Home » Жаңалықтар » Кәсіби даму — білім беру  жүйесін жаңарту негізі

Кәсіби даму — білім беру  жүйесін жаңарту негізі

Қазіргі білім беру жүйесінде білім алушыны халықаралық деңгейдегі сапалы біліммен қаруландыру үшін педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, кәсіби шеберлігін  дамытуды қамтамасыз ету маңыздылығы артып отыр. Еліміздің білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагогтың  жаңа жүйеде  жаңа идеялармен жұмыс жасауын,  оқушылардың білім мазмұнының жаңаруына сай сапалы білім алуына қажетті мүмкіндік жасау, жоғары ақпараттық – коммуникациялық әлеуеті бар білім беру ортасын құруды міндеттейді.

Осыған байланысты  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасындағы    «Қазақ тілі мен әдебиет пәнін жаңаша оқытуда пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру» тақырыбында ұйымдастырылған біліктілік арттыру курсында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өз кәсіби шеберлігін шыңдап, оқу-танымдық қызметті  белсенді ұйымдастырушысы ретінде өз тәжірибелерін молайтты.
Курс барысында тыңдаушылар қамтылатын тақырыптарға сәйкес теориялық білім жинақтап қана қоймай, практикалық сабақтар барысында белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, оқу мақсаттарына сәйкес критериалды бағалау тапсырмаларын құрастыру, сараптау  тәжірибелік дағдыларын да меңгере алды.  Оқушы қажеттіліктерін қанағаттандыру, саралау тапсырмаларын дайындау, жоспарлау мен оқыту үдерісінде Блум таксономиясын қолдану бойынша алған білімдерін, нәтижеге бағытталған сабақ жоспарын құруда  басшылыққа алатын қағидаттарды зерделей отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеп,  талдап, жетілдіру жолдарын ұсынды.

Шағын сабақ қорғау барысында барлық оқушылардың оқу мақсаттарына жетуіне мүмкіндік беретін әртүрлі саралау  жаттығулары мен тәсілдері бар жеке сабақты жоспарлау үшін оқу  жоспарын қалай пайдалану керектігі зерделенді.

Жаңаша  оқыту әдістемесі бойынша құнды тәжірибелік ұсыныстар талқыланды.

Курс кезінде  тыңдаушылар тәжірибелік сабақтарға қызығушылықпен қатынасып,   белсенділік танытты.  Меңгерген білік-дағдыларын тәжірибеде қолдану, кәсіби біліктілігін арттыру —  курс тиімділігінің көрсеткіші болмақ.

 

Сарсенова Нұрбибі  Қонысқызы
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Инновациялық технологиялар және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық) пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.