Көк айдыны жерімнің Каспий теңіз,
Жағасында жарқын өмір сүрген елміз.
Ауасы таза, дауысы әсем деңіз,
Каспийімді көруге бір рет келіңіз.
Иісі шіркін ерекше жасыл балдырдың,
Кетпейді жылына шағала мен аққуым.
Көгілдір түс, шексіз оның жиегін
Таусылмайтын алау отқа теңеймін.
Көз салсаң егер теңіз тереңіне,
Ішінде өмір сүрет тыныш бейне.
Неше түрлі шөбін балықтарым,
Қарауға тоймайды мөлдір көзде.
Естіледі тасқа соққан толқыны,
Болады жанымда ерекше сезім толқуы.
Тылсымы терең, тұңғиығына тамсанып,
Жүрегіне жалындаған жыр тұнды.
Жүрейік демалып жағаңда,
Жырыма арқау болдың маған да.
Көгілдір теңіз Қарт Каспийім,
Көрісейік өзіңмен тек аманда.
Жан Анам, Асқар тау Әкешім
Аяулысың біз үшін асыл анам, жан анам,
Аман жүріп, кетпеші бір кез қасымнан.
Мәпелеген балаңның қуанышын көруді,
Жазса екен маңдайыңа бір Аллам.
Бақыттымын мен, анам менің қасымда,
Ақ сүтін ақтау үшін жүрмін расында.
Дендерің сау, қуанышта өмір сүріп,
Жүз жасап, ақ түспесін шаштарыңа.
Қуанышым, байлығымсың, Жан анам,
Алты балаң арасында жүрші аман.
Алладан сұрайтыным бір тілек ,
Ол – сенің амандығың, асыл анам.
Отбасы үшін бар нарсені тындыратын,
Біз үшін әкешім биік сұңғыласың.
Мен сенің мөлдір тамшыларың,
Сен үшін сабымды қамшылармын.
Жұмысың табысты, жүрші дін аман,
Қуанышта болыңдаршы ата-анам.
Тілек жазып, сіздерге арнаған,
Ұл-қыздарың мен немерең Әсетжан.
Қазақ тілім менің
Жалындаған ұшқыр тілім менің,
Мақтан етіп өзіңді тұғырлы елім.
Сезесің бе, сенің арқаң бүгінде,
Қазағымнан ˝қазақ боп˝ тірілгенім?!
Жасымнан ˝Қазақ тілді˝ тілім дедім,
Жалында, еш уақытта түңілмегің,
Өсіп келем, сезініп ˝қазақ тілім˝
Баурайында қанатты сенімді елдің.
Ораза, сені сағынамын
Рамазан айы, оразам,
Өзіңді қатты сағынам.
Келсеңде он күн ертерек,
Асығады бұл балаң.
Шүкір еткізіп бір Аллам,
Жүректі тазаласын күнәдан.
Нығметтің қадірін түсінесің,
Ораза түгел болса ұстаған.
Сәресін күтіп таң алдан,
Жүректер де тазарған.
Ауыз ашарда қуанып,
Қабыл болып бір арман.
Мейірім көрініп жанардан,
Бастау алып тәубадан.
Нұрын құйып жүрекке,
Жар болсын жалғыз Жаратқан.
Қабыл болсын ұстаған жан
Ниет еткен әрбір оразаң,
Жүректерге орнығып иманым,
Мен сені сағынамын, РАМАЗАН.