Home » Балабақша » КӨЗІН ЖАПҚАН ҚОЯН

КӨЗІН ЖАПҚАН ҚОЯН

Біреуге айтулы, енді біреулерге күнделікті іс болар. Деседе, тоқталғанды жөн көрдім. 2019 жылдың 23 қаңтарында Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Әуезов ауданының «144 бөбекжай-балабақшасы» «Қыстың қызығы» атты іс шара өткізді. Шанамен сырғанау, хоккей клюшкасымен жарысу, опылап жүгіру сияқты сайыстар үйымдастырып, өз ара жеңімпазарды анықтады. Өз сөзінде Іс шара басы қасында жүрген бөбекжай меңгерушінің міндетін атқарушы Раушан Мешитбайқызы мұндай сайыстарды жиі өткізіп тұратындарын айта кетті. Тəрбиеші Сауле Ермекбайқызы ұйымдастырылған жұмыстың бас жүргізуші қызметін атқарса, əдіскер Торғын Нургалиқызы фото тілші қызметін атқарып суретке түсірумен айналысты. Қызықты да тартымды өткен шара соңында балаларға ынталандыру мақсатында құрмет қағаздарын ұсынды.

Қуантай Амантайұлы,
«Білім айнасы» Алматы қаласынан

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.