Home » Оқу-әдістемелік материалдар » Критериалды бағалаудың білім сапасына әсері

Критериалды бағалаудың білім сапасына әсері

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,  даму бағытына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға,  жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімінің жаңа жүйесі құрылуда яғни биылғы жылдың қыркүйек айынан бастап, 1-сынып оқушылары жаңартылған бағдарлама бойынша оқуды бастайын деп отыр. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, дағдыларды меңгеруді,  оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.Бұл мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдалану керек деген сөз.. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі қазір өте  маңызды .

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу-әрбір ұстаздың басты міндеті. Мұғалімдер қай   әдісті пайдаланса да мақсат — бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылыққа тәрбиелеу, дағдыларды меңгерту. Сыныптағы барлық балалардың ойлау қабілеті бірдей емес, сондықтан сабақ кезінде әрқайсысының деңгейіне қарай мұғалім жұмыстың түрін таңдап, сол тақырыпты игеруді көздейді.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі —  әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден –бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау  жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу үдерісінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Критериалды бағалау жуйесінің бірнеше тиімділігі бар олар:

  • заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
  • жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
  • оқушылардың білім сапасын арттырады;
  • оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
  • тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Жалпы алғанда критериалды бағалау дегеніміз  – оқушылардың оқу жетістіктерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес, ұжым ішінде өңделген, оқушыға, ата-анаға және мұғалімге түсінікті нақты анықталған критерийлерге негізделген үдеріс.

Жиынтық бағалау – белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім деңгейі), сондай-ақ оқу бағдарламаларындағы балл және баға қойылатын  бөлімдер\ортақ тақырыптарды аяқтаған кезде жүргізілетін бағалаудың түрі

Қалыптастырушы бағалау – оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі болып табылады.

Қалыптастырушы бағалау – оқыту үшін бағалау, жиынтық бағалау – оқытуды бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау  сабақ жүйесінде жеке қарастырылмайтын, сабақпен қатар жүретін үдеріс. Қалыптастырушы бағалаудың (оқыту үшін бағалау)  маңызы – білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту, мақсаты– оқытудың қиындықтарын анықтау,оқыту бағдарламасының мазмұнын және білім беру стилін білу,болжау мен сұрыптау, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Бағалаудың мәні – бақылау, алынған мәліметтердің интерпретациясы, бұдан арғы іс-әрекеттерді анықтау үшін қолданылуы мүмкін шешімдерді қорытындылау. Ол оқушының жаңа сабақты, тарауды қалай меңгеріп жатқандығын  жүйелі түрде бақылап, қадағалап отыру. Жиынтық бақылау жұмысына дейінгі оқушының білім деңгейін қалыптастыру, дамыту, жетілдіру. Қалыптастырушы  бағалау жұмысы сабақтың толық бөлігін қамтуы міндетті емес. Ол сабақтың басында , сабақтың ортасында , сабақтың соңғы бөлігінде жүргізіледі. Сабақ барысында  қалыптастырушы бағалаудың  әдістерін тиімді әрі жүйелі  өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Ол үшін мұғалім әр сабақта  оқу мақсатына байланысты нақты критерий мен дискриптор құрып отыруы тиіс.  Бағалау критерийлері    нақты оқу мақсатына  негізделіп жасалады. Дескрипторлар тапсырмаға сай құрылып, оқушы білімінің нәтижесі бойынша қорытындыланады. Мысалы: бастауыш сынып бойынша «Менің отбасым және достарым» тақырыбын өту кезеңінде оқушылардың білім деңгейі мына критерийлер мен дискрипторлар арқылы бағаланады:

Тақырып «Менің отбасым және достарым»
Оқу мақсатыМәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды.

Тыңдаушыны қызықтыру үшін көркем-бейнелі сөздерді (сипаттау, т.б.) қолдану.

Бағалау критерийіМәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді. Тыңдалған ақпараттың негізгі ойын түсінеді.  Мәтіннің негізгі   мазмұнын эмоционалды көркемдегіш сөздерді қолдана отырып айтады.
Тапсырма Мәтінді тыңдаңыз, тірек сөздерді теріп жазыңыз. Тақырыбын, негізгі ойын анықтаңыз. Жұпта эмоционалды көркемдегіш сөздерді қолдана отырып мәтінді мазмұндаңыз.

Айсұлу мен Күнсұлу

Ерте, ерте, ертеде бір байдың Айсұлу және Күнсұлу деген екі қызы болыпты. Екеуі де теңдесі жоқ сұлу екен. Бірінен бірі асқан сұлумын деп бірімен-бірі үнемі ұрысып, жиі-жиі жанжалдасып қалады екен.

Бір күні Күнсұлу іс тігіп отырған Айсұлуға тиісіп:

Сенен мен сұлумын!-дейді.

Ал Айсұлу болса:

—    Жоқ, сен сұлу емессің, мен сұлумын!-деп таласады. Ақыр соңында бұл талас үлкен шатаққа айналады. Ыза қысып, әбден ашуланған Күнсұлу өзіне қарсы келіп отырған Айсұлудың бетін тырнап алады. Күнсұлудың тырнағының ізі Айсұлудың бетінде өшпестей болып қалады. Міне, содан бері Айсұлу жұрттан ұялып, тек түнде ғана далаға шығады екен. Ал бейбастығынан қатты ұятқа батқан Күнсұлу түн қараңғылығында бұғып жатады екен. Содан бері Айсұлу мен Күнсұлу бірін-бірі көре алмайды екен.  

Бағалау критерийіДескрипторлар
Мәтіннің негізгі мазмұнын түсінедітыңдалған мәтіннің тақырыбын анықтайды.

тірек сөздерді теріп жазады

Тыңдалған ақпараттағы негізгі ойды анықтайды.мәтіннің негізгі ойын жеткізеді.
Көркемдегіш сөздерді біледімәтіннің мазмұнын жүйелеп айтады;

мазмұндауда көркемдегіш сөздерді қолданып айтады

Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу —  жиынтық бағалаудың  нәтижелі,сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың  бастауы негізі  қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дәлелденіп отыр. Білім алушылар өзінің біліміндегі ақаулықтарын өз бетінше және саналы анықтап, мұғаліммен бірге оларды жою бойынша жұмыс жүргізеді, бұл бастауыш мектепте әсіресе маңызды. Мұғалім мен білім алушының осындай өзара әрекеттерінің үлкен құндылығы олардың білім беру үрдісінде белсенді әрекеттесуінде, қажет кезінде бір-бірінің пікірлеріне сыйластықпен қарап, ауысуында түйін тауып отыр. Өздігінен бағалау нәтижеге емес, білім үрдісіне, оның сапасына бағыт алғаны маңызды

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Бастауыш мектептің мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша басшылық, «НЗМ» ДББҰ.

2.Красноборова А.А.  Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие

3.Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 55-бет.

  1. «Педагогикалық диалог» ақпараттық-әдістемелік журналы «НЗМ» ДББҰ.

Самарканова А.А. 

 «Өрлеу»БАҰО» АҚ  АОБПҚБАИ 

 «Басқару және білім сапасы»

  кафедрасының

  аға оқытушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.