Home » Балабақша » Келбеті мен сәулеті мол балабақша өмірі

Келбеті мен сәулеті мол балабақша өмірі

Біздің №16 «Ертегі» балабақшамыздың ашылғанына 6 жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде балабақшамыз орасан зор жетістіктерге жетті. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік нұрын, адамгершілік қасиеттерді сіңдіруде аянбай еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздарымыз да баршылық. Соның ішінде ұлылық пен жылылықты қоса алып ұлы жол көрсетіп жүрген басшымыз Қарлығаш Армиқызын мақтана айта аламыз. Осындай басшымыздың үлгісін алып жүргендер, атап айтар болсақ: Б.Н. Ығылова — «Үздік әдіскер-2011», ІІ орын, Ниязбаева Алима — «Жыл тәрбиешісі-2012-2014», ІІІ орын, Кеңесбаева Сәуле — «Ең үздік мектепке дейінгі педагог — 2012», Мейрова Гүлназира — «Үздік десант — 2014», Айгаракова Айтолқын — Қалалық спорт сайысынан І орын, Тәрбиешілер арасында «Ертегі» вокалдық тобы:

  1. Кемаладин Айнұр Сакенқызы;
  2. Коккозова Гулзипа Елубайқызы;
  3. Әмитова Нұржайна Қуанышқызы;
  4. Айгаракова Айтолқын Аманбайқызы — «Ұлы жеңіске 70 жыл» — әскери патриоттық әндер байқауы, IV орын. Тәрбиеші Кемаладин Айнұр Сәкенқызы — «Тәрбиеші болу бақыт», ІІІ орын, республикалық байқау жүлдегері және т.б.

МАД тобы бүлдіршіндерінің қалалық «Өнерлі балақан — 2015» байқауына қатысуының өзі – үлкен жетістік. Қай топқа алсып қарасақ та кішкене балаларымыздың өнерлері көп және шыңдалып келеді. 2016 жылы маусым айында Республикалық «Аялаған Астана» тақырыбындағы «Астана – Отанымыздың жүрегі» атты байқауында тәрбиеленуші Оңдасын Нұрсәт І дәрежелі дипломмен марапатталды. 2016-2017 оқу жылында облыстық, қалалық ұйымдастырылған балалар арасында «Ханталапай» байқауында МАД тобының тәрбиешісі Кеңесбаева Сауле Сыдыққызы І орынға ие болды.

«Ертегі» балабақшасының күнделікті өмірі бүлдіршіндердің қызықты күндеріне толы. Себебі, тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас, тәрбиешілердің іс-қимылы, тәжірибесі көпке үлгі болып, жақсылыққа бастау алып отыр. Әсіресе Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты идеясы өмірге жаңа жолдама беріп тұрғандай. Ел ертеңі осындай кішкентайлардан бастау алары сөзсіз. Дәлірек айтқанда, біздің ұжымның да мақсаты – балабақшаның әрдайым биіктерден көрінуіне септігін тигізу, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру. Ұжым педагогтары әрбір бүлдіршінді жеке тұлға ретінде қабылдап, оларды ізгілікке баулиды. Осындай жетістіктердің көп болуы, әрине басшымыз Қарлығаш Армиқызының ерен еңбегінің арқасы. Өз ісінің шебері, баланы жанындай сүйетін басшының ұжым қызметкерлерін де жүрекпен жақсы көргендігінің нәтижесінде жетістіктерге жетіп отырмыз. Қалалық балабақшалар арасында өткізілген «Күлкі дәрумен» байқауында тәрбиешілеріміз Елубаева А., Ниязбаева А., Айгаракова А., Кемаладин А., Орунбасарова Н. ІІ орынмен марапатталды. 2017 жылы қазан айында қалалық педагогтар арасында ұйымдастырылған «Тоғызқұмалақ» сайысында Бітімбай Әсел Тыныштықбайқызы І орынды жеңіп алды. «Ертегі» балабақшасының сыртқы келбеті де баланы өзіне шақырып тұрғандай. Балабақшамыздың ауласында көптеген гүлдер, ағаштар отырғызылды. Атап айтар болсақ: қайың, терек, итмұрын, ақ гүлді бөртегүл, тұт ағашы, арша, өрік ағашы, алма ағашы, шие ағашы, үйеңкі, акация, ақ қайың, емен, алша ағашы отырғызылған. Қазан айында қалалық балабақшалар арасында ұйымдастырылған «Табиғатпен үндес балабақша» атты байқауында қызметкерлер ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ал ішкі келбетіне қарай үңілсек, әдемілігі, жылылығы, безендірілуі де көз тартады. Себебі, күнделікті балабақшамызда өткізіліп отырған ертеңгіліктер, әртүрлі мерекелік шаралар балабақшамыздың шырайын келтіріп тұрғандай. Күнделікті тәрбиешілеріміздің ойын-әдістері, жаттығулары үйлесіп тұрғандай.

Осы балабақша әдіскері ретінде өзімді бақытты санаймын. Себебі, балабақша өмірі мен ұжымның бірлігі көз қуантады. Сонымен қатар, әрбір бұрышта немесе топта тұрған жануарлар мен жәндіктер де бізге дән риза болып тұрғандай. Топ бұрышындағы қолөнер бұйымдары табиғатпен үндесе келе көркіне көрік қосады.

Ыгылова Бактигуль Нургалиевна

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

№16 «Ертегі» балабақшасының әдіскері

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.