Home » Айтарым бар » Білім беру мазмұнын жаңғырту

Білім беру мазмұнын жаңғырту

Білім беру мазмұнын жаңғырту: пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттілікті дамыту — педагогикалық құзыреттіліктің басты құрамдас бөлігі.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ» филиалында 2017 жылдың 14 тамызынынан бастап «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және коммуникативтік-тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында физика, химия, биология, информатика пәні мұғалімдеріне арналған жаңадан 4-айлық курстар өткізілуде. Аталған біліктілікті арттыру курсының білім беру бағдарламасы мектептердің жоғары сыныптарда сабақ беретін, ағылшын тілін білу деңгейі кемінде А2 мұғалімдерін оқытуға арналған қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін әзірленді.

Курс Бағдарламасының мақсаты: жалпыеуропалық тілдік құзыреттілік шкаласына (Common European Framework of Reference) сәйкес А2 деңгейінен В2 деңгейіне дейін мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін жетілдіру және ағылшын тілінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесін меңгеру.

Оқу курсы қызықты және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқыту әдістемесіне, CLIL әдісін пайдаланып, кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға сүйене отырып тілді спираль тәріздес тәсілмен меңгеру болып табылады. Тыңдаушылар пәндік-тілдік материалдың жеткілікті үлкен көлемін оқиды, бұл табиғи тілдік ортаға толық бойлауды білдіреді. Бағдарламалық материал спецификалық терминдерді, белгілі бір тілдік құрылымдарды меңгеріп алуға мүмкіндік береді. Бұл педагогтің сөздік қорын толықтыруға, оның кәсіби дамуына ықпал етеді, алған білім мен дағдыларын мектеп тәжірибесінде қолдануға дайындайды.

Ұстаздарға оқытуда сәттілік тілейміз, өйткені, үштілділікті жалпы білім беретін мектепте енгізу – заман талабы!

 

 

 

 

 

 

 

Есеналина Р.М.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББҮППҚ кафедраның аға оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.