«Туған жерге туыңды тік!» — деп дана халқымыз айтып кеткен еді. Бұл – барша адамның кіндік қаны тамған жеріне деген сүйіспеншілігінің белгісі болып табылады. Әрбір азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білуі керек. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.
Мен бүгін «Туған жер» бағдарламасы бойынша киелі жерлер тобына кіретін Кейкі батыр кесенесі туралы ақпаратпен бөліссем деп едім.
Кейкі кесенесі
Тарихи жәдігер Қостанай облысы, Амангелді ауданының Тасты ауылында 2005 жылы салынған.
«Кейкі батыр (Нұрмағамабет Көкембаев) – Ұлт-азаттық қозғалысы тарихында белсене қатысып, аңызға айналған тұлғалардың бірі. Ол өз елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресті. Амангелді Иманов және қозғалыс жетекшісі Әбдіғаппар ханның досы, сенімді досы бола білді. 1923 жылы көктемде ол қызыл әскерліктердің қолынан қаза тапқан. Қанды қолжендеттер қазақ мергенінің басын кесіп алып, халықты қорқыту барысында Торғайдың орталық алаңына іліп қойды. Содан кейін оны заттай дәлел ретінде Орынборға жіберді. Кейін оны Санкт- Петербургқа алып кеткен. Ол осы уақытқа дейін ұлы Петр атындағы Кунсткамера Антрофология және этнография музейінде сақталған. Мемлекет басшысы және үкімет үйінің араласуымен 2016 жылы Кейкі батырдың бас сүйегі елге жеткізілді.
Қазіргі таңдағы батырдың жаңа кесенесі.
Өткенімізді тауып, тұлғалардың тағдыры жолынан тағылым алар тарихи оқиғаға алыс-жуықтан ат артып келген ел азаматтары аз болмады. Шараның ашылуында сөз алған Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов: « Міне, үкіметтің келісімімен батыр сүйегін салтанатты түрде жерлеу рәсімін ұйымдастырып отырмыз. Кейкі батырдың тарихтағы орны ерекше. Жаңа мемориялдық кешеннің құрылысы бойынша барлық жұмыстар белгіленген уақытта аяқталды. Мынадай сәулетті кесене бабаларымыз басып өткен ізден дерек беріп, жастарымыздың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға септігін тигізеді деп ойлаймыз»,- деп айтқан болатын.
Бигазина А.Т.
№122 орта мектебі мұғалімі