Home » Жаңалықтар » Кәсіби дағдыны арттыруға жаңаша көзқарас

Кәсіби дағдыны арттыруға жаңаша көзқарас

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында  «Биология пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбында биология пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтті.



Білім  беру мазмұнын жаңарту жағдайында биология пәнін оқыту әдістемесі бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған курс жетекшісі «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық) пәндерді  оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Куракова Роза Нсангалиевна. Курс барысында биология пәні бойынша білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға арналған есептерді шешу және зертханалық жұмыстарды орындау, өзіндік танымдық қызметтерін ұйымдастыруда белсенді оқытудың әдістерін қолдану, цифрлық ресурстар және виртуалды  лабораториялар мен құрылғыларды қолдану әдістері, STEM сабақты жобалау, биология сабақтарында мәселелерді шешу арқылы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелеріне көңіл бөлінді. Курс тыңдаушылары зертханалық жұмыстарды «PASCO» компаниясының «SPARK» және «Xplorer GLX» бағдарламалық жабдықтамасы арқылы практика жүзінде орындады. Олар   мәліметтерді жинауға арналған электронды датчиктерді қолдану арқылы қысқа уақытта тәжірибелік жұмыстарды жасап, графикалық түрде  тез демонстрациялауды  және талдауды үйренді.  Одан әрі зерттеушілік дағдыларды дамыту бағытындағы тапсырмаларды орындау Назарбаев зияткерлік мектебінде жалғасты

 

«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша ПҚБАИ баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.