Home » Жаңалықтар » «Көшбасшы әдіскер, креативті тәрбиеші, дарынды бала» атты облыстық шығармашылық апталық

«Көшбасшы әдіскер, креативті тәрбиеші, дарынды бала» атты облыстық шығармашылық апталық

Қызылорда қалалық білім бөлімінің және облыстық оқу орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылғы 22 қарашада «Алтын ұя» балабақшасы базасында «Көшбасшы әдіскер, креативті тәрбиеші, дарынды бала» облыстық шығармашылық апталығы өткізілді.

Апталықтың мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес:

  1. Жаңашыл іс-тәжірибелерді насихаттау;
  2. Балаларды сапалы мектепке дайындауға бағытталған инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу;
  3. Баланы мектепке мақсатты түрде дайындау тәсілдерін жетілдіру.

Апталыққа облыстың 7 ауданынан және Қызылорда қаласынан «Алтын ұя», «Ер Тарғын», «Сыр самалы» және «Алпамыс» балабақшалары қатысып, жаңа идеяларын, шығармашылық жұмыстарын ортаға салды.

Апталықтың ережесіне сәйкес белгілі тақырыпта жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:

«Мен көшбасшы әдіскермін!» атты балабақша әдіскерлері ТЕDx форматында жаңашыл идеяларының презентацияларын өткізді;

«Мен креативті тәрбиешімін!» атты «Ойын», «ТРИЗ», «Жобалау-зерттеу әдісі», «Тәй-тәй», «АКТ» және т.б. жаңашыл технологиялардың әдістемелері бойынша тәрбиешілердің балалармен жеке және топтық жұмыстар түрінде Start-up идеялар жәрмеңкесі;

«Мен дарынды баламын…» атты Балапан NEWS форматында дарынды балалар кастингі;

«Шығармашылықтың шексіз әлемі» атты үздік дидактикалық материалдар көрмесі;

Облыс бойынша «Мен көшбасшы әдіскермін!» апталығына 7 сайыскер, «Мен креативті тәрбиешімін!» апталығына 8 сайыскер, «Шығармашыл тәрбиеші» апталығына 11 сайыскер, «Мен дарынды баламын…» апталығына 10 сайыскер қатысты.

Апталық соңында «Креативті тәрбиеші» номинациясын «Алтын ұя» балабақшасының тәрбиешісі Уразбаева Гүлнұр және «Ер Тарғын» балабақшасының тәрбиешісі Жолаева Лаула иеленді. Сондай-ақ, «Шығармашыл тәрбиеші» номинациясын «Алтын ұя» балабақшасының тәрбиешісі Хиноятова Қанзира және «Алпамыс» балабақшасының тәрбиешісі Серікова Гүлсезім иеленді. «Мен дарынды баламын…» номинациясына қала бойынша «Алтын ұя», «Ер Тарғын» балабақшалары және Арал ауданындағы «Қарлығаш» балабақшасының дарынды да сүйкімді бүлдіршіндері ие болды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Осындай жоғары деңгейде өткізілген іс-шара Республикалық деңгейде жалғасын табатын болады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

   Қызылорда қалалық білім бөлімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.