Home » Айтарым бар » Курстан алған әсерім

Курстан алған әсерім

Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осыған орай мұғалімдердің тәжірибесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары бойынша біліктілігін арттырған мұғалімдердің (бұдан әрі мектеп тренерлері) әлеуетін пайдалану қарастырылған.

Осы мақсатта «Педагогикалық шеберлік орталығы» жекеменшік мекемесі «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасын әзірледі.

Бағдарламаның мақсаты: Педагогика кадрларына оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді меңгерту. [«Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы]

Бұл курсқа келгендегі мақсатым – жаңа формация мұғалімі болу, оқытудағы педагогикалық қоржынымды әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдермен толықтыра отырып, мектеп мұғалімдерімен өз тәжірибеммен бөлісу және үйрету. Олар: оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер: диалогтік оқыту және қалай оқу керектігін үйрету, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық. Кембридж университетінің бірінші әйел-профессоры Джин Раддоктың айтқанындай «Оқушы үніне» құлақ асудың оқуды жетілдіруде маңызы зор екенін түсіндік. Сол бағытта оқуымызда оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін үйреніп, педагогикалық іс-тәжірибемді жетілдірдім.

Менің бұл курстан алған әсерім, үйренгенім көп болды. Ендігі мақсатым осы үйренгенімді жүзеге асыруға асығудамын. Білімді де, білікті, білімін тәжірибеде іске асыра алатын, жан-жақты дамыған жаңашыл мұғалім болуына бағыт-бағдар беремін деген ойдамын. Тренер ретінде мұғалімдерді оқыту үдерісінде сол мұғалімдердің практикалық тәжірибелерін пайдалану осы Бағдарламаның теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай бейімдеуге болатындығын шынайы дәлелдемесі болып табылады.

 

Байкенова Маржан Сайлаубековна

А.С. Макаренко атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Аркалық қаласы, Ашутасты ауылы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.