Home » Жаңалықтар » Кішкентай көрермендер риза болды

Кішкентай көрермендер риза болды

Театр – рухани тәрбиенің ошағы. Әсіресе, балаларды театрға алып бару – оларды адамгершілікке, ізгілікке жетелеудің алғашқы қадамы іспеттес.

Күні кеше мектеп оқушылары күзгі демалыстарын тәмамдап, бүгін қайтадан оқуға кірісті. Осы ретте Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданына қарасты Подстепный №1 орта мектебінің бастауыш сынып шәкірттері өздерінің қызықты демалыс апталарын әдемі нотамен түйіндеді. Олар 2 қараша күні Оралдағы Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында қойылған «Алдар көсенің сиқырлы дүрбісі» атты ертегіні тамашалады. Бұл ертегінің режиссері – осы театрдың бас режиссерінің міндетін атқарушы Самал Әбуов.

Подстепный №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, І санатты ұстаз Зульфия Аккулова оқушылардың қойылымнан жақсы әсер алғанын айтты. – Ертегі балаларға қатты ұнады. Олар ежелгі қазақ ертегісінің кейіпкерлерімен қоса Маккуин, Супермен сынды бүгінгі заманауи мультфильмдердің кейіпкерлерін көре алды. Олармен ертегі барысында ағылшынша сөйлесіп, сұрақтарына жауап беріп, қызықты диалог құрды. Жалпы облыстық театрмен әр кез байланыстамыз. Театр ұжымына рахмет, – Зульфия Маратқызы.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,

«Білім айнасы», БҚО

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.