оның пайдасын айтады.
Мысалы: Шеңбердегі әр-түрлі суреттер арқылы сөз тіркестерін, жай сөйлемдер құрап үйрену.
Шарты: Берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді стрелкамен қосу.
Балық қайда жүзеді. (Балық суда жүзеді)
Дәрігердің көлігін не деп атаймыз? (Дәрігердің көлігін жедел жәрдем деп атаймыз)
Көбелек қайда қонады? (Көбелек гүлге қонады)
Мынау не? Бұл қайық. Қайық қай жерде жүреді? (Суда, қайық судың көлігі)
Мынау көкөністер. Көкөністер қай мезгілде піседі? (Күз мезгілінде піседі)
Сиырдың төлін не деп атайды? (Сиырдың төлін “бұзау” деп атайды)
Қыс мезгілінде қыстап қалатын құсты атайықшы (ол құс — “торғай” деп аталады)
Мынау – үлкен балық. Мынау – қандай балық? (бұл – кішкентай балық)
Тіл дамыту бойынша:
Тақырыбы : «Жауабын тап»
Мақсаты: Білімдік мәні: Балаларды сурет – ойын арқылы қарама-қарсы мағынасын тауып, айтуға үйрету. Жұптасып жұмыс істеуге үйрету.
Дамытушылық мәні: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын байыту.
Тәрбиелік мәні: Балаларды өжеттілікке, ептілікке, бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Міндеттері: Балаларды ойын шартымен таныстыру, қарама-қарсы сөздерді сөйлеу барысында қайталау. Заттардың, аңдардың суреттерін көлеміне қарай (бір – көп, жеңіл – ауыр) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан (бір – көп, ауыр – жеңіл, баяу – жылдам, үлкен – кішкентай) осы түсініктерді таба білуге дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша:
Тақырыбы: «Не қайда тұрады?»
Мақсаты:
Білімдік мәні: Балаларды ойын арқылы кейбір жануарлардың, құстардың, жәндіктердің тіршілігімен таныстырып, олардың маңыздылығы, пайдасы туралы білімдерге үйрету.
Дамытушылық мәні: Тірі табиғат туралы білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байыту.
Тәрбиелік мәні: Қоршаған ортадағы табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Нәтижесінде:
1. Бала ойын барысында белсенділік танытады және тілі дамиды. Сөздік қоры
молайып, әңгімелеу және сөйлеу тілі қалыптасады;
- Ойын барысында ойынның өзі тілінің дамуы барысында күрделене түседі;
- Дыбыстарды дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын сақтап айту
біліктілігін қалыптасады;
- Сөйлеу барысында тілдің грамматикасын сақтауға үйренеді және тілінің
морфологиялық қырын қалыптастырады;
- Әріптер таңбасымен танысады, буындап оқуға үйренеді;
- Ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін үйренеді (талдау, бекіту, жүйелеу, құрастыру);
7. Қоршаған ортамен танысып, қамқорлықпен қарауға тәрбиеленеді; - Танымдық процестері дамиды.
Ж.Аймауытов «Баланың оқуға ынтасын, белсенділігін арттыру үшін бір жаңалық болу керек» дегендей, әр тәрбиеші сабағында әртүрлі ойын түрлерін ұйымдастырып отырса, сабақты бала ұғымына, қабылдауына сәйкестендіріп, түрлендірсе, қызықты етіп ұйымдастырса балалардың көріп, ойнау арқылы есте сақтауы, кемшіліктерін жоюға ұмтылуы, логикалық ойлауы, шығармашылық т.б. қабілеттерінің дамуына, артуына үлесі орасан зор. [4]
Қолданылған әдебиеттер:
- Мемлекеттік жалпы міндетті мектепке дейінгі 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға білім беру стандарты. Ресми басылым. Астана. – 2016 жыл.
- Мектепке дейінгі ұйымда оқу-тәрбиелік процесте ойын технологиясын қолдану. Әдістемелік құрал. Астана. – 2014 жыл
- Ғаламтор көздерінен. Инновациялық технологияларды іс-тәжірибеде қолдану. 2014 жыл
- Отбасы және балабақша. №6 Луллия шеңберінің ерекшеліктері. 2014 жыл.
Абдумажидова Ирода Каримжановна
«Айша-Биби» бөбекжай-балабақша әдіскері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы,
Қарнақ ауылы