Home » Ашық сабақтар » «Күн» туралы

«Күн» туралы

Г.А. Ыскакова

Астана қаласы, Н.Әбдіров атындағы

№33 «Балабақша-бастауыш мектеп»

 кешенінің тәрбиешісі

Білім беру саласы: қатынас.

Қызыметі : тіл дамыту.

Мақсаты: күн туралы түсініктерін жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту, қиялын, саусақ маторикасын дамыту, мейірімділікке табиғатқа сүйіспеншілікке тәбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Қажетті құралдар: күннің суреті, желім, түрлі-түсті қағаз, слайд.

Сөздік жұмыс:ұшақ, табиғат.

Мативациялық қозғаушы

«Шатық шеңбері »

Балалар «көңілді күн»әуенімен музыка бөлмесіне кіреді де, шеңбер құрып тұрады.

Армысыз қайрымды Аспан — ата!

Армысыз мейірімді Жер — Ана!

Армысыз, шұғыла Алтын күн!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Тәрбиеші: — Балалар, айта қойыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі ?

Балалар: Көктем !

Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар.

Бүгін дала қандай болыптұр?

Балалар: Ашық жылы болып тұр

Тәрбиеші:Балалар мен сендерге бір жұмбақ қоямын, ал сендер жауабын тауып беріңдер?

Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады(Күн)

Балалар: Күн

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз қонаққа баратын болдық сендерді «Күн» қонаққа шақырып жатыр. Күнге қонаққа барамыз ба?

Балалар: Ия, барамыз

Балалар қолдарын екі жаққа жайып, шеңбер бойымен жүреді (орындыққа барып отырады).

Ұйымдастырушылық-ізденістік. Слайд

Күн:(күн шығады) Сәлеметсіндер ме, балалар!

Сендер мені таныдыңдар ма?

Балалар: Ия, таныдық. Сіз күнсіз!

Тәрбиеші: Балалар, қарандаршы мына жерде сендер не көріп тұрсындар? Күн шығып келе жатыр, күн қай уақытта шығады?

Балалар: Таң ертең шығады

Тәрбиеші: Жарайсындар. Өте дұрыс айттыңдар. Ал, мына суретте қай уақытты көрсетіп тұр?

Балалар: Түскі уақыт

Тәрбиеші: Әрине, түскі уақыт екен, себебі, күн шуағын толығымен шығып тұр, аспанның дәл ортасында. Күннің көзі жарқырап шыққан кезде табиғат құлпырып, гүлдер, құстар, жануарлар, адамдар өздерін қуанышты сезінеді.

Күн бізге, жерге жылуын шашып тұрады. Ал, мына уақыт кай уақыт деп ойлайсындар?

Балалар: Кешкі уақыт

Тәрбиеші: Дұрыс айтыңдар! Жарайсыңдар! Ал, сендер, Күн туралы тақпақ білесіңдер ме ?

Балалар: Ия, білеміз.

Дарын:

Кең аспан ғой, Ай күнің,

Қашаннан-ақ тұрады.

Кейде сол күн жарқырап,

Нұрын жауып тұрады.

Ясмина:

Түн пердесін ай ашып,

Күндіз тұрса күн күліп.

Күн мен түн алмасып,

Жалғасады тіршілік.

Еркеназ:

Төбесінде даланың,

Төбесінде қаланың.

Аяғы жоқ — жүреді.

Езуі жоқ — күледі

Сергіту сәті

«Күн ұйықтайды»

Күн ұйықтайды,

Күн оянады.

Жел соғады,

Жаңбыр жауады.

Күн ашылады .

Күн: Балалар, мен сәулелерімді жоғалтып алдым, мен оларды таппай жүрмін. Сендер сәулелерімді тауып алуға көмектесесіңдер ме? Ендіше, оны іздейік.

Рахмет, балалар! Ендіше осы сәулелерді жабыстырайық.

Күн: Балалар, менің сәулелерімді жабыстырып бергендеріңе көп рахмет! Ал, мен сендерге алғысымды мына сыйлық арқылы білдіргім келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.