Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Павлодар облысының 80 жылдығына арналған 7-9 сынып оқушылары арасында «Көктем шақырады» атты шеберлік сағаты өтті. Бұл іс-шара өңіріміздегі саусақтарынан бал тамған, соның ішінде өз істерінің қас шеберлері Кенжекөл орта мектебінің, №1 балалар өнер мектебі, Павлодар мемлекетті педагогикалық университеті және өзіміздің мектебіміздің ұстазы мен жатақхана тәрбиешілерінің қатысуымен жүзеге асты.
Оқушылардың таңдауына аниматор сурет, қыш өнері, ағашта өрнек жасау, кілем тоқу, фоамираннан қуыршақ, бұйымдар жасау сынды топтар ұсынылды. Өз қызығушылықтарына қарай бөлінген оқушылар жетекшілерінің тапсырмаларын орындауға бірден кірісті. Берілген бір сағатта жас шеберлеріміздің қолынан түрлі бұйымдар мен суреттер шықты.
Әсіресе кілем тоқу, жүннен пима жасау, саз балшықтан құмыра жасау оқушыларға қатты ұнады.
— Бүгінгі шара біз үшін өте пайдалы болды. Мен сурет салғанды қатты ұнатамын. Ал шеберлік сағатын өткізген жетекшілеріммен бірге өз білгенімді жетілдіре түстім. Өңіріміздің табиғатынан бөлек, аниматор суретті де салып көрдім, — деді 9-сынып оқушысы Альтаир Туякбаев.
Мұндай шаралар арқылы оқушылардың қызығушылығын ғана арттырып қоймай, көркем өнер бойынша дағдыларын жетілдірі сөзсіз. Ал мектебімізді өңіріміздің 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын шаралар легі әлі де жалғасын табады.
Жайнагүл Қалиаскар,
12 «А» сынып оқушысы