Home » Жаңалықтар » Кітап – әлемді бағындырады

Кітап – әлемді бағындырады

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 23-сәуір Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап – әлемді бағындырады» атты акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – оқушыларды, ата-аналарды, мұғалімдерді, қызметкерлерді қатыстыру арқылы қоғамда оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, болашақ жастарымыздың бойында рухани мәдениетті дамыту, шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Акцияға 400 ден аса мектебіміздің қызметкерлері, ұстаздары, ата-аналарымыз, оқушыларымыз қатысып, бір-біріне қалаған кітаптарын сыйға тартты.
Кеш барысында кітапханамыздың «Ең үздік оқырмандары» мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлық картасы тарту етілді. Сонымен қатар, кітап фестивалі өтті, Кітап фестивалінде оқушылар көптеген танымдық ойындар, оның ішінде  «Book Dingo»,  «Book Bingo», «Book Puzzle», «Буквомиксер», «Мен кіммін?», «Қойылымнан үзінді»,  «Әңгіме жазайық», «Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін» және таза өнімнен сабын жасауды үйренді.
Абай атамыз «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» дегендей, барлық білім – кітапта. Қазіргі техникалық заманда осындай акцияларды ұйымдастыру біздер үшін аса маңызды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.