Home » Мақалалар » Кәсіби даму сапасын бақылаудың тиімді жолы – мониторинг жүргізу

Кәсіби даму сапасын бақылаудың тиімді жолы – мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыруда күтілетін нәтижесі: «Білім беруді дамытудың мониторингісі және оны болжау жүйесі мен сапасын бақылаудың ұлттық жүйесі құрылады» — деп айқындаған. Бұл тұжырымдамалық мақсат-міндеттер мониторингтік қызметтің оқу тәрбие үрдісін жетілдірудегі маңыздылығы, сондықтан осы қызметті дұрыс жолға қойып жүргізудің өзектілігін көрсетеді.

Сонымен қатар, ұлы Абай айтып кеткен мына сөздерді келтіруді жөн көрдім: «…. Егер де естілердің қатарында болғын келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір рет өзіңнен-өзін есеп ал!». «Сол алдағы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен». Дана ақын бұл жерде есеп алу адамға өзінің әрбір ісі мен әрекетіне баға беру, соның нәтижесінде өкінбестей өмір сүруге қажет қорытындылар жасау үшін керек екенін меңзейді. Бұл пікір біз іздеп отырған сапаға жетуді мақсат ететін әрбір адамның бойында болуы тиіс емес пе?

Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісін сапаландыруды, күтетін нақты нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін жұмыстың бір түрі ол – Мониторинг жүргізу. Мониторинг – арнайы ұйымдастырылған мақсатты ақылау, ақпарат көздерін жүйелеудің диогностика жағдайы және үнемі бақылау жасап отыру. Кәсіби даму сапасын бақылау мониторингі дегеніміз – ең алдымен сапаның өлшемдеріне, сапа табиғатына байланысты білім беру деңгейінің өсуін қамтамасыз ететін факторларды хабардар етіп, ақпарат беретін жүйе болып табылады.

Кәсіби даму сапасының диогностикасы:

  • Әлеуметтік жағдайларды талдау;
  • Білім беру мазмұнын талдау;
  • Мұғалімнің педагогикалық мәдениеттілігін талдау;
  • Мектеп бөлімдерінің әрекетін талдау.

Білім сапасын бақылауды мониторингілеу жүйесінсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Өйткені мониторингілеудің басқа жүйелерден өзгешелігі сол – бұл жүйе өзінің ғылыми сипатымен үнемі өзгерісті қажет етіп, арнайы әдістермен толықтырылып отырады. Білім берудегі мониторинг – бастапқы алғышарттарға негізделген білім беру үрдісіндегі белгілі бір жүйені үнемі бақылап отыру. Білім беруді дамытудың ең негізгі түрткі боларлық нәтижеге бағытталған жүйе мониторингілеумен тікелей тығыз байланыста. Өйткені мониторингілеу арқылы білімнің даму бағытын, білім мазмұнының мағынасы мен деңгейін анықтауға болады. Мониторингілеудің үрдісін білім беруде қолдану ең алдымен білімнің даму бағытын, білім мазмұнының мағынасы мен деңгейін анықтауға болады. Мониторингілеудің үрдісін білім беруде қолдану ең алдымен білімнің деңгейін тексеріп алудан басталатындықтан, мәліметтерді жинақтау жұмысы тиісті деңгейде өрбіп дамуы қажет. Дегенмен, білім беру қай кезде болмасын өзіндік өлшемдерімен бірге бағалануды қажет етеді. Олай болмаған жағдайда білім беруді дамытуға еш мүмкіндік болмай, білімнің сапасы өте төмендеп кеткен жағдайларға жол берілуі мүмкін. Сондықтан білім сапасы ең алдымен қоғамның даму бағытын айқындайтын модельдермен байланысты бола отырып, өзінің дамуындағы үрдістерді қалыптастыру арқылы инновациялық процестер негізінде құрылатын логикалық-құрылымдық ойлардың дамуына алып келеді. Педагогикалық мониторинг нәтижелі жүргізілуі үшін, оны топ мониторингтік қызметтің әдіснамалық құрылымын, оның жүргізудің формалары мен әдістерін, ұйымдастыру мен үйлестіруді ұштастыру жолдарын, бақылау каналдары мен болжау әдісі арқылы кемшіліктерді жоюдың инновациялық жолдарын анықтайтын дәрежеде теориялық қарулануы, оның іске асыра алатын тәжірибелік-іскерлік қабілеті болганы дұрыс.

Педагогикалық қызметке жаңа элементтерді енгізу нәтижелілік пен сапаны арттыру, әдістемелік қызметке белсене қатысу, жұмыс тәжірибесін жалпылау және тағы басқалары – біліктілікті арттыру курстарында оқу нәтижелігін анықтауға болатын өлшемдер осылар. Біліктілікті арттыру курстарының басты мақсаты – білім беруді дамытудың басым бағыттарына сәйкес педагогтардың кәсіби біліктіліктерін дамыту және жетілдіру. Тыңдаушылардың әр санаттары үшін оқу бағдарламаларының нақты мақсаттары мен міндеттері мен әзірленеді. Оқытушылар курстық даярлау барысында белсенді оқытудың дәстүрлі емес нысандары мен тәсілдерінің әртүрлі стратегияларын кеңінен қолдана отырып тыңдаушылардың ұстанымын белсендіруге ұмтылады. Бұл педагогтарды кез келген тапсырманы орындауға шығармашылық тұрғыдан келуге итермелейді (қайта дайындау, оның негізінде жаңаларын жасау және оларды сәйкес оқу жағдайында пайдалану.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2050жж арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана 2013ж.
  2. Шишов С.Е. Калней В.А. Мониторинг качества образования в школе.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012жылғы «Білім беру мониторингісінің құрудың ережелері»

А.А. Нұрмағанбетова

Актобе облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО

мониторинг және талдау бөлімінің

бас маманы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.