Home » Баяндамалар » Киізден аяқ киім жасау технологиясы

Киізден аяқ киім жасау технологиясы

Мал жүнінен тұрмысқа қажетті әртүрлі бұйымдаржәне киім-кешек сәндік бұйымдар жасалады. Қазақ қол өнерінің көркемдік ерекшелігінің негізі киіз басу басу өнері. Қазір заман ағымына қарай тұрмыс тіршіліктің өзгеруіне байланысты  киіз басу өнері жан-жақты дамуда. «Шебердің қолы, шешеннің сөзі ортақ».
Баяндаманың негізгі  мақсаты: Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, қызымет ету дағдыларын қалыптастыру, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз –Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.Сонымен қатар халқымыздың этномәдениетін дамыту, ұлттық өнердің дамыту жолдарын насихаттау.

Нәтиже:

Ұлттық киіз басу өнерін, заман ағымына қарай ұлттық нақышта жасалған әр түрлі әшекей бұйымдар мен тұрмыстық заттар жасауда қолдану  дағдысы  қалыптасты.

Киіз басу халқымыздың атадан балаға  ертеден бүгінге дейін жалғасқан тарих.Атадан балаға мирас болып қалған киіз басу өнерін балаларға үйретудің қарапайым жолдарын  қарастыру;  киізден, жүннен жасалатын күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаудың ыңғайлы жолдарын іздестіру.

Көшпенді қазақ халқымыз  төрт түлік малдан тек адамға қажетті азықтан бөлек, жүнінен тұрмысының барлық қажетіне жарайтын киізден бастап киім кешек және қолданысқа ыңғайлы қоржын, аяқ қап деген бұйымдарды да жасаған. Ертеде осы жүнге байланысты түрлі ырымдар мен салт дәстүрлерді қадір тұтқан. Халқымыз тарихтағы хандарын да ақ киізге  көтеріп тағына отырғызған. Сол кездің адамдарында жүн жерде жатпасын, ол сенің алдыңнан келер бақыттың бастамасы, сондықтан оны кәдеңе жарату керек деген ұғым қалыптасқан. Бұл өнер жылдар емес ғасырларды артқа салып әр түрлі бағытта дамый келе міне бізге де жетті. Мәселен қазірге кезде шеберлеріміз жүнді ертедегі киіз басу технологиясынан бөлек, басқа да түрлі тәсілдер мен дамыған техника түрлерін де пайдаланып әр түрлі бұйымдар жасауда. Ертеде киізден үйден бастап, үстіне киім, тірісіне сән – салтанат бағыштайтын аса қажетті тұтыну материалы болса, қазір де киіздің сол құны одан да жоғары дәрежеде бағалануда. Оған себеп, жүннің өзінің табиғи қасиеті адам ден-саулығына өте пайдалығында жатыр. Киіз біріншіден адам организимин ыстық, суықтан қорғағаны бір басқа, одан суықтаған адамдардың жазылуында. Себебі киіз іштегі суық желді сыртқа шығаратын қасиетке ие. Киіз  ол құдайдың адамға берген сыйы. Оның қасиеті де  ерекше.

Киіз басу
Киіз басу деген бірнеше этаптан тұратын , күш жұмсайтын, қып-қызыл еңбекті қажет ететін шаруа. Нәтижесінде адамдар өздеріне қажетті бұйымдарды шығарып алады.Әуелі киіз басуға кіріспес бұрын үлкен дайындық  жүргізіледі. Қойдың  күзем жүні таңдап және уақыты келгенде қойды суға тоғытып  алып, жүні тазарған соң қырқады. Жүнді пайдаланбас бұрын оны түту керек, тазалау керек, жағымсыз иістерден арылту керек.

Киіз басуға қажет:

Киіз басуға желсіз ашық түн таңдалады;

Малдың күзем жүні қажет;

Арнайы үлкен стол.

Сабынды су;Жасайтын киімнің үлгісін түсіруге арналған кленка.

Жүнді бояу

Аяқ киімді жасау алдында біз жүнді тазалап аламыз. Одан соң біз қалаған түстерге жүнді бояу қажет болады. Ол үшін жүнді бір қасықас тұзы қосылған тұзды суға салып ,су сіңгенше жуамыз. Қазанды отқа қойып оған 2 литрдей су құйып, оған бір асқасық тұз салып қайнатамыз. Су қайнаған кезде 2 ас қасық бояу салады. Болған жүн қанық болуы үшін қайнаған суға 1 асқасық сірке су құйамыз да суда жатқан жүнді салып 40 минуттай уақыт қайнатамыз. Ол кезде жүнге бояу әбден сіңеді. Біз енді  боялған жүнді жайлап  қыспай судан алып, күнге сорғытып кептіреміз. Жүн кепкеннен кейін оны біртегіс түтіп даярлау қажет.
Киізден жасалатын тұрмыстық бұйымдар
Басылған киізден туырлық, үзік, түндік, текемет, сырмақ жасауға болады.  Киізден жасалған бұйымдардың арасында өзінің қанық , ашық түсіті оюымен текеметтер бірден көз тартады.  Мұражайлар мен ауыл үйдегі  көздің жауын алатын текеметтерден қазақ халқының киіз бен текемет басудан мол іс-тәжірибе жинақтағанын байқауға болады. Киіз дайын болғаннан кейін, оның бетіне түрлі боялған жүндермен қошқар мүйіз оюлардың неше түрі өрнектеледі. Киіз басу тәсілі бір болғанымен текемет бетіне салу әр жерде әртүрлі болған. Текеметке ою қойғанда сары түс пен қоңырқай түстің үндестік табуына ерекше мән беріледі. Жиекке түскен иірлер ортадағы  негізгі ою-өрнекпен астасып, үйлесім табуы тиіс. Ою салынғаннан кейін киізді қайтадан шиге орап, киіз бен оның бетіне салынған ою-өрнектер бір-біріне қабысқанша, тағы да пісіріп алады.  Текемет дайын болғаннан кейін оны күн көзіне жайып, жақсылап кептіріп алады. Осынша текеметті  бір күн ішінде  басып  шығаруға болады. Текемет басу барысында ауыл әйелдерінің басы қосылып, әңгіме-дүкен құрады, сөз алмасып, қазан көтереді, көңіл шалқып, соңы той-думанға айналады. Көне заманнан келе жатқан әр ұлттың өз ғұрпына мән-мағына беріп, өмірдің әр күніне сән бере білген заңдылығы осы жерде айқын көрініс береді.

 

Жүннен аяқ  киімді жасау технологиясы

Аяқ киімді жасау бірнеше қадамнан тұрады. Бірінші біз өзіміз таңдаған өлшем үлгісін жасап алуымыз қажет. Ол үшін арнаулы кленкадан суретте көрсетілгендей етіп үлгі пішімін ойып аламыз.

Келесі кезекте үлгі үстіне біз даярлаған жүнді біртегіс етіп,бір бағыттқа қарай соза төсейміз. Кленка бір бағыты болған соң келесі  бетіне де сол тәртәппен төселеді, Енді төселген жүнді киіз болатындай басу үшін, шидің орнына жасанды матаны пайдаланамыз. Мата үстіне ыстық су орнына сабынды су себеміз де, шамалы уқалаймыз. Енді біз тура осы тәсілмен келесі екінші қатар жүн, одан кейін үшінші қатар жүнді төсейміз. Осыдан кейін біз алғашқыда жай уқалаймыз да, бірте–бірте қаттырақ  уқалаймыз. Киіздің бір қасиеті оны уқалаған сайын ол тұтасып тығыздала бастайды. Сондықтан аяқ киімнің әдемі болуы да, пішінін сақтауыда бірінші шебердің шеберлігінің орны басымдау.Сондықтан әр шебердің жасаған заты оның өнерінің деңгейін көрсетіп тұрады. Сонымен аяқ киім болды ау дегенде, біз оны қалыпқа салып кішкене ең соңғы пішімін шығарамыз. Аяқ киім қалыпта кебуге тиіс.

Аяқ киім жасалу технологиясы

Қолданылған әдебиеттер:

1.«Сырмақ өнері» Алматы кітап, 2007 жыл.

2.Энциклопедия  «Қазақтың ою өрнектері»  Алматы кітап 2005 жыл

3.«Өнердегі алтын көпір» -Екібастұз, 2011 жыл Зылхия Төлегенова.

4.«Қазақ халқының салт– дәстүрлері»  Алматы 2006 жыл

 

 

 Тұрарова Жұмакүл Сатыбалдиевна,
технология және бейнелеу өнер пән мұғалімі,
Шымкент қалалық білім бөлімі  Ы. Алтынсарин атындағы
№65 мектеп гимназия

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.