Home » Ашық сабақтар » Логика әлеміне саяхат

Логика әлеміне саяхат

Сабақтың мақсаты:

  • Тапқырлықпен тез есептеп, тез жауап берудегі ептілігі мен біліктілігін байқау.
  • Ой ұшқырлығы мен логикалық ойлауын дамыту.
  • Оқушыларды ізгілікке, ептілікке, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайд, ребустар, жұмбақтар

Сабақтың барысы:

  • Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңберін» құруға шақырамын.                                                   –

-Көңіл-күйлеріңіз қалай?

— Керемет!

— Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?

— Тамаша!

— Ынталарыңыз қалай?

— Ғажап!

— Ендеше сабағымызды бастайық!

— О, о, о

Топқа бөлу:

«Тіктөртбұрыш», «Үшбұрыш», «Шаршы»

Топ ережелеріне тоқталу:

  • Шаршы, тіктөртбұрыш, үшбұрыш дегеніміз не?Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонаққа «жұмбақ кейіпкер» келіпті. Кейіпкердің кім екендігін білу үшін әр топқа тапсырмалар берілген. Сол тапсырманы орындау арқылы кейіпкеріміздің бейнесін көреміз.
  • «Жұмбақ кейіпкер»

Балалар, бүгінгі біздің сабағымызға қонаққа «жұмбақ кейіпкер» келіпті. Кейіпкердің кім екендігін білу үшін әр топқа тапсырмалар берілген. Сол тапсырманы орындау арқылы кейіпкеріміздің бейнесін көреміз.

II. «Зымыран сұрақтар»

1-топ — «Үшбұрыш»

  1. Үстел үстіндегі балықтардың үйі – аквариум.
  2. Онсыз тамақтың дәмі жоқ – тұз.
  3. Қыс мезгілінің үшінші айы – Ақпан.
  4. 4 тышқанның құлағы нешеу? – 8.
  5. Ұшатын көлік қалай аталады? – ұшақ, тікұшақ.
  6. 1 жылда неше ай бар? – 12 ай
  7. 9 ондықтан, 8 бірліктен тұратын санды ата – 98

2- топ «Тіктөртбұрыш»

  1. Ас атасы – нан
  2. Аулада жүрген қаздардың аяқтарының саны – 8. Аулада неше қаз жүр? — 4 қаз
  3. Аяқ киімнен жолда қалған таңба – із.
  4. Пияз аршысаң көзіңнен не ағады? — жас
  5. Сенбіден кейін үш күн өтті? Ол қай күн? — Сәрсенбі
  6. Екі пілдің құлағы нешеу – 4
  7. 10 дм неше см бар? — 100 см

3- топ — «Шаршы»

  1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? Айырма
  2. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосынды
  3.  Оқу жылының алғашқы айы қандай? Қыркүйек
  4. Аптаның соңғы күні қалай аталады? Жексенбі
  5. Қосуға кері амалды ата. Азайту
  6. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? Шаршы
  7. 1 сағатта неше минут бар? 60 минут

— Балалар, сендер көптеген мультфильм көресіңдер. Қанеки, бұл қандай ертегі кейіпкері?

— Дымбілмес.

— Олай болса балалар, бүгін бізге Дымбілмес қонаққа келіпті. Дымбілместің сендерден есеп шығаруды, тапсырмалар орындауды үйренгісі келеді екен. Дымбілмеске көмектесеміз бе?

— Иә!

— Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – саяхат сабағы. Дымбілмеспен бірге логика әлеміне саяхатқа шығамыз.

— Дайынсыңдар ма, балалар? Олай болса бізге пойызға мінуіміз үшін не керек?

— Билет керек.

(оқушыларға билет таратылады).

Біздің бүгінгі саяхатымызда көптеген бекеттерге тоқтаймыз, әр бекетте тапсырмалар берілген. Соны орындау арқылы келесі бекетке жүреміз.

III. Жаңа сабақ. Мақсатын хабарлау

«Ойланып көр» бекеті .

Топпен жұмыс.

Берілген есептерді есептеп, сөз құрастыру

25+15 (А)             2*4     (Н)           54+37(Ш)            5*3(Д)

70-16 (Ы)             80-41(Қ)            15:3   (Р)             24+28 (А)

Жауабы: қарындаш

«Кім алғыр ойыны» 

26+34=60:10=6

19+30=49-10=39

70-30=40+15=55

2*2=4+20=24

Дымбілмес: Достарым сендердің арқаларыңда мен аздап есеп шығаруды үйрендім.

IV. «Көршіңмен ақылдас» бекеті.

Кітап беттерінде сандар мен әріптер берілген. Сандардың орнына әріптерін қойып, білім туралы нақыл сөзді табу.

Жауабы: Ұстаздан шәкірт озар.

Дымбілмес: Сендер өте ақылды, әрі шапшаң екенсіңдер. Сендерден әлі үйренетінім өте көп екен.

«Жаттығу бекеті».

Балалар, шаршағанымызды басып, миға, көзге арналған жаттығулар орындаймыз (басты айналдыру арқылы жаттығулар жасату).

 V. «Дос болайық кітаппен» бекеті.

Оқулықтағы 46-беттегі 3-тапсырманы орындату;

Берілген сөздерден әріп құрастыру арқылы сөздер шығарып жазу: Асқабақ, Долана, Мектеп

 VI. Дәптермен жұмыс

Логикалық есептер шығарту:

1топ. Асанда 30 теңге, ал ағасы Думанда 45 теңге болды. Олар 50 теңгесіне сурет дәптерін сатып алды. Енді олардың қанша ақшасы қалды?

2 топ. Асханаға 33 л сүт әкелінген еді. Оқушыларға таңертең 20 л, ал түсте 10 л сүт берілді. Асханада неше литр сүт қалды?

3 топ. Жердің үшінші жасанды серігі Жер шарын 106 минутта айналып шықты. Осы уақытты сағатпен және минутпен өрнектеп көрсет.

Дымбілмес: Оқулықтағы тапсырмаларды қалай орындау керектігін түсіндім.

«Жұмбақтар бекеті»

Табақта бес алма,

Қолымда үш алма,

Інімде екі алма,

Қосқанда барлығын.

Болады неше алма?   (Он, десять, ten)

 

Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп, школа, school)

 

Айбат шеккен алыстан,

Аң патшасы…….( Арыстан, лев, lion)

 

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн, солнце, sun)

«Тез ойла» ойыны

Шарты: Сан қатарын тез оқып, есінде сақтау.

  1. 5, 12, 41, 3, 6, 8, 32, 19. Қай сан ең үлкені, ең кішісі? (41 және 3.)
  1. 5, 2, 18, 53, 8, 34, 25, 7, 16. Қатарда барлығы қанша сан бар? (9)
  2. 3. 7, 54, 88, 16, 21, 7. Үшінші санды ата? (88.)
  3. 4. 48, 5, 43, 2, 31, 7, 21, 11, 53, 9. Басындағы және ең соңындағы санды ата?     (48 және 9.)

Дымбілмес: Достарым, сендердің көмектеріңмен үш тілді меңгердім.

Сергіту сәті – ағылшынша өлең айтқызу.

Дымбілмес: Достарым, логика әлеміне саяхатымыз сәтті болды. Сендерге рахмет! Сау болыңдар!

Балалар, Дымбілмес сендерден көп тапсырма меңгергеніне риза болып, Дымбілместің сендерге жасаған сыйлығы бар. Ол сыйлықта сұрақтар жасырынған, сол сұраққа жауап беру арқылы сыйлыққа ие боласыңдар.

VII. «Тәтті кәмпиттер әдісі».

Кәмпитте оралған тапсырмаларды ауызша орындау

Кері байланыс: смайликтер арқылы көңіл-күйін анықтау

VIII. Қорытынды.

IX. Мадақтау. «Қосу», «Алу», «Қызықты».

Муханова Жадыра Тулеуовна

№ 27 жалпы білім беретін орта мектебі,

бастауыш сынып мұғалімі,

Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.