Home » Ашық сабақтар » Көптiк жалғау (қайталау)

Көптiк жалғау (қайталау)

Лексикалық тақырыбы: Дәнекерлеушi мамандығы

Сабақтың мақсаты: мамандықтарына байланысты сөздік қорын молайт және өз мамандықтары туралы айта білу.

Сабақтың міндеттері:

Бiлiмдiлiк: кәсіби лексиканы меңгеру. Дәнекерлеушi мамандығының өмiрiмiзде алатын орны және маңызы.

Дамытушылық: логикалық ойлау қабiлеттерін дамыту.

Тәрбиелiк: өз мамандықтарына сүйiспеншiлiк тудыру.

Сабақтың көрнекiлiгi: мультимедиялық подиум, сөздiк, мамандықтарға байланысты суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

Бағдарлау – мотивациялық кезең:

        Амандасу.

Топ студенттерін түгендеу.

Сабақтың мақсаты мен міндетін қою.

— Топта кiм кезекшi?

— Кiм жоқ?

— Сен қайда оқисың?

— Болашақ мамандықтарың қандай?

— Бiздiң оқу орнымыз қандай мамандықтарға дайындайды? Сендердің мамандықтарында арнайы цех бар ма? Ол нешінші қабатта орналасқан? Цех меңгерушісі кім? Дәнекерлеушінің жұмыс орны қалай бөлінеді? Цехта неше дәнекерлеу кабинасы бар? Кабинаның ауданы неше метр? Кабинаның қабырғалары неден болу керек? Қабырғалары қандай түске боялады? Неліктен? Кабинаның едені неден болу керек? Біздің цехтағы кабиналарының едені неден?Кабинаның ішінде нелер бар? Үстелдің қақпағы неден болу керек? Үстелдің қақпағының қалындығы неше мм?

Жаңа білімді игеру:

Бүгiн бiз жаңа тақырып өтемiз: Дәнекерлеушi мамандығы және көптiк жалғауды еске түсiремiз. Сабағымыздың мақсаты – сендердiң қалап алған мамандықтарына сүйiспеншiлiк тудыру және жақсы маман иесi болуларына тiлектеспiн.

Бүгiнгi сабақтың эпиграфы: «Мамандықтың бәрi жақсы, қалауыңша таңдап ал..!»

Мына сөздерге назар аударайық: Оқимыз, аударамыз, жаттаймыз, сосын еленинг апспен тексереміз.

Таңғажайып мамандық – удивительная профессия,

Ауадай қажет – необходима как воздух,

Көпiрлер – мосты,

Мұнай кұбырлары – нефтепроводы,

3әулiм үйлер – высотные дома

Жөндеудi қажет ететiн – нуждающиеся в ремонте

Кесу – резать

Дәнекерлеп бекiту – сваривать

Ғимараттар – здания, сооружения

Ұшақтар – самолеты

Ақау – дефект

Талап – требование

Көз жанары – зрение

Есту – слышать

Бiрнеше рет оқимыз, дәптерге жазамыз.

Ал ендi мәтiнге назар аударайық.

Дәнекерлеуші мамандығы

 Дәнекерлеуші мамандығы – таңғажайып мамандық. «Көкшіл жалынмен» жұмыс істеп жүрген адамдардың мамандығы өмірімізге ауадай қажет. Тұрғызылып жатқан көпірлер, тартылып жатқан мұнай, газ құбырлары, көтеріліп жатқан домналар мен зауыт корпустары, зәулім үйлер мен таңғажайып спорт ғимараттары, жасалып жатқан автомобильдер мен ұшақтар, мұхитта жүзетін алып лайнерлер мен өзен кемелері, теміржол вагондары мен космос корабльдері, ақыры істен шығып қалып, жөңдеуді қажет ететін үйлеріміздегі су құбырлары мен жылу батареялары – дәнекерлешісіз бітпейтін іс. Дәнекерлеушінің жас мөлшері 18-ден жоғары болу керек. Кесетінің кесіп, жалғайтынын тез әрі мықтап дәнекерлеп бекіту – тек соның ғана қолынан келеді.

Мәтіннің мазмұнына байланысты жаттығу.

Дұрыс жауабын тап. Найдите правильные ответы.

— Дәнекерлеушi мамандығы не үшiн қажет?

— Дәнекерлеушi мамандығы қандай мамандық?

— Дәнекерлеушiнің мамандығы бiзге қалай қажет?

— Дәнекерлеушiлер немен жұмыс iстейдi?

— Дәнекерлеушінің денсаулығы қандай болуға тиіс?

— Дәнекерлеушi мамандығы бiзге ауадай қажет.

— Зәулiм үйлерді салу, спорт ғимараттарын, жер асты жолдарын,     зауыттарды салу ушiн.

— «Көкшiл жалынмен»

— Дәнекерлеушi мамандығы – таңғажайып мамандық.

— Денсаулығы жақсы болу тиіс.

Жаттығу. Жақшаны аш.

(Профессия сварщика) – өте пайдалы мамандық. (С помощью сварщиков) биік үйлер, көпірлер, жылу құбырлары салынады. Дәнекерлеуші мамандығы (удивительная профессия).

Жаңа сөздердi және сөз тiркестерiн пайдаланып, берiлген сұхбатты аудар.

— Асқар, сен қалай ойлайсьң, дәнекерлеушi болу қиын ба?

— Әрине, қиын да, қызық мамандық сияқты ғой.

— Қиындығы неде?

— Дәнекерлеушiнiң жұмыс iстемейтiн жерi жоқ. Зәулiм үйлер салғанда, газ, мұнай құбырларын жасағанда, жер асты жолдарын салғанда, қысқасы биiкте де, жер астында да жұмыс iстеуге тура келедi.

— Қызығы неде?

— Дәнекерлеу – Эйфель мұнарасын салып, Кремльдегi сағаттың тiлiн тоқтатпай жөндеуге мүмкiндiк бередi.

— Ғажап!

— Қазақ тiлiнде қандай жалғау түрлерi бар?

— Жақсы

— Бүгiн бiз көптiк жалғауын еске түсiрейiк.

— Көптiк жалғауларын атаңдар.

— Жақсы.

Жаттығу.

Мәтiннен көптiк жалғауы бар сөздердi терiп жаз және оларды жекеше түрге айналдыр. Выпишите из текста слова во множественном числе и поставьте их в единственное число.

Бiздiң оқу орнымызды аяқтаған соң, сендер не алатынтарыңды бiз мына сөзжұмбақты шешкен соң бiлемiз. Что же вы получите окончив наше учебное заведение, Мы узнаем разгадав кроссворд.

  1. Скульптор   2. Повар                       З. Хлопковод 4. Агроном
  2. Инженер       6. Врач                        7. Рыбак        8. Строитель

Ал ендi бiздiң эпиграфқа назар аударайық: (Обратите внимание на наш эпиграф) «Мамандықтың бәрi жақсы, қалауыңша таңдап ал!» «Все профессии хороши, выбирай на вкус!». Тақтада бiрнеше мамандықтың суреттерi көрсетiлген, ол қандай мамандықтар және сендер қай мамандықты таңдап алдындар? На доске вы видите иллюстрации нескольких профессий, какие это профессии и какую из них выбрали вы?

   

    

— Сонымен дәнекерлеушi мамандығы кандай мамандық?

— Оны таңдап алғанына өкiнбейсiң бе?

Эмоция12

3

4

5

6

Жұмыс басында
Жұмыс ортасында
Жұмыс соңында

1 – іздену

2 – шаттану, қуану

3 – немқұрайлы қарау (өз шаруасымен шұғылдану)

4 – талпыну, оқу

5 – тағатсыздық, шыдамсыздық

6 – жабығу, қиналу

Үй тапсырмасы: Дәнекерлеуші мамандығы туралы айта білу.

Баға қою.

Карманова Баян Маданьятовна

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжі

қазақ тілі пәнінің оқытушысы,

Петропавл қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.