Home » Жаңалықтар » Латын әліпбиімен диктант жазылды

Латын әліпбиімен диктант жазылды

Осы жұмада Аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен Елбасы Н. Назарбаев сәуір айында жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында Қазақ елі 2025 жылға дейін Латын әрпіне көшіріледі деген тапсырмасын басшылыққа ала отырып Аграрлық-техникалық колледжінде Латын әліпбиі бойынша диктант жазу шарасы өткізілді.

Колледжден 30-ға жуық студент Н. Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» атты кітабындағы даналық сөздерді Латын әліпбиін пайдалана отырып диктант жазды. Негізгі мақсат  – ауыл жастары мен тұрғындарын бүгіннен бастап латын әліпбиіне көз жүгіртіп, қолдарын үйрету арқылы жазуға машықтандыруға шақыру, латын әліпбиін насихаттау.

Диктант жазуға қатысқан  «Үздік жазба» деп  8 студент танылып, арнайы жастар ресурстық орталығының сый-сияпаты табыс етілді. Жастардың латын әліпбиінше жазуға деген икемі көңіл қуанарлықтай дәрежеде өткені – басталар бастамаға негіз боларлықтай.

Л. Теміртасқызы,

Білім айнасы,

Павлодар қаласы, Ақтоғай ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.