Home » Мақалалар » Көптілділік — білім берудің жаңа сатысы

Көптілділік — білім берудің жаңа сатысы

Көптілділік – бүгінгі заманның сұранысы. Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттіліктердің бірі болып отыр. Қазіргі қоғамда көптілді білу кез-келген адамды кең өріске бастайтын жол болып отыр. Халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі – бүгінгі дамыған дәуірімізге сәйкес айтылғандай. Қазіргі заманның талабы – көптілділік. Адам баласының рухани байлығы, тәрбиесі, білімі – бәрі де тіл арқылы жетіледі. Қазіргі уақытта Қазақстан білімінің жақсы қарқынмен дамуына үкімет тарапынан көп қаржы бөлініп отыр. Білімді ұрпақ тәрбиелеп өсіруде ұстаздар қауымы жыл сайын өз білімдерін толықтырып, арнайы курстарды өтуі қажет. Оған мына сөз дәлел бола алады: «Қырық бес жыл ұстаз болсаң да, қырық бес минуттық сабаққа дайындал». Қазіргі техниканың дамыған, жетілген уақытында ұстаз үнемі ізденіс жолында болуы қажет. Сонда ғана үштілділікті жетілдіріп, мақсатымызға жетеміз.

Көптілділік мәселесі — тек Қазақстан үшін ғана емес, әлем алдында тұрған шешімін таппай тұрған мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта үштілділікті еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – біздің  қазіргі кездегі ең басты міндетіміз.                                             Көптілді меңгерген адам  өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық. Көптілділік мәселесі – Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейтесті мәселелердің бірі, себебі, жаһандандыру және киберкеңестікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді. Бұл ұғымға жалпылама тоқталсақ. Көптілділік, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада, мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.  Мұның өзі жеке адамның көптілділігі және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себептен ақпараттық- коммуникативтік  құзырлықпен қатар, полимәдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз». «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез-келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйымдастыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі». Елбасының үштұғырлы саясаты  аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай, өсіп келе жатқан ұрпақтарымызды өз тілінде еркін сөйлеткізіп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға сенімдіміз.

Байтенова Гульбакира Азимбаевна,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша

педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты,

инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық)

пәндерді оқыту кафедрасының

                                                                                       аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.