Білім беру саласы: шығармашылық
Бөлімі: жапсыру
Мақсаты: жазғы табиғат құбылыстары туралы түсініктерін жетілдіру; доғал сызық бойымен қиюды үйретуді жалғастыру; қайшыны дұрыс қолдана білу, желімді ұқыпты пайдалану дағдысын бекіту; саусақтардың моторикасын дамыту; логикалық ойын, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; табиғатты сүюуге, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Бейнелеу жетекшісі: Өнер орталығына қош келдіңіздер!
Жетекші: Балалардан «Кемпірқосақ» өлеңіне шаттық шеңберін құруды сұрайды.
Балалар: шаттық шеңберін құрып, өлеңге байланысты қимыл қозғалыстар жасайды.
- Иә, балалар, өлең жолдары жаңбырдан кейінгі пайда болатын кемпірқосақ туралы екен.Балалар «радуга – кемпірқосақ» сөзін қайталайды.
- Сурет салатын бір ұл бір қызды ортаға шығарып, оларға түрлі түсті маркермен кемпірқосақтың суретін салғызады. Өзге балалар қолдап отырады. Жақсы жұмыс жасағанына балалар қуанып қалады.
- Билингвальды компонент: кемпірқосақ – радуга.
- Тамаша, қандай керемет жұмыс жасадыңдар. Әңгімені балалар мұқият тыңдайды. — Иә, жаңбырдан соң пайда болады. — Неше түсті болады? Көп түсті болады. Кемпірқосақ жолақтарының доғал болып келетіндігін, қиюудың әдіс-тәсілдерін іс-жүзінде көрсетіп түсіндіреді. Сақтық, тазалық шараларын еске түсіреді.
- Балалар ауада доғал сызықтар сызады, педагогтың айтқанын мұқият тыңдайды.
- Түстері қандай? Сары, қызыл, жасыл, көк.
- — Қайда болады? Көк жиекте жане аспанда.
- — Балалар, кемпірқосақ қалай пайда болатынын білесіңдер ме?
- Педагог балалардың суреттерімен қоса үлестірмелі материал бойынша кемпірқосақ туралы жан-жақты әңгіме жүргізеді.
- Балалар, қиып жапсыру арқылы кемпірқосақты жасап көрейік.
- Педагог жұмыс барысында көмек қажет балаларға көңіл бөледі.
- Алдымен төрт жолағын бөлек-бөлек қиып алу.
Педагог: Балалар орнымыздан тұрып бойымызды бір сергітіп алайықшы.
Сергіту сәті: Қуырмаш.
Қуыр-қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға бидай шаш
Бас бармақ, балаң үйрек
Ортан түйрек, Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек.
Балалар: Өлеңге байланысты саусақтармен «Қуырмаш» жаттығуларын жасайды.
- Қалған үш жолақты бөлек бөлек қиып алу. Қалған үш жолақты қиып алып балалар өз дәптерлеріне желім арқылы мұқият жапсыруға жұмыстанады. — Кәне, әркім өз жұмыстарыңа қараңдар. Балалар жұмыстарына қарайды. Балалар: — Өте әдемі.
- — Әдемі ме?
- Жұмыс барысында педагог балаларға көңіл бөліп, үлгере алмай отырған балаларға көмек көрсетеді.
- Бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, — деп мадақтап мақтап, балаларға жұлдызшаларды таратады. Күтілетін нәтиже: Түсінеді: доғал сызықты жолақшалар қиюуды.
- Қолданады: түстерді үйлестіре отырып ретімен жапсыруды.
- Орындайды: жеті түсті қиып кемпірқосақты жапсырады.
- Балалар жұмыстарына жұлдызшаларын жапсырады.
Утелгенова Бибігүл
«Құлыншақ» балабақша бейнелеу жетекшісі
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,
Құрық ауылы