Home » Ашық сабақтар » Лимон еліне саяхат

Лимон еліне саяхат

            Абильдаева Тынышгуль Нуржановна
№ 66 «Толағай» балабақшасы» МКҚК тәрбиешісі,
Астана қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білім беру саласы: Таным, Коммуникация, Әлеумет.

Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.

Мақсаты:     білімділік: балаларға лимон туралы түсінік беру, жемістер туралы білімдерін бекіту. Денсаулыққа пайдасы туралы мағлұматтар беру;

дамытушылық: қабылдауын, есте сақтау қабілеті, зейінін дамыту;

тәрбиелік: достарына, туыстарына қамқорлық қөрсетуге, бөлісе білуге тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: жемістер- фрукты- алма- яблоко- анар- граната- жүзім- виноград- апельсин-

Ресурстар: (материалдар, жабдықтар): лимон туралы банер, А-3 форматындағы суреттер, лимон ағашы, жемістер, лимон қосылатын тағамдар, гүл егетін түбектер, жер, алжапқыштар, су қуйғыш.
ҰОҚ барысы:
І кезең: ұйымдастырушылық-қозғаушылық.

Шаттық шеңбері: (музыка әуенімен)

 Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Қабақ түйген не керек?

Күліп өмір сүрейік.

Кел, балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік,

Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі күнді есте сақтап қалайықшы.

  • Қазір кандай жыл мезгілі (қыс)
  • Қандай ай? (ақпан)
  • Аптаның қай күні? (дүйсенбі)

Дидактикалық ойын: «Ғажайып полиглот қапшығы»

Максаты: Балалар қапшықтың ішінен жемісті сипап алады да, оны үш тілде айтады.

Мысалы: алма, яблоко, apple.

ІІ кезең: ұйымдастырушылық-ізденістік.

Тәрбиеші: Балалар, жемістер туралы  қандай тақпақтар білесіңдер?

Жемістер туралы тақпақтар.

 Ғажайып сәт: (музыка әуенімен)

Топқа «Лимон» киінген бала кіреді.

Лимон (ренжіп): Балалар, менімен ешкім дос болғысы келмейді, себебі мен қышқылмын. Баска жемістердің барлығын адамдар жейді, Ал мені ешкім қолданғысы келмейді.

Тәрбиеші: Лимон сен қателесесін. Сен бізге өте уақытылы келдін қонаққа. Біз бүгін балалармен, «Лимон» әлеміне саяхат жасайын деп жатыр едік. Бізбен бірге барасыңба?

«Лимон» әлеміне саяхат»

1 аялдама: «Дәрігерлер әлемі»

Лимон- дәрігер: Сәлеметсіңдерме, балалар, менің еліме қош келдіңдер!

Тәрбиеші: Лимон- дәрігер, айтыңызшы бізге, лимонның бізге пайдасы барма?

Лимон- дәрігер: Әрине бар. Лимон – ауыздағы жағымсыз иістерді кетіреді, қақырық жинамайды, өтті айдайды, тәбетті арттырады, жүрек айнуының алдын алады, құсуды токтатады, ас қорытуды жеңілдеті, асказанды қуаттандырады, шөлді басады, іш өткенге пайдасы бар, жүректің қатты соғуын басады, бауырдың жұмысын жаксартады, сыздап ауырған жерлерді кетіреді. Тамақ ауырған кезде балмен араластырған лимонды емдік сироп ретінде ішуге болады. Тұмау кезінде шайға немесе ыстық суға лимонды салып ішу керек. Лимон суынан дайындалған көз тамшылары көзге пайдалы. Дәндерін қайнатылып дайындалған шәрбәтті, уланған жағдайда, лимонның пайдасы әсерлі болады. Лимон иммунитетті күшейтеді. Лимон дәрі іспеттес жеміс, және пайдасын санап бітіре алмайтын дәрежеде.

Тәрбиеші: Рахмет, Лимон- дәрігер. Біз сізден көптеген мағлұмат алдық.

Лимон- дәрігер: Ал мен сендерге аскорбин қышқылы бар дәрумен берейіін, иммунитеттеріңді көтерейін.
«Аспаздар әлеміне саяхат»

2 аялдама: «Лимон жәрмеңкесі»

Аспазшы- кондитер: Сәлеметсіңдерме, балалар! Мен аспазшы- кондитермін. Бүгін бізде лимоннан жасалған тағамдардың жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Аспасшы- кондитер тағамдарымен таныстырып, соңында лимон қосылған шай ұсынады.

Тәрбиеші: Көп рахмет сізге, аспазшы- кондитер. Біз сізден көптеген мағлумат алдық.

Балалар, енді біз тобымызға оралайық.

 Cергіту сәті: «Лимонадный дождик» әуеніне билейді балалар  Лимон кейіпкерімен бірге.

Лимон кейіпкер:- Балалар, мен шынымменде қателесіппін. Лимон өте пайдалы жеміс екен. Мен өзімнің лимон- достарыма барып, оларды қуантайын. Сау болыңдар, балалар!

Тәрбиеші: Ал біз балалар, ары қарай «Лимон» еліне саяхатымызды жалғастырамыз.

3-ші аялдамамыз  «Лимон өсіретін жылыжай»

Жылыжай зертханашы: Сәлеметсіңдерме, балалар!

Лимон өсіретін жылыжайға кош келдіңдер! Лимон- тропикалық жеміс. Ол жылы жерді жақсы көреді. Сендер лимон еккілерін келе ма? Ендеше лимонның дәнектерін, гүл егетін түбектерге, цитрус өсімдіктеріне арналған жердің арасына саламыз, оны көміп болған соң, үстіне кішкене ғана су құямыз. Себебі, көп су құйылса дәнекетер шіріп кетеді. Сендердің еккен дәнектерің, бірнеше жылдан кейін осындай лимон ағашы болып өседі. Лимон ағашын көрсетеді.

Тәрбиеші: Рахмет сізге, зертханашы. Енді біз балалармен бірге жылыжайға жиі келіп тұратын боламыз. Енді өзіміздің тобымызға оралайық.

ІІІ кезең: рефлексиялық-түзетушілік.

 Қорытынды:

— Балалар, біз бүгін кайда саяхат жасадық?

— Лимонды қай тағамдарға қосады?

— Лимон қандай ауруларға ем? (балалардың жауаптары)

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.