Алматы қаласы , Жетісу ауданы № 103 санаториялық балабақшада ортаңғы «Тұлпар» тобының тәрбиешісі Ш.А Тұрлыбекова, Б.Д Құдайбергенованың ұйымдастыруымен «Көктемгі көңілді бал» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Ертеңгіліктің музыкалық жетекшісі Г.А Назарова.Топ тәрбиеленушілерін жеке-жеке таныстырған тәрбиешінің сөзінен кейін бүлдіршіндер кезек-кезек анаға арнау тақпақтарын оқыды. Ары қарай «Детский вальспен» жалғасып, әдетке айналған «Ақ мамам»әні орындалды.Қысқаша қойылым ретінде бүлдіршіндердің назарын аудару үшін Көктем перизаты, Сыған ретінде келген кейіпкерлердің керемет көрінісімен жалғасын табады. Артында бір топ балақай оркестрде ойнайды. Бұл ертеңгіліктің ерекшелігі «Сән үлгісі» болып тұр. Соңында Буратино, Ертөстік сияқты ертегі кейіпкері келіп бүлдіршіндерді қуанышқа бөлейді. Сөзін қорытындылаған жүргізуші келген қонақтар қатарындағы әйелдер қауымына «әйел бақытын» тіледі.
Дінмұхамед Мұхамеджан,
«Білім айнасы»
Алматы қаласы