Қазақстан Республикасының орта білім беру мазмұнын жаңартуға байланысты білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер, атап айтқанда «оқытудың инновациялық технологияларының, жобалардың, отандық және шетелдік тәсілдердің әртүрлілігі, мектеп практикасын жаңа білім беру технологияларымен, оқыту формаларымен байыту, уақытпен белгіленетін жаңа педагогикалық жағдайлар» әрбір мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби дамуын жетілдіруді талап етеді.
Білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жағдайында мұғалімнің рефлексивті ойлау іс-әрекетіне, модельдеуге, талдауға, бағалауға және оқу-әдістемелік базаны өз бетінше таңдауға қабілеттілігі баға жетпес болып табылады. Осының барлығы мұғалімдердің кәсіби ойлауын дамыту және педагогикалық шеберлігін жетілдіру үшін қажетті дағдылар болып табылады.
2019 жылдың 11 ақпаны мен 7 наурызы аралығында «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында қазақ тілінде оқытатын мектептерде «орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстары өтуде.
Курс барысында тыңдаушылар орыс тілі мен әдебиеті сабағы тұрғысынан ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту үшін «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі» тақырыбының маңыздылығын зерделейді, тілдік сана мен дағдыны дамытудың маңыздылығын анықтайды, критериалды бағалау жүйесінің мазмұны және дифференциация концепциясымен танысады.
Педагогтар оқу бағдарламасының құрылымымен, мазмұнымен, жүйелілігімен, мақсаттары мен міндеттерімен танысты, оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын пайдалануды үйренді. Олар үлестірмелі материалдармен және ресурстармен танысады,сабақта формативті бағалауды қолдану туралы идеялармен алмасады. Топтарда мұғалімдер талқыланған сараланған нәтижелерді жазып, өз ойларымен бөліседі. Өз тәжірибелерін көрсете алады, ауызша кері байланыс бере алады.
Курста мұғалімдер өз шеберлігін үлкен ынтамен жетілдіруде.
Ханалиева К.А.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ
«Инновациялық технологиялар және жаратылыс (гуманитарлық) ғылымы пәндерін оқыту әдістемесі» кафедра меңгерушісі