Home » Жаңалықтар » Күйкен орта мектебінде мұғалімдер кеңесі өтті

Күйкен орта мектебінде мұғалімдер кеңесі өтті

Еңсемізді көтеріп   егеменді ел болғаннан бері еліміздегі білім саласында  тың өзгерістер білім саласында кеңінен орын алып отырғаны белгілі.Маңғысатау облысы Бейнеу ауданындағы  1-2 сынып мұғалімдеріне  арналған «Қазақстанның жаңаруы 3,0-бөлімінің үлесі»  тақырыбында  аудандық тамыз пед кеңесінің жылжымалы секция отырысы Күйкен орта мектебінде болып өтті. Аудандық мектептерден барлығы 130 мұғалім қатысты.        

Маңғыстау білім басшысының орынбасары Мамаева Гүлмира Қасымқызы жаңартылған білім мазмұны туралы айтып, оның ерекшеліктеріне тоқталып, барша ұстаздарды жаңалықтың жаршысы болуға шақырды. Жаңа оқу жылына байланысты 1-2 сынып жаңартылған бағдарламаны іске асыруда ұстаздардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

Маңғыстау облыстық білім басқармасына қатысты облыстық оқу әдістемелік  және қосымша білім беру орталығының бастауыш сынып әдіскері Тоғысова Жамила Айтуарқызы алғы сөз алып, «2017-2018оқу жылындағы  жаңартылған білім беру бағдарламасының өзгерістері» тақырыбында баяндама жасады.

Ақтау қаласы №28орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санатты тренер Рятова Сангүл Қойшықызы «Жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнды ерекшеліктері» тақырыбында Мұнайлы ауданы, №10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі,  1 санатты, 2 деңгей мектеп тренері Құрақбаева Тамара Раманқызы «Оқыту нәтижелерін критериалды бағалау – бастауыш сынып оқушыларының құзыреттіліктерін арттыру ресурсы» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді.

Мұнайлы ауданы №12мектептің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі, 3 деңгей Дүйсембаева Убира Джумаевна «Жаңа білім-жаңа оқулықпен» деп аталатын баяндама жасады.

1-2 сынып мұғалімдеріне арналған Критериалды бағалаудың тиімділігі  туралы сауалнама жүргізді. Қатысқан мұғалімдер  өз ойларын ортаға салды, мұғалім көкейіндегі жаңа бағдарламаның тиімді, тиімсіз жақтары туралы тоқталды. Бағдарлама аясында қойған сұрақтарға жауап берді.

«Қазақстанның жаңаруы 3,0-білімнің үлесі» тақырыбындағы  аудандық тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы өз мәресіне жетіп, тың жаңалығымен ерекшеленіп  «Білім негізі бастауышта»  атты дөңгелек үстел арқылы қорытындыланды.

 

                                                                                                 Зада Султанова

Күйкен орта мектебі

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.