Home » Жаңалықтар » Көптілді және билингвалды білім беру — өмір талабы

Көптілді және билингвалды білім беру — өмір талабы

2017-жылғы сәуір айының 10-ы және 11-і күндері №3 Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебінде «Пән сабақтары мен тілді кіріктірілген оқытудың әдістемесі: ерекшеліктері, басымдықтары және іске асырудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингке ОҚО бойынша Білім басқармасының әдістемелік кабинеті меңгерушілері, М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының профессоры п.ғ.д., Н.Ш. Альметов, өзбек мәдени орталығының басшысы И.Хашимжанов қатысты. Семинар- тренингтің алғашқы бөлімі пленарлық отырыстан басталды.

ОҚО бойынша Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің директоры Р.М.Себепова «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын» жүзеге асыру мақсатында «Көптілді білім беруде коммуникативті оқыту және (CLIL) әдістемесінің рөлі» тақырыбында баяндама оқыды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасының профессоры п.ғ.д., Н.Ш. Альметов өз баяндамасында CLIL технологиясында кездесетін кедергілерге тоқталып өтті. Өзбек мәдени орталығының басшысы И.Хашимжанов: «Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, әрбір ел тұрғыны үш тілді меңгеруі тиіс, сонда ғана Қазақстан әлемдік бәсекеге қабілетті ел болады»-деп, ойын сабақтады.

ЦАОП ВКНМ ЕҚЫҰ сарапшы А.П.Стоянова CLIL технологиясын игерудің ерекшеліктеріне тоқтала отырып, CLIL оны «заман талабы» деп сөзін қорытындылады.

Семинар қорытындысында Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта мектептің директоры Манапова Гүлнар Намихановна «Мектептің оқу-тәрбие үрдісіне көптілді және билингвалды білім берудің бейімдендірілген моделін ендірудің іс-тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. ОҚО бойынша Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің әдіскері Ш.Ж. Наралиева семинар-тренингтің өтілу жоспарымен таныстырды.

Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің директоры Артыкова Жылдыз (Қырғызстан Республикасы), Алматы қаласының тренерлері Диякина Елена және Михайличенко Елена, Шымкент қаласының тренері Садырбаева Галия тренингтер өткізді. Аталмыш тренингтерге ОҚО бойынша өзбек-тәжік мектеп директорлары мен орынбасарлары, қалалық және аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, мектеп мұғалімдері қатысты.

Семинардың екінші күнінде тірек мектептерінің ең үздік мұғалімдері ашық сабақтар көрсетті. №3 мектептен Талибжанов А.Р. (физика, 10 «А» сынып), Кенжаева Г.Т. (химия, 10 «А»,11«А» сынып), №107 мектептен Исабекова Г. (тарих, 8»А» сынып), Миркурбанова М. (математика, «9А» сынып), №110 мектептен Артукметова Д. (бастауыш сынып математика, 3-сынып), №11 Қашғари бастауыш мектебінен Мырзаева Б.А. (бастауыш сынып дүниетану, 2- сынып) сабақтар өткізді.

Мұғалімдердің ашық сабақтарынан кейін семинар-тренинг жұмысы өз мәресіне жетті. Талдау барысында облыс ұстаздарының қауымы өз пікірлерін ортаға салып, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ерекше атап өтті. Мәселен, физика, химия, тарих, дүниетану және математика сабақтарында мұғалімдер пайдаланған әдіс-тәсілдер облыс мектептеріне әдістемелік көмек ретінде үлгі етіп таратылды.

Қорытынды бөлімінде семинар-тренингтің өтілу деңгейі жоғары бағаланып, №3 мектеп ұжымы мен әкімшілігіне алғыс білдірілді. Үздік сабақ берген мұғалімдер мен семинар қатысушыларына мақтау қағаздары, сертификаттар берілді.

З.Ә.Нұрымова

Шымкент қаласы,

Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта мектебінің

 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.