Home » Айтарым бар » Колледждегі «Құрылыс», «Сәулет» мамандығы студенттерінің жетістігі

Колледждегі «Құрылыс», «Сәулет» мамандығы студенттерінің жетістігі

Еңбекке баулу, техниклық-шығармашылық, сабақтан тыс колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің ұйымдастыруымен құрылыс және сәулет мамандығы студенттерінің арасында конкурстар ұйымдастырылып отырады, бұл өзара теория мен тәжірибенің байланысы студенттердің кәсіби біліктілігін арттырады, өз мамандығына деген қызығушылығы арта түседі. Конкурстарға студенттер қызыға қатысады, соның бірнешеуіне тоқталайық:

  1. Ақпан айында «Worldskills Kazakstan — 2017» кәсіптік шеберліктің Ұлттық чемпионатында студенттер тас қалау, қаптау жұмыстары бойынша және сырлау, сылақ жұмыстары бойынша дайындалып, бекітілген тапсырмалар бойынша өздерінің шеберлігін көрсетті. Сарапшылар комиссиясы құрылып, студенттер жұмыстары бағаланып, жеңімпаздар анықталды.

Нәтижесінде 1 студент күміс, 2 студент қола медальға ие болды.

  1. Сәуір айында «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне студенттер арасында облыстық «Жасыл экономика Қазақстанның жеңісі мен жемісі» атты макеттер көрмесі өтті. Көрмеге ұсынылған макет тақырыбы: «Теңіз жағалауындағы тамақтану ғимараты» макетті колледж атынан қорғаған Бөкенбаев Алтынбек А-14 тобының студенті, Ұлттық нақышта орындалған макет «Үздік дизайн» номинациясын алды. Макеттің ерекшелігі күн сәулесінен және желден арнайы құрылғылар арқылы энергия жинап, пайдалану арқылы энергияны үнемдеуге болатынында.

 

  1. «Мен таңдаған мамандық» атты конкурсқа «Сәулет» мамандығы А-14, А-15 тобы студенттері де қатысты, өз беттерімен макет жасады, сурет салды, кіші архитектуралық форма жасады және конкурсты ұйымдастыру жұмысына да өздерінің аз да болса үлестерін қосты. Нәтижесі: «Жаңашыл топ» номинациясын алды.

Макет жасауға А-14 студенттері Қорғанбаева Ақгүл, Амантурлиев Алишер, Бөкенбаев Алтынбек қатысты және «Сәулет дүкенінің» макетін жасап шықты.

 Студенттерінің шығармашылық табыстарына қуанбайтын ұстаз жоқ, әрбір жетістік студентке үлкен еңбек, ізденіс арқылы келеді. Осының бәріне қол жеткізуге әрине жетекші көмек қолын созады, студентпен бірге дайындалып, бірге кедергіні болдырмауға жұмыстанады.

Себебі білімді маман біздің Болашағымыз!!!

Н.К.Тулешова

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжi» оқытушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.