Кітапханаға оқырманды баулуда және оқырманмен кітапхана арасындағы тығыз байланысты сақтауда атқаратын жұмыс тәсілінің ең маңыздысы — жүргізілетін көпшілік жұмыстар. Бүгінде біздің оқырмандарымызды өздері белсенді түрде қатысатын іс-шаралар қызықтырады. Сондықтан бүгінгі кітапхананың алдына қойған мақсаты бар мүмкіндікті пайдалана отырып, әрбір іс- шараны түрлендіре өткізу.
Бексултанова Р.К.,Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектеп кітапханасының меңгерушісі кітапханада «Рухани жаңғыруға», «Астана қаласының 20 жылдығына», «Сыңғырла қоңырау», «Тілдер күніне» қазақ тілі мамандарымен бірігіп сыныптарда пікірталас өткізіп, көрмелер ұйымдастырды. Бірінш сыныптарында «Сәлеметсіз бе, кітапхана» тақырыбында кітапханада экскурсия болды. 3«ә» сынынбында (сынып жетекшісі Зейноллаева Г.Т.) «Кітаптарды қалай жасайды?» тақырыбында кітапхана сабағы өткізілді. 1-сыныптарында «Сен кітапхана ережесін білесің бе?» тақырыбында әңгіме өткізілсе, 1 желтоқсан – Президент күніне «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы 4 «б» сыныбында ( сынып жетешісі Досанова Г.) іс-шара өтті. 8 «б» сыныбында «Жаралы желтоқсан» атты Тәуелсіздік күніне арналған дөнгелек үстел өткізілді.
Осы оқу жылының қараша айында бастауыш сыныптар арасында «Кітап оқу апталығы» өтті. Жоспар бойынша аптаның алғашқы күнінен бастап 2-4 сыныптар арасында әдебиеттен тестік сұрақтарға жауап берсе, келесі күндері «Әдебиеттік оқу білгірлері» атты олимпиада болды, сонымен қатар Абай атамыздың өлеңдері оқылып, үшінші күні оқу жылдамдығы бойынша Ы. Алтынсарин атамыздың шығармаларынан үзінді оқыды. Қызықты интелект бойынша крассвордтар мен ребустарды шешу ұсынылды. Төртінші күні ертегілерден сахналық көріністер көрсетілсе, бесінші күні оқулықтардың таза ұстаудағы белсенділіктеріне тексерістер өткізіліп, ұқыпты оқушыларды және осы жеті бойынша белсенді қатынасқан оқушылар мен сыныптар марапатталды. « Әкем, шешем және мен – оқырман отбасымыз» атты конкурста Жунусовттар отбасы жақсы өнер көрсетіп, 1-орынға ие болды.
Кітапханада жыл бойы көрме ұйымдастырылды «Біздің тәуелсіздігіміздің тарихы», «Көп оқыған, көп біледі», «Балалар әдебиеті», «Ертегілер әлемінде», «Мұғалім мен сынып жетекшісіне көмек», «12 жылдық білім беруге дайындық», «Өзін-өзі тану-өмірді тану», «ОЖСБ және ҰБТ-ға дайындық», «Рәміздер ұлттық мақтаныш», «Көшеде сақ бол», «Тұйыққа тірер жол» тақырыпта ЖҚТБ мен нашақорлыққа қарсы жасалды. Бексултанова Р.К.,Ғ.Қайырбеков атындағы №9 мектеп кітапханасының меңгерушісі қалалық семинарда «Мектеп кітапханасының құжаттары. Мектеп кітапханасының есеп түрлері мен нысандары» тақырыбында баяндама мен презентация жасады.
«Кітапхана, кітап және мен – жақсы достармыз» атты апталығы, 1-4 сыныптар аралығында ең үздік оқырман сайысы, және кітаптар апталығы өтілсе, сол апталыққа белсене атсалысқан оқырмандар марапатталды.
Айгүл Раисова,
«Өрлеу»БАҰО»АҚФ
Қостанай облысы бойынша
ПҚ БАИ кітапханашысы