Home » Жаңалықтар » Лингвистика олимпиадасы өтті

Лингвистика олимпиадасы өтті

   Жақында Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде дарынды балаларды дамыту мен қолдау және қолданбалы лингвистикадан оқушылардың білімдерін тереңдету әрі жетілдіру мақсатында республикалық лингвистика олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

Оған: аудандық кезеңде жеңіске жеткен облыстық білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушылары арасында 61 жүлдегер қатысты. Байқау барысында қатысушылардың білімі мен зеректілігі, ойлау шапшаңдығы сынға түсті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша, барлық жеңімпаздар І, ІІ және ІІІ дәрежелі Дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Айгүл Молдаш

Білім айнасы

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.