Home » Мақалалар » Критериалды бағалау жүйесі – сапалы білім кепілі

Критериалды бағалау жүйесі – сапалы білім кепілі

2017 жылдың 26 қыркүйегінде «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының» Басқару және білім сапасы кафедрасының аға оқытушысы Самарканова Аяулымның ұйымдастыруымен «Критериалды бағалау жүйесі – сапалы білім кепілі» атты облыстық семинар өтті. Аталған шараға аудандардан 60 мұғалім қатысты.

Облыстық семинардың мақсаты: Критериалды бағалау жүйесінің әдістерін жинақтап, тарату.

Облыстық семинардың міндеттері:

-жалпы орта мектепте оқу-тәрбие жұмыстарында критериалды бағалаудың әдістерін жүзеге асырудың жаңа мүмкіндіктерін анықтау;

-педагог мамандарды жаңа тәсілдермен таныстыру;

-инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтау және тарату.

Семинардың отырысын «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚБАИ» Басқару және білім сапасы кафедрасының меңгерушісі   А.Т. Тұралбаева ашып, ұстаздарға сәттілік тіледі.

       Аталған шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері презентация, шебер-сыныптарын өткізіп, өзара пікірталас жүргізді. Көрсетілген жұмыстар бойынша Қапшағай қаласының орта мектеп гимназиясынан келген Ербосынова Дариғаның, Жамбыл ауданының Шилібастау орта мектебінен келген Сейсенбаева Римманың шебер-сыныптары үздік деп танылды.

Облыстық семинар жұмысын А.А. Самарканова қорытындылап, іс-шараға белсенді қатысқан мұғалімдерге институт атынан құрмет граммоталармен марапаттап, алғыс хаттар, сертификаттар табыстады.

Қорыта келе, облыстық семинар мұғалімдерге шығармашылық жігер беріп, заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйренуге бағыт-бағдар көрсетті. Ұстаздар жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену мақсатында ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелді.

Бастауыш сынып мұғалімдері осындай іс-шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген тілектерін білдіріп, қоржындарына көп тәжірибе алып бара жатқандарын атап айтты.

А.А. Самарканова

Басқару және білім сапасы

кафедрасының аға

оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.