Home » Мақалалар » Көпвекторлық  пен ұйымдық мәдениеттің негізінде педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінің  жаңаруы  

Көпвекторлық  пен ұйымдық мәдениеттің негізінде педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесінің  жаңаруы  

  

Республика педагогтарының  біліктілігін арттыру жүйесін жаңартудың құралы болып  «Өрлеу» Біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы, оның филиалдары — республикалық және 16 аймақтық педагогикалық кадрлардың  біліктілігін арттыру институттары  саналады.

Еліміз бойынша педагогтердің біліктіліктерін арттыру “Өрлеу” филиалдарына жүктеліп отыр. Биыл «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының құрылғанына 5 жыл толып отыр. «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Г.К.Ахметованың даналы саясаты арқасында ПҚ біліктілігін арттырудың Ұлттық жүйесі қарқынды дамып келеді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты (СҚО ПҚ БАИ)  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиал мәртебесінде бес жылдай қызмет етуде.

Біліктілікті арттыру құрылымына жаңаша көзқарас жаңартылған жүйеде педагогтардың мінсіз қызмет атқаруынан басталады. Облыс орталықтарында құрылған педагогтардың біліктіліктерін арттыру филиалдары: педагог кадрлардың қосымша білім беру жүйесіндегі білім беру қызметінің сапасына бірыңғай талапты; мазмұны, ұйымдастыру әдісі және түрі жағынан әртүрлі, бірақ қай өңірде болса да бірдей жоғары сапалы курстық дайындыққа педагогтардің тең қолжетімділігін; ұлттық деңгейдегі курстық дайындықтың сапасын басқаруды мониторинг жүйесінің көмегімен қамтамасыз етеді. Біліктілік жүйесіндегі мониторинг белгілеу, түзету және болжау қызметтерін жүргізуге мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар арқылы жүзеге асады. Онымен филиалдардағы мониторинг және талдау бөлімдері айналысады.

Біліктілікті арттырудың жаңарту үлгісі бойынша жұмысымызда ең бірінші басшылыққа кадр кәсібилігін аламыз. СҚО ПҚ БАИ орташа жас мөлшері – 42 жас, оқытушылар мен қызметкерлердің басым көпшілігі 20-дан 40 дейін.  Яғни оқуға мүмкіндік бар.

Қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту үшін филиалда кадрлар, жастар, корпоративтік саясатты насихаттайды. Институтта 9 қазан ерекше күндердің бірі болып белгіленген. Өйткені ол күн — Жас қызметкерлердің кәсіби өзін-өзі жетілдіру және шығармашылығы күні. Директор, Мырзалинова А.Ж., қолдауымен 2014 жылдың 17 қаңтарында жас мамандардан тұратын «Жас ұрпақ» атты Орталық құрылды.
Орталық «Қазақстан — 2050» стратегиясын жүзеге асыру аясында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру мақсатымен түрлі іс-шара ұйымдастырады.  Мысалға, ұйым белсенділері  Елбасы саясатын қолдау мақсатымен «Жолдау қуаты – жастар ықыласы» атты акция ұйымдастырса,  Халықаралық Жер күніне арналған «Жер – біздің ортақ үйіміз» жастар акцияларын және  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған  «Мен Елбасымен біргемін!» атты жастар форумы, облыстық «Жастар бастамалары орталығы» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Жастар Қазақстан бірлігін қолдайды» тақырыбында «дөңгелек үстел», мұғалімдер күніне арналған «Дені сау мұғалім – қалыптастырылған тұлға!», «Жан-жақты тұлға бәрінен де қымбат», Қазақстандағы мүгедектер күніне орайластырылған  «Мен — мейірімділік»  атты қайырымдылық акциясын, Украина елімен бірлескен халықаралық TED форматында конференция ұйымдастырған және т.б. іс-шаралар өткізуге мұрындық бола білді. Сонымен қатар, Астана күнін тойлау қарсаңында орталық мүшелерінің қатысуымен «Сүйікті Астана, өзіңе арналады!» атты ұжымдық номинация бойынша әлемдік рекорд Гиннессі жасалды.

Кадр кәсібилігінің тағы бір бағыты – институт ұжымына арналған мәселелі-тематикалық семинарларды ұйымдастыру. Олардың мақсаты — жұмыс барысында пайда болған мәселелерге SWOT-сараптама жасап, оларды шешу үшін ресуртарды анықтау. Ресурстар  кадрлық, ұйымдастырлық, ақпараттық, техникалық және бастысы – өзін-өзі жетілдіру болып классификациаланады.

Біліктілікті арттырудың жаңарту үлгісі бойынша жұмысымыздағы екінші бағыты – педагогтарға ұсынатын білім беру бағдарламаларының сапасы.

«Өрлеу» өзінің филиалдарынан өзекті, ғылыми, практикалық елеулілікті және  дүниежүзілік тәжірибеніің есебіне сәйкес курстардың тематикасын әділ сұрайды деп ойлаймын. Біздің институтымыздың аға оқытушылары оқу бағдарламаларды және оқу-әдістемелік комплекстерді құрып Эксперттік кеңестен өткізеді.

Біліктілікті арттырудың жаңарту үлгісі бойынша жұмысымыздағы  үшінші бағыты – тек курс кезінде ғана емес, сонымен қатар курсаралық және курстан кейін қолданатын оқу әдістемесі.

СҚО ПҚ БАИ-да оқу әдістемесінің негізін біліктілікті арттырудың көпвекторлық жетекші идеясы құрайды. Біздің көруіміз бойынша аталған идеяны ең алдымен әртүрлі топ педагогтеріне әр курс кураторлық сағаттармен ашылады. Онда оқытушы-тьюторлар біліктілікті арттырудағы жаңа білім беру саясатына, ұсынылып отырған элективтік үлгісінің философиясына, оқу материалының орналасу қисынына, интерактивтік сабақ үлгілерін таңдауға, даярлық курстары қатысушыларын бағалау жүйесіне түсінік береді. Бұл курсқа қатысушылар мен оқытушылар арасында сындарлы әріптестік қатынас орнатуға көмектеседі, сонда екі жақ та өздерін қорғалғандай сезінеді, әрі әрқайсысының өз ұстанымы болады.

Курсқа келушілер мынадай ақпарат ала алады:

— жаңа оқытудың саясатын түсіне алады;

— тыңдаушылар өз еркімен жұмыс істей алатын институт холлында орналасқан қолжетімді ақпараттық алаңдармен таныса алады;

— институт кітапханасының қорымен және керекті библиографиялық-анықтамалармен  таныса алады;

— қандай проект шеберханаларында бірігіп жұмыс жасай алатынын курс жетекшілері берген ақпараттан анықтай алады;

— курс кезінде баспа бөлімімен кеңесіп өздерінің оқу-әдістемелік құралдарын шығара алады;

педагогтің кәсіби дамуында жеке тұлғаға бағытталған аспектіде  КД тыңдаушылары тағылымдамадан өте алады;

— СҚО ПҚ БАИ «Педагогикалық ізденіс» ақпараттық ғылыми-әдістемелік журналмен танысып, өздерінің мақалаларын басып шығаруға алдын ала жоспарлай алады.

Осындай қатынас орнатудың нәтижесінде курстық даярлықтың соңында тыңдаушылардың шығармашылықғы топтық есептер, стендтік материалдар,  әдістемелік ұсыныстар, эссе, білім беру жобалары, ақындық, дыбыс және бейнематериалдар түрінде көрініс табады.

Көпвекторлы біліктілікті арттырудың тиімділігі – кәсіби білімді кеңейту мен тереңдету: заманауи педагогтың зерттеушілік, эксперементтік, әлеуметтік-педагогикалық, авторлық-баспа, ақпараттық-коммуникациялық жұмысын кәсіби құзыреттілігін дамыту

«Біліктілікті арттыру – кәсіби даму – үздіксіз білім мен өзін-өзі жетілдіру» жүйелік ұстанымы көпқырлылық идеяны жүзеге асыруға  жауапты. Курс барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі, білім нәтижесін саралай білуі, кәсіби өсуді өздігінен жалғастыра алуы кез келген мұғалім үшін маңызды нәтиже көрсеткіші.

Филиалда курс тыңдаушыларына арнайы білім беру ортасы құрылған.

СҚО ПҚ БАИ филиалында 2014 жылы М.Монтессори кабинеті ашылды. Кабинет классикалық  Монтессори материалдарымен жабдықталған: дамытушы ойыншықтар, қабырғаға ілінетін модулдар және ойын жабдықтары, олар мектепке дейінгі ұйымдардағы Монтессори-мұғалімдерінің біліктілігін арттырудың курстық даярлаудың (әдістемелік қолдау, оқыту мен кеңес беру)  үдерісінде қолданылады. Сонымен бірге «Өзін-өзі тану» кабинеті ашылды.  Қазіргі жиһазбен, кітап көрмесімен, аудио-бейне құралдармен, планшеттермен жабдықталған.  Ақпараттық стендтер мазмұнды безендірілген. Электронды  мәліметтер базасында өзін-өзі тану бойынша курстық даярлаудың таныстырылымдары, өзін-өзі тану мұғалімдерінің портфолиосы, қосымша дидактикалық материалдар, дидактикалық материалдар, мәтіндер, әндер мен аңыздар және т.б. бар.

Мамандандырылған дәрісханалар ақпараттық, оқу, АКТ, сындарлы ойлау, релаксация белсенді аймақтарымен жабдықталған. Ол деңгейлік курстарды сапалы ұйымдастыру және сертификатталған мұғалімдердің кәсіби тәжірибелері мен сындарлы оқудағы жетістіктерін көрсету мақсатында ашылды.

Сонымен қатар инфотека, ақпараттық аймақтар, ақпараттық коллаждар, имидж «ағашы» және т.б. жұмыс істеуге болады.

«Жаңа біліктілікті алу мақсатында курсқа келуші мұғалім, тек қосымша білім алуды көздеуімен қатар заманауи білім беру ортасында болу, оқу үрдісіндегі инновациялық үлгілер мен өзекті оқытуды көре алады» — деп  Д.Д. Рубашкин дұрыс айтқан. Қазіргі заманда білім беру ортасы да өте манызды.

Біліктілігін арттырудың мазмұнын   жан-жақты жаңаруының бір факторы ретінде қарастырып отырған көпқырлылықпен қатар білім беру ұйымының мәдениетіне зер салу керек.  Э.Шейн айтқандай: «Ұйымның мәдениет деңгейіне жасалған анализінен кейін ғана, оның жұмыс үдерістерін түсінуге болады».

СҚО ПҚ БАИ-да ұйымдық мәдениетті дамыту «Өрлеу» Гимнінде көрінеді. Біздің миссиямыз дәстүрлер мен құндылықтарға жинақталған жалпы траекториядағы қызметкерлерді жетістікті көшбасшылыққа жетелеу.

Мұғалімнің педагог-маманнан бастап, педагог-кәсіби маман, кейін педагог-кәсіби маман-сарапшы дәрежесіне өсу траекториясын бақылайтын мәліметтер базасы құрастырылып, үнемі қолданыста екенін айта аламыз.

Сонымен, кәсіби көшбасшылық — сапалы білім бағдарламаларын, кадрлар біліктілігін, оқыту әдістемесін дамытатын, ғылыми зерттеулердің дәлелді нәтижелерін сәтті ұштастырып, ықпалдастыруға бағыттау.

«Өрлеу»  БАҰО» АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ 2017 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша 2 орынды (рейтинг нәтижесіне сәйкес) иеленді. Соңғы бес жыл уақыт аралығында «Өрлеу» жоғары кәсібиліктің, талпынушылықтың, үлкен жасампаз күш-қуаттың арқасында батыл жоспарлар мен идеяларды жүзеге асыра алды, алдағы уақытта да талай бел-белестерден көрінетіні сөзсіз.

«Өрлеу» филиалдарының әрқайсысы нарықтағы білім беру қызметінің бір мақсат, бір мүдде, бір болашаққа  жылжуына жауап береді.

Тайланова Амина Сериккалиевна

қоғаммен байланыс және баспа қызметі

бойынша бөлімінің жетекші маманы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ПҚ БАИ

Петропавл қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.